Жоғары жүйке қызметі және оның жастық ерекшеліктері Жоспар



бет10/10
Дата02.06.2023
өлшемі113,5 Kb.
#98201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
баяу ұйқы немесе ортодоксты ұйқы деп атайды. Кезекті түндегі бір ұйқы бірнеше циклдан тұрады. Әр циклда жылдам және баяу ұйқы кезендері бар. Таңға жақын оянар кезде жылдам ұйқы байқалады, сондықтан оянған адамда түс көру сезімі туады. Түс көру сезімі түс көріп жатқанда оянса ғана пайда болады, оянбаса ондай сезім тумайды.
Кезекті күнделікті ұйқы 5 кезеңнен құралады: бір белсенді жылдам ұйқы кезеңі жөне 4 баяу кезендер. Олардың биологиялық ырғақтары шамамен 1 сағат 30 минөт сайын қайталанып отырады. Баланың өсіп дамуы барысында ұйқы мен сергек жүру мерзімдерінің мөлшері өзгереді. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай ұйықтайды. Біртіндеп оның ұйқысы азайып, сергек мерзімі ұзарады. 1 жасқа жақындаған баланың ұйқы сының ұзақтығы 14 сағат, 4 жаста – 12; 10 жаста – 10-11; ересек адамда –7-8 сағат.
Баланың өмірінде 5-6 жастың маңызы ерекше: Бұл кезде күндізгі ұйқы тоқталып, 1 тәулік екі кезеңге ғана бөлінеді: ояу жүру немесе сергектік және ұйықтау кезеңдері. Сондықтан баланың түнгі ұйқысы бұзылғанда оның ағзасы әлсіреп, тез шаршау белгілері туады. Бала күн кестесіндегі еңбек уақыты мен ұйқы уақытын дұрыс сақтамаса, оның ағзасында қалжырау пайда болады. Ондай баланың еңбегінің нәтижесі төмендеп кетеді.
Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты ұйықтардан бұрын кемінде 2-3 сағат бұрын қабылдап, жатарда жеңіл-желпі аз мөлшерде ішу керек (айталық, 1 кесе айран не сұт, немесе жеміс шырыны). Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-22° С болғанда ұйқысы дұрыс болады. Сондықтан бала ұйықтағанда: жазда терезесінің сәл ашық болып, қыста жатар алдында жарты сағаттай желдендіріп алу маңызды. Баланың ұйықтайтын бөлмесі сырттан айқай-шу келмейтіндей, пәтердің тыныш жағында орналасқаны дұрыс. Баланы жатар алдында жылы сумен аяқ-қолдарын жуындырып, денесіне қыспайтын, жұмсақ, мақта-матадан тігілген жатын киімін киіндіру қажет. Ұйықтардан 1-2 сағат бұрын баланың жүйке жүйесін қоздыратын ойындарды, әңгімелер айтуды немесе оқуды тоқтатып, оның қозуын басатын, тыныштандыратын әңгімені ақырын баяу біркелкі ырғақты дауыспен айтқан жөн.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет