Болмыстың бірінші және екінші сигналдық жүйелері. Адамдардың ЖЖҚ сыртқы немесе ішкі ортаның әр түрлі тітіркендіргіштері әсерінен туындайды. Бұл тітіркендіргіштер түрлі сезім мүшелері арқылы әсер етеді. Осы сезім мүшелерінің қызметі нәтижесінде ортаның нақты жағдайы талданып және жинақталып отырады, сондықтан сезім мүшелері бірінші сигналдық жүйені құрайды. Бұл жүйе адам мен жануарларға ортақ. Ол болмыстың тікелей сигналдау жүйесі болып табылады. Бірінші сигналдық жүйе адамдарда да, сонымен қатар жануарларда да бар. Бірінші сигналдық жүйенің әрекеті сөзден басқа (айтылу, жазылу, жесттік сөз (қимылдық)) тітіркендіргіштерге қалыптасқан. Олартты рефлекстер түрінде көрініс береді.
Болмысты сигналдаудың тағы бір ерекше – екінші жүйесі болады. Ол әлеуметтік даму процесінің әсерінен адамдарда ғана дамыған. Бұл жүйе – сөз. Адамға ғана тән ұғынықты сөз сигналы арқылы біз заттардың пішінін, формасын, қасиетін және де айналада болып жатқан құбылыстарды жеткізе аламыз. Сөз арқылы сыртқы және ішкі ортада болып жатқан құбылыстар, өзгерістер хабарланады. Екінші сигналдық жүйенің арқасында адам ойлау қабілетіне ие болады. Екінші сигналдық, жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде пайда болады, онымен функциональдық байланыста қызмет атқарады. Соның нәтижесінде біз болмысты толық және терең қабылдай аламыз. И.П. Павловтың айтуынша: «Адам болмысты ең алдымен бірінші сигналдық жүйе арқылы сезеді, қабылдайды, содан соң екінші сигналдық жүйе арқылы сол болмыстың қожасына айналады (сөз сөйлеу, ғылыми ойлау)”.
Сигналдық жүйелердің бірінде пайда болатын шартты байланыс екіншісінде де пайда бола алады. Мысалы: қоңырау үніне шартты қарашық рефлексін қалыптастырып, артынан қоңырау үнін «қоңырау» деген сөзбен алмастырғанда да шартты рефлекс көрініс береді.
2 сұрақШартты рефлекстердін тежелуі және жас ерекшеліктері Мидағы қозу мен тежелу бір-бірімен байланысты өтеді. Табиғатта ағзаның қызметін тудыратын мидағы жүйке жасушаларының қызметін ақырындатып немесе тоқтату қажеттілігі жиі кездеседі. Мұндайда мидағы тежелудің маңызы алға шығады. Қалыпты жағдайда мидағы қозу мен тежелу дәл қажетті сәтте ағзаның қызметін не үдетіп, не баяулатып отырады. Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу. С ы р т қ ы тежелу туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның күшті немесе ұзақ әсер ететін басқа бір тітіркендіргішіне байланысты байқалады. Мұндай жағдайда ми қыртысында жаңа күшті қозу ошағы пайда болып, индукциялы түрде бұрынғы шартты жауапты тудырған козу ошағын тежейді де ол жауап тоқтап қалады. Шартсыз тежелудің бір түрі – ш е к т е н т ы с тежелу немесе қорғаныс тежелу. Бұл ағзаны сыртқы ортаның ұзақ әсерінен қорғайды.
Ш а р т т ы немесе і ш к і тежелу пайда болған шартты рефлекстің жағдайлары өзгергенде туады, яғни шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекітпегенде біртіндеп шартты жауап жойыла бастайды да, біраздан соң мүлде тоқтайды.
Оқыту, тәрбиелеу барысында балалардың ішкі және сыртқы тежелуінің пайда болу ерекшеліктерін жақсы білген жөн. Сыртқы тежелу 3-4 жаста жеңіл пайда болады. Сондықтан баланың ойын жағымды әсермен оп-оңай бөліп жіберуге болады. Мысалы, жылап тұрған балаға қызық ойыншықты көрсете қойса, ол жылауын тоқтатады. Яғни сыртқы тежелу сәбилерді тәрбиелеуде өте маңызды орын алады.
6-7 жастың арасында ішкітежелудің маңызы арта түседі. Бұл кезде баланы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа үйрету үшін оның ішкі тежелуін пайдаланса, дұрыс тәрбиеленеді. Тәрбиенің бұл әдісін пайдаланып, балаларды әлеуметтік жағдайларға жақсы бейімдеуге, тәртіпке үйретуге болады. Баланы тек қана өзінің тілегінің жетегінде болмай, басқалардың жағдайымен санасатындай етіп тәрбиелеген жөн.
3 сұрақ Шартты рефлекстердің пайда болуы мен тежелуінін жас ерекшеліктері