Жоғары жүйке қызметі және оның жастық ерекшеліктері Жоспар



бет4/10
Дата02.06.2023
өлшемі113,5 Kb.
#98201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4-5 лекция 3

Динамикалық стереотип. Табиғи жағдайда қоршаған орта ағзаға белгілі бір ретпен әсер ететін тітіркендіргіштер көзі болып табылады. Демек, тіршілік барысында ағза тітіркендіргіштердің белгілі стереотипті тіркесімен – ұшырасып отырады. Осындай стереотипті тітіркендіргіштер тіркесі ұзақ уақыт қайталана әсер етсе, онда ми қыртысында белгілі ретпен бірін-бірі алмастырып отыратын қозу мен тежелу ошақтарының өрнегі (мозайкасы) пайда болады. Осының нәтижесінде стереотипті тітіркендіргіштер әсерінен үлкен ми сыңарлары қызметінде жүйелілік, динамикалық стереотип пайда болады. Осынан ағза үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштер жиынтығына белгілі ретпен қалыптасқан процестер жүйесімен жауап береді. Сонымен, динамикалық стереотип дегеніміз ми қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесі, белгілі ретпен атқарылатын шартты рефлекстердің жүйелі тізбегі.


Динамикалық стереотип қалыптастыру ми қыртысының өте күрделі синтездеу жұмысымен байланысты және жүйке жүйесі үшін ең қиын міндет болып табылады. Бірақ бір рет қалыптасқан стереотипті сақтау қиынға соқпайды, оны жою не өзгерту өте қиын.
Табиғи жағдайда динамикалық стереотип адамдардың әртүрлі әдеттері мен дағдыларын, мінез-құлығының белгілі жүйесін құрайды. Олар өте қиын құралады, алайда кейін тым берік сақталады. Егер олар бұзылса, жоғары жүйке қызметінің әрекеттік ауытқулары (невроздар) пайда болады.
Мидың анализдік және синтездік қызметі. Анализ және синтез үлкен ми сыңары қыртысының өте маңызды қызметі. Ағза өзінің тіршіліктік әрекетінде сыртқы және ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне үнемі талдау жасап, жауап түзіп отырады. Анализ – әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, ағзаға тиетін әралуан әсерді ажырату. Синтезбіріктіру, талдап қорыту, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру.
Қарапайым талдау жасау және құрамыс әрекеті әрбір талдағыштың қабылдағышынан басталады. Олар эволюциялық даму кезінде, ағзаға әсер ететін әркелкі тітіркенудің белгілі түрін қабылдауға мамаңданған. Қабылдағыштарда пайда болатын қозу толқыны қыртысасты құрылымдар арқылы үлкен ми сыңарларының бастапқы жобаланыс аймақтарына өтеді.
Жүйке жүйесінің төменгі бөліктері, арнамалы және бейарнамалы қыртысасты құрылымдары, тітіркенуді қарапайым анализ және синтез жасайды. Олардың ең күрделі түрлері үлкен ми сыңарлары қыртысында жүзеге асырылады.
Ми қыртысының ұласқан аймағындағы әртүрлі нейрондар өзара ұштасып, ерекше "нейрондар жарасымын" құрайды (А.А. Ухтомский). Әрбір осындай нейрон топтары түйсіктің белгілі бір түріне жауапты болады. Бір нейронда қозу пайда болса, ол басқаларына тарайды, сөйтіп адамның біртүтас түйсігі туады.
Сонымен қатар адамның біртүтас түйсігін қамтамасыз ететін гнозистік нейрондар туралы болжам бар. Олар әралуан талдағыштардың жоғарғы деңгейіндегі біртипті нейрондардан тұрады да, мидың танымдық жүйесін түзеді.
Ми қыртысының синтездеу ісәрекетінің өте күрделі түрі динамикалық стереотип немесе жүйелілік құбылысында анық байқалады. Бұл шартты рефлекстер жүйесіне қарағанда, мидың күрделі анализдеу-синтездеу ісәрекеті нәтижесінде қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет