Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Педагогикалық әрекеттері құрылымына жобалау компонентінің ендірілуі



бет43/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
49.Педагогикалық әрекеттері құрылымына жобалау компонентінің ендірілуі
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады. 
Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушінің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың өтіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.
2. Іс-әрекет объектісі – адамдардың қалыптасуының объективтік негізін – қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды. 
Адам жанасқан нәрселердің бәрі-адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әрқайсысы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі.
Сондықтан адамға педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді.
76 Педагогикалық жобалаудың нәтижелері деп нені айта аламыз?Мақсат қою барысында ескеретін маңызды мәселе – жобалық өзгерістердің мақсаты ретіндегі жобаны жүзеге асырудағы нәтижелер де, сонымен қатар, сол нәтижелер арқылы қол жеткізілетін стратегиялық мақсаттар да берілуі тиіс. Оны төмендегідей мысалдармен түсіндіре кетейік, бірінші мысал білім алушыларға қатысты: егер, педагогикалық жүйелерді ақпараттандыруды жобалауды алсақ, оның мақсаты білім алушылар үшін жеткілікті мөлшерде компьютерлердің қойылуын және сабақта оларды кеңінен пайдалануға жағдайлар тудырылуын көздейді, бұл жобаны жүзеге асыру нәтижелері болып табылады. Бұл нәтижелер өз кезегінде белгілі бір стратегиялық мақсатқа бағытталады, яғни, оқытуды ақпараттандыру нәтижесінде білім берудің сапасын көтеру, білім алушылардың жаңа құзыреттіліктерін қалыптастыру, т.б. қамтамасыз етіледі. Келесі мысал: егер, жобалау педагогикалық ұйымдарды басқарушылардың құзыреттілігін дамыту мақсатында жүзеге асыратын болсақ, оның нәтижесі – басқарушылардың белгілі бір құзыреттілік сапаларын қалыптастыру болады да, осы нәтижелер өз кезегінде стратегиялық мақсатқа–педагогикалық жүйелерді заман талаптарына сай дамытуға бағытталады. Сөйтіп, педагогикалық жобалаудың негізгі нәтижелері жобалар және бағдарламалар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет