Қан ағысы жолдарының алғашқы инфекцияларына зертханалық расталған инфекциялар немесе медициналық көмекке байланысты клиникалық сепсис жатады.
Науқаста қан ағысы жолдарыының инфекциясын зертханалық растау критерийлері:
қан себінділерінде белгілі патогендік микроорганизмдердің табылуы. осы микроорганизмнің басқа локализациядағы инфекциясымен байланысының болмауы;
келесі белгілердің біреуінің: қызбаның (38 ° C-тан жоғары), қалтыраудың немесе артериялық гипотензияның, олигурияның (20 мл / сағаттан аз) және келесі белгілердің бірінің болуы:
әр түрлі уақытта алынған екі қан анализінде тері бетінде байқалатындардың арасындағы микроорганизмдердің табылуы және бұл микроорганизмнің басқа локализациядағы инфекциямен байланысының болмауы;
пациенттен тамырішілік құрылғымен алынған қан себінділерінде терінің беткі қабатында тіршілік ететін микроорганизмдердің табылуы және дәрігердің микробқа қарсы тиісті терапияны тағайындауы болып табылады.
Ауруханаішілік пневмония
Ауруханаішілік пневмонияның критерийлеріне медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияның клиникалық, рентгенологиялық және зертханалық белгілерінің әртүрлі комбинациялары жатады. Қақырық себінділерінің нәтижелері қоздырғышты және микроорганизмдердің антибиотик сезгіштігін анықтау үшін қолданылады.
Ауруханаішілік пневмонияны анықтау критерийлері науқаста келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
кеуде қуысын физикальды тексеру кезінде қырылдың немесе перкуссия кезінде ақырын дыбыстың және мыналардың бірінің болуы:
қайта басталған іріңді қақырық немесе қақырық сипатының өзгеруі;
қан себіндісінен микроорганизмді бөлу;
Транстрахальды аспирация арқылы, бронх шайындыларынан немесе биопсия арқылы алынған материалдан микроорганизмді бөлу;
Кеудені рентгенологиялық тексеру кезінде жаңа қайта басталған немесе прогрессиялаушы инфильтрацияның, индурацияның, өкпеқап тұтасуының немесе өкпеқапта сұйықтықтың жиналуының және келесілердің бірінің байқалуы:
қайта пайда болған іріңді қақырық немесе бөлінетін қақырық сипатының өзгеруі;
қан себіндісінен патогенді микроорганизмді бөлу;
транстрахальды аспирация арқылы, бронх шайындыларынан немесе биопсия арқылы алынған материалдан үлгідерден патогенді микроорганизмді бөлу;
бронх сөлінен вирусты бөлу немесе вирусты антигенді табу;
Ig M классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) немесе қос сарысу үлгілерінде Ig G классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) қоздырғышқа төрт еселік артуы;
пневмонияның болуын растайтын гистопатологиялық деректер;
12 айға дейінгі науқаста келесі белгілердің: апноэның, тахипноэның, брадикардияның, ысқырықты сырылдар, жөтел екеуінің байқалуы және келесі кез-келген белгілердің болуы:
бронх сөлінің жиі бөлінуі;
іріңді қақырықтың пайда болуы немесе бөлінетін қақырық сипатының өзгеруі;
қан себіндісінен патогенді микроорганизмді бөлу;
транстрахальды аспирация арқылы, бронх шайындыларынан немесе биопсия арқылы алынған материалдан үлгідерден патогенді микроорганизмді бөлу;
бронх сөлінен вирусты бөлу немесе вирусты антигенді табу;
Ig M классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) немесе қос сарысу үлгілерінде Ig G классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы;
пневмонияның болуын растайтын гистопатологиялық деректер;
12 айға дейінгі науқаста кеудені рентгенологиялық тексеру кезінде жаңа қайта басталған немесе прогрессиялаушы инфильтрацияның, нығызданудың, өкпеқап тұтасуының немесе өкпеқапта сұйықтықтың жиналуының және келесілердің бірінің байқалуы байқалуы:
бронх сөлінің жиі бөлінуі;
іріңді қақырықтың пайда болуы немесе бөлінетін қақырық сипатының өзгеруі;
қан себіндісінен патогенді микроорганизмді бөлу;
транстрахальды аспирация арқылы, бронх шайындыларынан немесе биопсия арқылы алынған материалдан үлгідерден микроорганизмді бөлу;
бронх сөлінен вирусты бөлу немесе вирусты антигенді табу;
Ig M классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) немесе қос сарысу үлгілерінде Ig G классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы;
пневмонияның болуын растайтын гистопатологиялық деректер.