Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»



бет4/23
Дата21.01.2023
өлшемі72,32 Kb.
#62226
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
инфекциялық бақылау лекция

үлгілік ереже



  1. Инфекциялық бақылау комиссиясының қызметі медициналық ұйымның басшысы әзірлеген және бекіткен Бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Медициналық ұйым басшысының бұйрығымен аурухананың барлық бөлімшелерінде инфекциялық бақылауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар бекітіледі.

  3. Комиссия медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмысқа тартылған мамандардың өзара іс-қимылын үйлестіреді.

4. Инфекциялық бақылау жөніндегі іс-шаралар сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық талдау нәтижелері негізінде әзірленеді және ағымдық жағдайға сәйкес тұрақты түзетіледі.
5. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ айына 1 реттен сиретпей жұмыс қорытындысын тыңдау арқылы өткізіледі.
6. Комиссия шешімдерін медициналық ұйымдардың барлық қызметкерлері орындауға міндетті.
7. Медициналық манипуляциялардың эпидемиологиялық маңыздылығын, оқшаулау-шектеу іс-шараларының тиімділігін, стерильдеу және дезинфекциялау әдістерін бағалау тұрақты жүргізіледі.
8. Комиссия төрағасы (бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары немесе хирург) мынадай міндеттерді орындайды:
1) инфекциялық бақылаудың басым міндеттерін айқындайды;
2) комиссия қызметіне басшылық ету мен үйлестіруді жүзеге асырады;
3) комиссия отырыстарын уақтылы өткізуді қамтамасыз етеді;
4) инфекциялық бақылау жоспарына сәйкес инфекциялық бақылаудың жекелеген іс-шараларын өткізуге жауапты адамдарды анықтайды;
5) басшылықтың араласуын талап ететін проблемалы мәселелер туралы, отырыстарда қабылданған жоспар мен шешімдердің орындалуы туралы конференцияда баяндайды;
6) ғылыми - практикалық конференция өткізуді ұйымдастырады;
7) инфекциялық бақылау бойынша алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені енгізеді;
8) медициналық ұйымда жаза қолданылмайтын жағдайды қолдайтын қауіпсіздік мәдениеті бағдарламасын енгізеді, іске асырады және бақылайды;
9) комиссияның қызметіне және қабылданған шаралардың тиімділігіне талдау жасайды.
9. Комиссия төрағасының орынбасары (госпитальдық эпидемиолог) мыналарды:
1) отырысқа материалдарды дайындауды, жоспарлауды;
2) инфекциялық бақылау бойынша медицина кадрларын даярлауды;
3) МККБИ алдын алу бойынша нысаналы бағдарламаларды, СОП, индикаторларды, іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді жүргізеді;

  1. зертханалық зерттеу нәтижелерін, температураны өлшеу парақтарының деректерін, стационарлық науқастардың медициналық карталарындағы антибактериялық терапияны тағайындауды (өзгерту, күшейту) талдайды;

  2. нозокомиальды инфекция қаупі жоғары денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшелеріндегі клиникалық тексерулерге қатысады.

  3. инфекциялық бақылау мәселелері бойынша тиісті бейіндегі медициналық кадрларды оқыту және даярлау бағдарламаларын әзірлейді;

10. Комиссия хатшысы (инфекциялық бақылау мейіргері) мыналарды:

  1. іс қағаздарын жүргізуді;

  2. деректер базасын жасауды және толықтыруды;

  3. материалды дайындауға қатысуды;

4) санитариялық-гигиеналық және дезинфекциялық-стерилизациялық режимдердің сақталуын, медициналық персоналдың асептика және антисептика ережелерін сақтауын тексеруді (аға мейірбикемен бірге) қамтамасыз етеді.
11. Клиникалық мамандар (хирург, педиатр, акушер-гинеколог және басқа клиницистер) мыналарды:
1) медициналық көмек сапасын бағалауды;
2) бөлімшеде инфекциялық бақылауды ұйымдастыру принциптерін әзірлеуді жүргізеді: бөлімшеде есепке алуға және тіркеуге жататын жұқпалы аурулардың тізбесін айқындайды, эпидемиологиялық қадағалау бағдарламасына сәйкес ақпаратты жинауды ұйымдастырады, барабар эпидемияға қарсы режимді, сырқаттанушылықты талдауды қамтамасыз етеді.
12. Экономист МККБИ кезіндегі экономикалық зиянды есептейді және инфекциялық бақылау бағдарламаларының экономикалық тиімділігін талдайды.
13. Микробиолог мыналарды:
1) жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы мүдделі адамдарға уақтылы ақпарат беруді;
2) науқастан және сыртқы орта объектілерінен сынама алу СОП әзірлеуді, зерттеулер көлемін айқындауды;
3) микробактериологиялық зерттеу үшін сынама алу, сақтау және жеткізу, микробиологиялық зерттеулердің алынған нәтижелерін дұрыс түсіндіру бойынша мамандарды оқытуды;
4) микробиологиялық зертханаларды материалдық-техникалық жабдықтаудың перспективалық дамуын жоспарлауды, микробиологиялық зерттеулердің көлемі жөнінде ұсынымдар әзірлеуді;
5) базалар деректерін қамтамасыз етуді: деректерді және бөлінген өсінділерді сақтауды, микробактериологиялық зерттеулердің сапасын бақылауды жүргізеді.
14. Бас дәрігердің мейірбикелік іс жөніндегі орынбасары:

  1. дайындалған және бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес орта буынды медициналық персоналға медициналық манипуляциялар жүргізу ережелерін үйретеді, жұмысқа қабылдаған кезде, содан кейін 6 айда бір жұмыс орнында білімді тексереді немесе тестілеуді жүргізеді;

  2. госпитальдық эпидемиологтың басшылығымен МККБИ бойынша эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

  3. медициналық процедуралардың орындалу мониторингін жүргізеді және қол гигиенасының сақталуын тексереді;

  4. шығыс материалдарының қажеттілігін бағалайды;

  5. санитариялық-гигиеналық және дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің сақталуын тексереді, медициналық персоналдың асептика және антисептика ережелерін сақтауды ұйымдастырады.

15. Дәріхана меңгерушісі:

  1. микробқа қарсы препараттарға қажеттілікті бағалайды және оларды жояды;

  2. дәрілік заттардың сапасын және стерильділігін бақылайды;

  3. бөлімшелерде стерильді дәрілік түрлердің қажеттілігін бағалайды және олармен үздіксіз қамтамасыз етеді.

16. Клиникалық фармаколог:
1. дәрілік препараттарды (соның ішінде антибиотиктерді) тағайындау тактикасын әзірлеуді және бақылауды жүзеге асырады;

______________________________


2-қосымша


Медициналық ұйымдарда МККБИ анықтау критерийлері





    1. МККБИ оқиғаларын анықтау пациенттің жағдайын тікелей бақылаудың нәтижесі болып табылады. Ол стационардағы науқастың медициналық картасын зерттеу, зертханалық және басқа диагностикалық зерттеулердің нәтижелері, МККБИ диагностикалық критерийлер жиынтығы және науқасқа медициналық көмек көрсету негізінде анықталады.

  1. Зертханалық мәліметтер клиникалық, биохимиялық және микробиологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ рентген, ультрадыбыстық, компьютерлік томография, ядролық магниттік резонанс, радиоизотопты сканерлеу, эндоскопия, биопсия және пункциялық биопсияны қосқанда диагностикалық зерттеулердің басқа да қосымша әдістерін қамтиды.

  2. МККБИ диагнозын анықтаған кезде науқастың денсаулық сақтау ұйымына инкубациялық және инфекциялық кезеңдерде келуін болдырмау қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет