Бастауышсынып оқушыларында шартты рефлекстердің тууы жеңілденеді, ішкі тежелудің маңызы артады, сөзге байланысты төртінші, бесінші дәрежелі шартты рефлекстері пайда бола бастайды. Бұл кездегі жүйкелік байланыстар анағұрлым берік болады, баяу тежеледі. Сөзге байланысты шартты рефлекстерінің қасиеті өзгереді: ересек адамның сөздік шартты рефлекстеріне ұқсас келеді. Шартты оң рефлекстердің пайда болуы жеңілденеді. Баланың орталық жүйке жүйесіндегі қозуы мен тежелуі күшейіп, ми қыртысындағы қозуының маңызы артады.
4 сұрақ Жоғары жүйке әрекетінің топтары Шартты рефлекстердің пайда болуы әр адамның жоғары жүйке әрекетінің және жеке басының жүйке жүйелерінің қасиеттеріне байланысты. Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жоғары жүйке әрекетінің т о п т а р ы деп жинақтайды.
И.П. Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа боледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі және алмасуы.
Қозу мен тежелудің күші деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Негізінен алғанда, ол ми қыртысындағы жүйке жасушаларының қызмет қабілеті. Кейбір адамдардың миындағы нейрондарының жұмыс қабілеті жоғары болып, кейбіреулерде төмен және нашар болады. Соған байланысты қозу мен тежелудің күшін И.П. Павлов к ү ш т і және ә л с і з деп екіге бөлген.
Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасы мен даму дәрежесін айтады. Кейбір адамда олар бірдей дамыған, ал енді біреулерде не қозуы, не тежелуі басымырақ болады. Сондықтан қозу мен тежелудің тендігін т е ң және тең емес деп екіге бөлген. Егер қозуы басым болса - қозғыш, тежелуі басымырақ болса – тежелгіш болуы мүмкін.
Қозу мен тежелудің алмасуы деп олардың бір-біріне ауысу жылдамдығын, яғни қозудың тежелуге және, керісінше, тежелудің қозуға ауысу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ж ы л д а м (ширақ) немесе б а я у (инертті) болуы мүмкін.
Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай И.П. Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 түрлі топтарын атаған:
1) Күшті ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.
2) Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақ топ.
3) Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.
4) Әлсіз топ. Ми қыртысының жүйке жасушаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.
И.П. Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекетінің жануардағы топтары дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтардың өзара қатынасына байланысты адамның мінез темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе – сары от), сангвиник (сангвине - қан), флегматик (флегма – кілегей, шырын) және меланхолик (мелайне холе - қара өт). Күшті, ұстамсыз топ Гиппократтың холерик темпераментіне, күшті тең жылдам – сангвиник, күшті тең баяу – флегматик, әлсіз тежелгіш топ – меланхолик темпераментіне сәйкес. Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі. Әсіресе, өсіп дами келе, баланың жасы ұлғайған сайын ержеткенде аралас топтар көбірек орын алады.
Сигналдарды және оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп, ал сол сигналдардың сөзбен белгісін "сигналдың сигналы" деп атады. Еңбектің және әлеуметтік дамудың нәтижесінде адамда сөз сигналдарына, сөйлеуге байланысты жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны қабылдау қабілеті дамыған, оны екінші сигнал жүйесі деп атайды. Балада екінші сигналдық жүйе жылдың екінші жартысында пайда болады. Бірінші және екінші сигнал жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласында барлық түсініктер, көріністер, құбылыстар мен сезімдер сөз бен белгіленеді. Бұл 1-ші сигнал жүйесінің қозуы 2-ші сигнал жүйесіне ауысатынын білдіреді. Баланың өміріндегі оқыту мен үйретудің және оның өзінің шығармашылық әрекеттері 2-ші сигнал жүйесінің дамуымен кемелденуіне байланысты. Ол өзінің ең жоғары дәрежесіне табиғат пен қоғамды тану арқылы жетеді. Бала нақтылы сезім арқылы абстрактылы жалпылама ойлау дәрежесіне өтеді.
Бірінші сигналдық жүйеден екінші сигналдық жүйеге қозу шектеліп беріледі. Осыған байланысты санаға шамадан тыс көп тітіркендірулер ағымы келе алмайды. Түрліше адамдарда ойлау процесі кезінде бірінші және екінші сигналдық жүйенің қатысуы түрліше болады. Павлов екі сигналдық жүйенің арақатынасына байланысты адамның кейбір жеке типтерін ажыратады: 1) Көркем немесе суреттеме тип. Бұл адамда бірінші сигналдық жүйе басымырақ болып келеді. Негізінен нақтылы образдық (заттық) ойлау тән; 2) Ойшыл типте екінші сигналдық жүйе басымырақ көрініс береді. Олар абстракциялы ойға ыңғайлы келеді. 3) Орташа типте 2 сигналдық жүйенің көрініс беруі бір дәрежеде.
Адамның жекеленген топтар жүйесінің негізі етіп, И.П. Павлов екі сигналдық жүйенің күш қатынасын алған. Мысалы, сигналдық мәліметтер болғандығын негізге алсақ, екі сигнал жүйесі арасындағы мәліметтің берілу тәртібіне байланысты адамның топтарын 4 болуге болады: 1) 1-ші топта 1-ші сигналдық жүйеден 2-шіге және, керісінше, 2-шіден 1-шіге мәлімет жеңіл өтеді. 2) 2-ші топтағы адамдарға мәлімет қиын өтеді. 3) 3-ші адамдарда 1-ші сигналдық жүйеден 2-шіге мәлімет бөгеліп берідеді. 4) 4-ші топтағыларда, керісінше, 2-ші сигналдық жүйеден 1-шіге мәлімет бөгеліп өтеді.
5сұрақ Тіл. Бала тілінің дамуы Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. Баланың сөйлеуі 1-3 жаста қарқынды дамиды. Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды.
5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде, әсіресе жарты жасқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.
1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында жүйкелік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі.
Баланың тілінің дамуына 3 пен 4 жастың арасының маңызы ерекше. Бұл кезде тіл байлығын көбейтуге, сөздің мағынасын дұрыс түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың, әңгімелердің, балалармен қыдырып жүрген кезде сыртқы ортамен танысуының маңызы үлкен.
7 жасқа дейінгі балалардың белгілі бір жағдайға, нақтылы әсерге байланысты сөздері жақсы сақталады. Бұл кездегі баланың санасы нақтылы тітіркендіргіштің әсерінен дамиды.
Бастауыш сынып оқушыларында жазбаша тілді дамытуда ауызша тіл маңызды орын алады. Баланы жауап беруге үйретуден бастап, оның "ішінен" сөйлеу қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының, ақыл-ойының дамуына байланысты. Мұнда баланы дұрыс сөйлетіп, ойын дәл айтуға үйретуде мұғалімнің, тәрбиешінің орыны ерекше. Сондықтан оқушы тек кітаптағы сөздерді жаттап айтуды ғана машықтамай, оның ойлау қабілетін, дарынын дамыту керек. Жастардың ойы ішкі тіл байлығына байланысты, сондықтан мұғалім талапшыл болса, онда оқушылардың тілі дұрыс жаттығып, жақсы дамиды.
Баланың жасы ұлғая келе абстрактылы ойлау жақсы дами бастайды, сөйтіп баланың сана сезімінің артуы күшейген сайын екінші сигнал жүйесінің маңызы арта түседі, бірінші сигнал жүйесінен басымырақ болады.
Баланы оқыту барысында тіл байлығы дамып, сөйлеу қабілеті, санасы арта түседі. Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс үйымдастыру арқылы оның жоғары жүйке әрекетін жақсы дамытуға болады. Бұл кезде тәрбие жұмысын мұғалімдер мен ата-аналардың бір-бірімен келісіп, жөнге қойғаны аса маңызды болады.
6сұрақ Ес. Бала есінің дамуы. Эмоция, оның түрлері, физиологиялык негізі ЕС,есте сақтау қабілеті аз зерттелген өте күрделі қасиеттердің бірі. Ол физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен түрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту,яғни еске түсіру. Олар бір-бірімен тығыз байланысты қызметтер.
Бұл үшеуі еске сақтаудың 3 кезеңі. Мәліметтердің келуіне байланысты ақпаратты қабылдау белсенді қызметтің күрделі түрі. Мәліметтерді қабылдап, талдасымен қажеттісін еске сақтау басталады. Бұл кезеңді ғалымдар консолидация(лат. консолидация — бітелу, бекіту, нығайту, нықтау) кезеңі деп атайды. Онсыз ақпарат тұрақты ес іздеріне айналмайды.
Еске сақтау әдістеріне қарай, ес: механикалық және саналы, ерікті және еріксіз деп бөлінеді.
Мәліметтің жиналуына байланысты,ес - жеке бастың, тұқым қуалаған қасиеттердің нәтижесі деп те айтуға болады.
Қысқа мерзімдік ес жүйке импульстерінің нейрондар тізбегі бойымен өтіп, біраз уақыттан кейін ұзақ мерзімдік еске айналады, яғни мәлімет сақталып, нығаяды. Ұзақ мерзімдік ес нуклеотидтерде синтезделіп, нуклеин қышқылдарында (РНК мен ДНК) программаланады.
Ал абстрактылы, түсініктеме ес тілдің дамуына негізделген.
Бастауыш сынып оқушыларында көрнекті бейнелі ес, яғни абстрактылы ойлау дамымаған, оларда сөздерді жаттап алуға байланысты ес бірінші орында болады. Баланың жасы ұлғая келе, абстрактылы ес, яғни түсініктер мен ұғымдардың пайда болуы орын алады.
Қысқа мерзімдік ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы ұлғайған сайын еске сақтау мерзімі артады: 2 жаста – бірнеше айға, 4 жаста – бір жылдан аса, 5 жаста – өмір бойына еске сақтай алады.
7 жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті, одан әрі қарай ерікті еске айналады. Оның дамуында жыныстық айырмашылық байқалады: ер балалардың есі 10 жастан бастап жақсы дами бастайды, ал қыз балаларда 11-14 жастар арасында жоғары болады. 14 жастан әрі қарай еске сақтау қабілеті ер балалар мен қыз балаларда бірдей дәрежеде қалыптасады.
Адамның есі 20-25 жасқа дейін қалыптасып, дамиды. Оның дұрыс дамуы үшін жаттықтырудың маңызы зор. Бұл осы мезгілдегі естің дамуына байланысты аса маңызды жағдай: жаттықтырған сайын ес жақсарады, қабілеті артып, одан әрі дами береді! Мидағы ес іздері немесе э н г р а м м а (гр. Эн – ішкі + грамма - жазба таңба, сызық) пайдаланған сайын нығайып, күшейеді. Сондықтан неғүрлым көп оқып, естіп білуге ынталанған жастардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал еріншектікке салынған жастардың ісіне лайық ақыл-ойының дамуы да нашар болады.