Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру деңгейлерін атаңыз



бет42/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
Жобалау аа-аа 69. А. Файоль сын ан бас ару рлымыны жетістігі

72.Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру деңгейлерін атаңыз
Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, өйткені, жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің өзін дамытумен қатар, қоғамдық - саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға болады. Педагогика тарихында орын алған сан алуан жобалар білім берудің мазмұнын ғана емес, оның институционалдық, технологиялық, ресурстық жақтарын, сондай-ақ, педагогтарды дамытуды да қамтығаны белгілі. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық деңгейлерін төмендегідей көрсетуге болады:
Стратегиялық деңгей, бұл мемлекет деңгейіндегі білім беру жүйесінің өзгерістерін қамтиды, оның нәтижелерінің тиімділігін тарихи уақыт өлшемімен ғана бағалауға болады.
Институционалдық деңгей, белгілі бір білім беру ұйымдары, басқару құрылымдары немесе белгілі бір білім беру жүйесіндегі салалық өзгерістерді қарастырады. Оның тиімділігі институционалдық деңгейде көзделген мақсаттың орындалуынан көрінеді.
Технологиялық деңгей, оның нысандары болып білім беру үдерісіне ықпал ететін әдістер мен тәсілдер алынады. Олардың тиімділігі белгілі бір нақты іс-әрекеттер жүзеге асырылысымен - ақ көрінуі мүмкін.
9. Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы
Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар кӛзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың ӛздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жӛн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды.

Осы идея кейін кӛптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым – қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны ӛз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы «бала үлкендердің айтуымен емес, ӛзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, ӛзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды.


Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап ӛткен. Оның айтуынша, адамның ақыл-ойы әрекет барысында дамиды, ӛйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы кӛрнекілік пен тәжірибенің рӛлін негізгі талаптар ретінде қарастырған.


Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің


дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны белгілі.


Оқытудағы жобалау әдістерімен қатар, жобалаудың ӛзі педагогтар үшін жаңа міндеттер пайда болуына негіз болды. Мысалы, мектеп ӛмірінің демократиялануына байланысты жобалау оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен ӛнімді әрекеті түріне айналды, ӛзара тең дәрежедегі жаңа қарым– қатынастар құруға мүмкіндіктер туғызды. С. И. Гессеннің айтуынша, педагогикалық ортада қоғамдық ӛмірдің сан алуан түрлеріндегі ӛзара әрекеттердің ӛркендеуіне, Килпатрик бойынша айтқанда, жобаға қатысушылардың белсенділіктері ағаш бұтақтарындай таралып ӛсуіне қатты ықпал етті. Сӛйтіп, жобалау әрекетін алдыңғы қатарлы педагогтар жобалау үрдісіне тартылған әлеуметтік-білімдік кеңістіктегі демократиялық қарым–қатынас құралы ретінде пайдалана бастады.


Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы ӛмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түрде дамытыла бастады. Үнемі ӛзгеріп отыратын ӛмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де ӛзгеруіне ықпал ете бастады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет