Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Педагогикалық жобалауды ұйымдастыруға қойылатын талаптары



бет44/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Байланысты:
Жобалау аа-аа 69. А. Файоль сын ан бас ару рлымыны жетістігі

20. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарыПедагогикалық жобалауды ұйымдастырудың өзіндік талаптары бар, олар: 1. Жүйелік көзқарастарға сәйкес, жүйенің белгілі бір бөлігін немесе оның бір компонентін жобалау көзделмейді, олар біртұтас құрылым ретінде алына отырып, барлық кіші жүйелердің өзара әрекеттесуін басқару жобаланады. Бұл жүйенің жалпы мақсаты мен оған сәйкес барлық құрылымдардың тұтастығы негізінде күтілетін нәтижені нақтылау, оның мазмұнын, құралдарын, әдіс - тәсілдерін қамтитын мақсаттық-бағдарлы жобалау қызметі түрінде болады. 2. Педагогикалық жүйелерді басқарудағы инвариант ретінде қызметтік құрылымы сақталып, олар басқарудың дәстүрлі қызметтерін атқару арқылы жүйенің тұрақтылығын, қызметтік тәртіптердің орындалуын жүзеге асырады. Оның қосымша міндеттері жобалау қызметін: талдауды, ұйымдастыруды, жағдайлар туғызуды, тапсырманың орындалу мерзімі мен деңгейін белгілеуді, қадағалауды қамтамасыз ету. 3. Мақсаттық-бағдарлы жобалау қызметі жүйедегі адам ресурстарын өзінің ықпал ететін объекті, немесе нәтижеге қол жеткізуге қажет құрал ретінде қарастырмайды, оны дамыту нәтижесінде жалпы жүйенің дамуын қамтамасыз ете алатын жобалау субъектісі ретінде алады. Жобалау қызметін жүзеге асыру барлық деңгейлердегі жүйелерді басқарушылардың педагогтардың жаңа құзіреттіліктерін қажет етеді. Соған орай, жобалау қызметімен қатар, міндетті түрде жүйені басқарушылардың, педагогтардың құзыреттілігін дамыту сол ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыру арқылы жүргізілуі тиіс. 4. Жобалауға қатысушы педагогтарды ынталандыру, олардың жаңашылдықтары мен шығармашылығын қолдау, табысты болуға, өз бетімен шешім қабылдауына қолдау көрсету, кәсіби өсуіне, жоғары стандарттар деңгейінде жұмыс жасау жобалау қызметінің басты құндылықтары. Жобалау қызметі жаңа идеялар мен ұсыныстар тудыратын және ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын жүйенің ішіндегі белсенді топтар құруды қажет етеді және олар уақытша жұмыс топтары ретінде болады. 5. Жобалауға қатысушылардың–басқарушылардың, педагогтардың, білім алушылардың өзіндік білім алу мақсатын қоя алатын, өзінің мүмкіндіктерін дамытатын құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызылады. 6. Педагогикалық жүйені басқарудағы жобалау қызметі қатаң құрылымданбаған матрицалық немесе желілік – матрицалық болуын қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет