24 сұрақ : Педагогикадағы инновациялық жобалау әрекеттеріЖобалау әдісі-инновациялық педагогикалық технология.Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырылған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс- әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы. Жоба технологиясының ерекшелігі - баланың алдағы іс әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі.
Жоба - ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезенді процестер мен алдын- ала жоспарланған тәжірибелік іс- әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.
Жобалау әдісі- мәселені жете зерттеу арқылы, нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі- барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды Жобалау әдісі - жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады.
Жобалық іс- әрекеті біріккен оқу танымдық іс- әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталған, ортақ мақсаты, қиыстырылған әдісі, іс- әрекет тәсілдері бар, балалардың шығармашылық және ойын іс- әрекеті.
Педагогикалық жобалау –қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі. Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс әрекет.
Жобалап оқытудың артықшылықтары: логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау, балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы, жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен
салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым қатынас сияқты іс әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады. Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.
25. Педагогикалық жобалаудың логикасы мен ресурстары. ХХ ғасырдың аяғына қарай ғалымдар білім беру жүйесіндегі проблемаларды анықтап, олардың пайда болуы мен шығу жолдарын қарастыра бастады. Педагогикалық ұйымдарды дамытуда синергетикалық заңдылыққа сай факторлардың бірі – оның өзін - өзі басқара алушылығы, яғни, педагогикалық жүйенің өзінде оның тұтастығын, қызмет етуін, жетілдірілуі мен дамуын қамтамасыз ететін тетіктер мен басқару факторларының болуы. Жоғарыда айтылғандай, жүйе құрамындағы қызметтік және субъектілік компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастырудың тиімді механизмі жобалау болып табылады. Жобалаудың басты ерекшелігі – оның объектіні дамытуға бағытталуы, «жобалау белгілі бір объектіні жаңа түрге айналдырып, оны қайта жаңғырту қызметін атқарады». Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, өйткені, жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің өзін дамытумен қатар, қоғамдық - саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға болады. Педагогика тарихында орын алған сан алуан жобалар білім берудің мазмұнын ғана емес, оның институционалдық, технологиялық, ресурстық жақтарын, сондай -ақ, педагогтарды дамытуды да қамтығаны белгілі. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық деңгейлерін төмендегідей көрсетуге болады:
Құзыреттілік нәтижелеріне бағытталған 12-жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында болашақ педагогтарға жаңаша ойлау мен іс – әрекеттік дағдыларын қалыптастыру үшін оқытудың жаңа әдістерін игерту, өз әрекетін кәсіби жетілдірудің басты ресурсы ретінде жобалау әрекетіне үйрете отырып, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан даярлау, білім алушыларда педагогикалық жобалау әрекетіне, қарым-қатынас мәдениетіне қызығушылығын дамыту. Жобалаудың күтілетін нәтижені алдын ала болжауды және оған қажетті барлық ресурстарды мақсатқа сай ұйымдастыруды қажет ететін ерекшеліктері болғандықтан, оны арнайы дайындығы жоқ адамдарға жүзеге асыру қиын болатыны белгілі. Тәжірибеден белгілі, жобалау әрекетін жоба жетекшілері ретінде мақсатты түрде арнайы дайындалған педагогтар мен басшы қызметкерлер ғана тиімді ұйымдастыра алады. Сондықтан, оқулыққа «Жобалауды басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту» деген бесінші бөлім ендіріліп, онда білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы құзыреттіліктерін дамыту әдістемесін беріп отырады.