Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз



бет49/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
ХХ РИМ ЦИФР
15.ХХ ғасырда ұйымдастырушылық мәдениетте қандаи қйыншылықтар анықталды
Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, санқилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті «Дүниенің тұтастығы» дегеніміз — дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. «Дүниенің тұтастығы» — қазіргі замаңцағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын біріктіретін «жаңа заман мәде¬ниетінің» тағдыры — адамзаттық құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. XX ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығар- ған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік моно-мәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі — «дүниежүзілік пролетарлық революция» (сталинизм) идеясы. Ол таптық құнды¬лықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана ұлттық мөдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің «қарсы мәдениетке» айналуы етек алып, әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған түрі пайда болды. Осы орайда, жалпы адамзаттық мәдениетке апаратын қозғалыстың өте күрделі процесс екендігін ерекше атап өткен жөн.
XX ғасырда адамның мәдени құндылықтарды игеру бағытында, жалпы адамзаттық біртұтас негіздердің қалыптасуында айтарлықтай өзгерістер болды, ал олар өз кезегінде жанұяға деген көзқарастың өзгеруіне, адамның жан-жақты қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін алғашқы әлеуметтік ұжымға тікелей байланысты болды. Дәстүрлі неке институты өзгеріп, жаңа жанұя мүлде жаңаша мазмұнға ие болды. Ұлттық мінез өзгешеліктеріне, жанұяның өз ішіндегі қарым-қатынастардың өзгеше ліктеріне қарамастан, өз дамуында постинду стриалдық кезеңге аяқ басқан көптеген елдерде түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Жанұялардың өз қажеттіліктерін қанағаттандырып табысқа қол жеткізушілік, яғни жанұя мүшелерінің өмірлерінде алға басушылық байқалды.

62

ХХ ғасырда ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуында қандай қайшылықтар анықталды?

ХХ ғасырдың аяғына қарай ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуында қайшылықтар пайда бола бастады, олар:


− ғылыми құрастырылған дүниенің біртұтас бейнесі мен ғылымның өзі туындатқан парадигмалар ауысуынан пайда болған ғылыми білімнің құрылысы арасындағы қайшылық;
− ғылыми білімнің қарыштап дамуы, оны өндірудің технологияландырылуы, дүниенің біртұтас бейнесінің өзгеруіне, соған сәйкес, кәсіби бағыттардың бірнеше мамандықтарға бөлшектеніп кетуі;
− қоғамның тегіс салалануымен қатар, көпмәдениеттіліктің дамуы, әр мәдениеттің өз тарихы мен өзін танытуға ұмтылуы бұрынғы «жаппай европалану» үрдісінен мүлдем бөлек қалыптасуда. Сонымен қатар, дәстүрлі ғылыми модельдер мүмкіндіктерінің шектеулі, әмбебап болмауы ұйымдастырушылық мәдениеттің технологиялық (жобалық -технологиялық) түрін қажет ете бастады.











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет