56.Педагогикалық жобалауға тән ұстанымдарды атаңыз .
Жүйелік пен тұтастық ұстанымы. Педагогикалық үдерістің жүйелік табиғатын басшылыққа алу оны тиімді ұйымдастырудың алғышарттарын құрауға негіз болады.
Синергетикалық ұстаным. Бұл тұрғыдан алғанда, адамдар, әлеуметтік ұйымдар ашық және ӛзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынас арқылы ӛзін-ӛзі дамытуға ӛзіндік мүмкіндігі бар жүйе.
Мақсаттық-бағдарлылық ұстаным жобалаудың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі ӛзгерістер жалпы жүйе мақсатына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар, мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттер негізінде жобалау талдау қызметін де қамтиды.
Технологиялық ұстаным жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың технологиялық реті құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын ала анықталуын қамтамасыз 115 етеді. Технология талаптарына сай, қатысушылардың қызметтерін бӛлісу және оларды үйлестіріп отыру, ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип жобалауға қатысушы адамдардың мақсаты мен жүйенің даму мақсатын сәйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді.
Құзыреттілік ұстанымы жобалауға қатысушылардың мақсатты орындауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Бұл құзыреттіліктер адамдарға ӛз тәжірибесінен байыптай, зерттей отырып, мәселелерді талдау, бағалау, арқылы нәтижелі қызмет жасауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс ұстанымы. Жобалауды ұйымдастыруда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді. Педагогикалық үдерісте нәтиженің орындалу барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі.
Нәтижелілік ұстанымы жобалау нәтижесінде орындалуы тиіс күтілетін нәтижелердің алдын ала нақты сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді әдіс - тәсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, нәтижелердің мақсатқа сәйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады