Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын


Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне өзгеріс енгізеді



бет170/263
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#110820
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   263
Байланысты:
Доп мат

Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне өзгеріс енгізеді. Онда білім беру кеңістігі оқу жобасының құрылымына байланысты таңдалады.

  • жоба идеясы оқу процесінде, немесе басқа да ситуацияларда пайда болуы мүмкін;

  • жобаны орындаудың өзі кластағы сабақтан тыс, жобаның мазмұнына сай орында атқарылады. Мысалы: зертхана, кітапхана, интернет – класс, т.б.

  • жобаның нәтижесін презентациялау. Бұл жобаның мазмұнына сәйкес арнайы тематикалық сабақ, не мереке, конференция, фестиваль, т.б.

Бұлардың барлығы да алдын ала жоспарлау арқылы орындалады. Мысалы, бастауышта 1 – 2 күн бұрын жоспарланса, 5 – 6 сыныпта 2 апта айналасында (мысалы, бір пән көлеміндегі шығармашылық тапсырма). Ал, 9 сыныпта – 1 тоқсан, одан да көп мерзімдік жобалар ұсынуға болады.
Оқушылардың жоспарлай білу қабілеттерін дамытылуын неден көруге болатынын қарастырайық. Олар:
Шығармашылық тапсырманың, жобаның тематикасы оны орындау мүмкіндігін ескере отырып жасалуы;
Оқушы (топ):

  • тақырыпты таңдамас бұрын оның нәтижелерін дайындайтын уақытын, өз мүмкіндіктерін талдайды;

  • тапсырманы орындау кезеңдерін анықтайды, оның уақытын, орындаушыларын көрсетеді, уақыт бөледі;

  • тапсырманың кейбір бөліктерінен мүмкіндікке қарай бас тарта алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз, уақыт аз, т.б.);

Осылайша, міндеттерді орындаудан – оның кезеңдерін жоспарлау, бағдарлама жасау, қолда бар ресурстарды игеру сияқты жұмыстар жалғастырылады.
Білім беру барысындағы құрылымда оқушылар төмендегі жұмыстарды орындайды:

  • тақырып таңдайды;

  • жұмысты орындау жолдарын таңдайды;

  • жұмыстарды орындаудың бірнеше әрекеттерін жоспарлайды;

  • жоба өнімін жасайды;

  • қорытынды өнімнің нәтижелерін көрсетудің түрлерін анықтайды;

Жобалаудың әрбір кезеңіндегі әрекеттерін оқушылар өздері құруы тиіс, әр кезеңнің басталғанын көрсететін «белгі» де тұруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет