Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»



бет3/23
Дата21.01.2023
өлшемі72,32 Kb.
#62226
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
инфекциялық бақылау лекция

ұйымдастыру және жүргізу

3. Инфекциялық бақылау қызметін үйлестіруді медициналық ұйымның бірінші басшысы қамтамасыз етеді.


4. Инфекциялық бақылау жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін әрбір медициналық ұйымда, меншік нысанына қарамастан, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қолданыстағы Медициналық ұйымдарды инфекциялық бақылау комиссиясы туралы үлгілік ережеге сай инфекциялық бақылау комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
5. Комиссияның құрамына төраға - медициналық ұйымның басшысы немесе оның орынбасары, осы медициналық ұйымның қызметкерлерінен тұрақты мүшелері: (госпитальдық эпидемиолог, дәрігер-хирург, дәрігер-инфекционист, дәрігер-терапевт, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, дәрігер-бактериолог, дәріхана меңгерушісі, бас мейіргер, инфекциялық бақылау мейіргері) кіреді. Медициналық ұйымның бейініне байланысты басшының шешімі бойынша басқа бейіндегі мамандар: дәрігер-паталогоанатом (АІИ-дан өлім-жітім жағдайы тіркелген жағдайда), инженерлік бейіндегі маман (ғимараттарды, құрылыстарды, медициналық аппаратураны пайдалану мәселелерін талқылау кезінде), экономист (АІИ жағдайларынан болған экономикалық залалды есептеу үшін), басқа да мамандар тартылады.
6. Әрбір медициналық ұйымда бейінді, емдеу-профилактикалық үдерістің спецификалық ерекшеліктерін, қаржылық және материалдық ресурстарды есепке ала отырып, инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша Жұмыс бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірленеді.
7. Бағдарлама мыналарды қамтиды:
1) МККБИ-ды толық және уақтылы есепке алуды және тіркеуді ұйымдастыру;
2) МККБИ сырқаттанушылығын егжей-тегжейлі талдау, олардың пайда болу себептерін айқындау, қауіп факторларын анықтау, АІИ өршуін тексеру және жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау;
3) индикаторлармен қол гигиенасын сақтауды жақсарту стратегиясы;
4) МККБИ эпидемиологиялық диагностикасы;
5) жедел эпидемиологиялық талдау, госпитальдық штаммдардың қалыптасуын қадағалау, эпидемиологиялық ахуалды болжау негізінде емдеу және диагностикалық емшараларды эпидемиологиялық қауіпсіз орындаудың операциялық емшара стандарттарын (ОЕС), санитариялық-эпидемияға қарсы режимді әзірлеу (операциялық және босану блогын өңдеу, қорытынды дезинфекция, күрделі жинау жүргізу, эндоскопиялық жабдықты, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өңдеу);
6) микробиологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүзеге асыру;
7) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
8) антибиотикке төзімділік бағдарламасын және антибиотпен емдеу тактикасын әзірлеу;
9) медициналық және медициналық емес персоналды инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқыту;
10) ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу кезінде эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;
11) кәсіптік сырқаттанушылық жағдайларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
8. МККБИ жағдайы эпидемиологиялық диагностика деректерінің, науқас адамда болатын (эндогенді факторлар) және медициналық араласу жүргізумен байланысты (экзогенді факторлар) қауіп факторларының негізінде, осы Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес МККБИ анықтау критерийлері ескеріле отырып комиссиямен анықталады.
9. Медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шыққаннан кейін инкубациялық кезең ішінде анықталған инфекциялық аурулар осы медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінде (комиссия шешімімен) есепке алынуға жатады.
10. Медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінде мыналар есепке алынуға жатады:
1) жаңа туған нәрестелердің тері инфекциялары – шыққаннан кейін жеті тәулік ішінде, генерализацияланған нысандары – шыққаннан кейін отыз тәулік ішінде;
2) акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық асқынулар – шыққаннан кейін отыз тәулік ішінде.
3) хирургиялық араласудың инфекциялық асқынулары – операция өткізілгеннен кейін бір жыл ішінде.
11. Денсаулық сақтау ұйымы МККБИ тіркеген кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1 - бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша шұғыл хабарлама беріледі.
12. МККБИ жағдайын тіркеу туралы мәліметтерді беру кезінде медициналық ұйымға келіп түскен күні, МККБИ белгілері пайда болған күні, тоқтату, бұрын алған медициналық манипуляциялар (бөлімше, емдеу-диагностикалық емшара түрлері) көрсетіледі. АІИ анықталған әрбір жағдайы инфекциялық ауруларды есепке алу журналына белгіленген нысанда енгізіледі.
14. МККБИ жағдайы анықталған кезде эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі, оның барысында инфекцияның көзін, оның берілу факторлары мен жолдарын анықтау, МККБИ жаңа жағдайларының тіркелуінің алдын алу бойынша шара қолданылады.
15. Бір инкубациялық кезеңде бір медициналық ұйымда тіркелген МККБИ 3 жағдайға дейін тіркелген кезде (өлім-жітім жағдайларын қоспағанда) эпидемиологиялық тексеруді медициналық ұйымның госпитальдық эпидемиологы жүргізеді. Бір инкубациялық кезеңде бір медициналық ұйымда тіркелген МККБИ өлім-жітім жағдайы, сондай-ақ МККБИ 3 және одан да көп жағдайы тіркелген кезде эпидемиологиялық тексеруді аумақтық бөлімшенің мамандары жүргізеді.
16. Меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымда госпитальдық эпидемиолог болмаған кезде эпидемиологиялық тексеруді аумақтық бөлімшелердің мамандары жүргізеді.
17. Меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдар аумақтық бөлімшелерге тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде әрбір МККБИ жағдайының кезеңдік есептері мен тексеру хаттамасын ұсынады. (№4 қосымша-МКБЖ мониторингі нысаны)
18. МККБИ микробиологиялық мониторингі медициналық ұйымының өзінің зертханасы базасында немесе патогендіктің III-IV тобындағы микроорганизмдермен жұмысқа рұқсаты бар зертханамен шарт негінде жүргізіледі.
19. Медициналық ұйым мынадай микробиологиялық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді:
1) пациенттер мен персоналдан МККБИ қоздырғыштарының бөлінуі және сәйкестендіру;
2) микроорганизмдердің бөлінген штаммдарының осы медициналық ұйымдарда қолданылатын антибиотиктерге, антисептиктерге, дезинфекциялау құралдарына сезімталдығын анықтау, қажет болғанда кейіннен оларды ауыстыру;
3) клиникалық көрсеткіштер бойынша емдеуге жатқызуға жаңадан түскен науқастарды тексеру (биоматериал, бөлінген микроорганизм штаммдарының антибиотиктерге сезімталдығын айқындай отырып, жағынды алу). (5-қосымша микробиологиялық зерттеулер)
20. Медициналық ұйымдарды жоспарлы өзін-өзі бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеу тізбесі мен көлемі нақты эпидемиологиялық жағдайға сәйкес айқындалады.
21. МККБИ тіркелген кезде инфекция көзін анықтау мақсатында байланыста болған адамдарда: медициналық ұйымның персоналында, адамдарды қарайтын пациенттерде инфекциялық аурулар қоздырғыштарының болуына зертханалық тексеру жүргізіледі.
22. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылығы анықталған медицина персоналы диагнозын анықтау және емделу үшін инфекционистке тексерілуге жіберіледі. Тасымалдаушылар тексерілу және емделу кезеңінде санация кезінде жұмыстан шеттетіледі немесе эпидемиологиялық қауіп төндірмейтін жұмысқа ауыстырылады.
23. Медициналық ұйым қызметкерлерінің қолын сүрту кезеңдері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
24. Терінің және сілемейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуымен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізіледі. Бір рет қолданылатын қолғаптың бір жұбын бір пациентпен/донормен/реципиентпен байланыста болған кезде немесе оларды өңдегеннен кейін қайта пайдалануға жол берілмейді.
25. Бір рет қолданылатын стерильді қолғаптар кез келген хирургиялық емшараларда, босандыруда, инвазивті рентгенологиялық емшараларда, қан тамырларының қосылуында және онымен манипуляциялау кезінде (орталық сызық), пациенттерде ашық тыныс алу контуры бар өкпені жасанды желдетуде трахеобронхиалды діңді санациялау кезінде, қанмен, шырышты қабықтармен және зақымдалған терімен жанасқан кезде, патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің болуы мүмкін кезде, қынапты тексеру кезінде, толық парентеральды қоректендіруге арналған препараттарды және химиялық-терапевтік құралдарды дайындау кезінде пайдаланылады.
26. Қалған медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде пациенттің зақымдалмаған терісімен жанасқанда бір рет қолданылатын стерильденбеген қолғаптарды пайдаланады. Бір рет қолданылатын стерильденбеген қолғаптар күре тамырға жіберу үшін жүйелерді ағытқан кезде, күре тамырға салу құрылғыларын қою немесе алып тастау кезінде, толық парентеральды қоректендіруге арналған препараттарды және химиялық-терапевтік құралдарды дайындау кезінде пайдаланылады.
27. Бір рет қолданылатын қолғаптар биологиялық сұйықтықтармен ластанған кезде, сондай-ақ олардың бүтіндігі бұзылған кезде ары қарай пайдалануға жол берілмейді. Бір рет қолданылатын қолғаптарды ұзақ уақыт қолдану қажет болған кезде, жаңа қолғапты киер алдында қолды антисептикпен сүртіп, оларды әр 2 сағат сайын ауыстырып отыру қажет.
28. Гирудотерапия қызметін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында сүліктер бір рет пайдаланылады, қайта пайдалануға жол берілмейді. Қолданғаннан кейін сүліктерді "Б" сыныбының медициналық қалдықтарымен жұмыс істеудің қабылданған схемасына сәйкес кәдеге жаратады.
29. Медициналық қалдықтарды жинауды, зарарсыздандыруды, уақытша сақтауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыру мен жүргізу «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 және «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрықтарымен бекітілген Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

1-қосымша


Медициналық ұйымдарды инфекциялық бақылау комиссиясы туралы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет