Жоғары кернеулі электржабдықтарының ЖӘне электрқондырғыларының ОҚшауламасы



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата10.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#73059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЖКТ (1)

1.4 Бақылау сұрақтары 
1.4.1 Оқшаулама гирляндасының толық орын басу сұлбасын беріңіз.
1.4.2 Гирлянда элементінің бойымен кернеудің таралуына С

және 
C
2
сыйымдылығының әсерін түсіндіріңіз.
1.4.3 Кернеуді түзетудің қандай әдістерін білесіз?
1.4.4 Ілмелі және оқтаушалы оқшауламалардың құрылымы туралы 
айтып беріңіз.
1.4.5 Тәрелке типті сызықтық оқшауламаның құрылымы туралы айтып 
беріңіз.
1.4.6 Оқшауламаның ластанған және ылғалданған бетінің тесілу 
механизмін түсіндіріңіз.


1.4.7 Оқшауламалардың лас разрядтауыш кернеуін қалай жоғарылатуға 
болады?
1.4.8 Жоғары кернеуді шарлы разрядтауыш көмегімен өлшеу қалай 
жүргізіледі?
2 зертханалық жұмыс. Импульсті кернеу генераторы – ИКГ-1000
Жұмыстың 
мақсаты: электрлік 
сұлбаларды, 
құрылымдық 
орындалуларды, әрекет қағидасын, техникалық қамсыздандыруды, ИКГ-
1000  және қосымша құрылғыларды пайдалануды оқып үйрену; электр 
құралдарындағы оқшаулама элементтерінің импульсті беріктігін анықтау.
2.1 Зертханалық стендтің сипаты. 
ИКГ бірінің үстіне бірі орналасқан каскады бар ашық этажеркалы 
құрылымды стационарлы қондырғы түрінде орындалады. 3-суретте ИКГ-ның 
принциптік электрлік сұлбасы берілген.
ИКГ-1000-ға реттеуіш трансформатор, зарядтаушы құрылғы, 
сыйымдылықты-омдық кернеу бөлгіш, өлшеуіш шарлы разрядтауыш, басқару 
пульті, жерлендіру құрылғысы мен ИКГ-1000 жартылай автоматты басқаруға 
арналған қосымша құрылғы кіреді:
-SQS-2 – басқару пультіндегі батырмамен ИКГ-1000-ды іске қосатын 
тұтату құрылғысы;
-SQST-1 – ИКГ-ның жартылай автоматты жұмысының құрылғысы;
-SQST-3 – ИКГ-ның зарядты кернеуінің амплитудасын автоматты 
басқаруға арналған құрылғы.


3 сурет – ИКГ-1000 - ның принциптік электрлік сұлбасы
Конструктивті ИКГ-ның 
негізгі 
рамасы 
гетинакстан 
жасалған 4 оқшаулатқыш құбыры бар. ИКГ бірінің үстінде бірі орналасқан 
сегіз сатыда конденсаторлар, разрядтауыштар мен кедергілер орналасқан. 
ИКГ үстіңгі жағынан экрандаушы сақинамен аяқталады.
Оқшаулатқыш бағаналардың ортасында қозғалмайтын шарлы 
разрядтауыштар мен демпферлеуші кедергілер жалғанған қосымша 
оқшаулатқыш бағана жөнделген. Қозғалмалы шарлар электрқозғалтқыш пен 
орын ауыстырып отыратын оқшаулатқыш құбырларда болады.
Ең төменгі разрядтауыш – тригатрон, оның екі шарында да тұтатқыш 
электродтар қарастырылған. Тұтатқыш импульс қосымша құрылғы SQS-пен 
қалыптасады. Разрядтаушы кедергілер екі оқшаулатқыш бағаналарда тікелей 
орналасқан демпферлеуші және разрядтаушы кедергілер бифилярлы орауышы 
бар сымнан жасалған.
Реттеуіш трансформатор зертхананың күш беретін бөлімінде орналасқан 
тарату шкафының құрамына кіреді.
Трансформатор кернеуді төменгі кернеулі тізбекте 0-220 В шамасында 
өзгертіп отырады. Тарату шкафында реттеуіш трансформатордан басқа да 
негізгі және жұмысшы түйістіргіштер мен басқару тізбегінің конденсаторы, 
сонымен бірге бірінші реттік тізбек тогын өлшеуіш трансформаторы бар.
ИКГ-ның зарядты құрылғымен байланысы салынбалы муфтасы бар 
жоғары кернеулі кабель арқылы іске асады. Жоғары кернеулі трансформатор, 
конденсатор жоғары кернеулі түзеткіш пен бактың қақпағына ілінген 


қорғаушы түзеткіштер. Жоғары кернеулі түзеткіштер ауыстырып қосу 
мүмкіндігімен жасалған және гетинаксты құбырда орналасқан ретті қосылған 
селенді элементтерден тұрады. Электрқозғалтқыш бактың қақпағында 
орналасқан. Егер ауыстырып қосылған кезде түзеткіштер өзінің жұмыс 
қалпына жетсе, электрқозғалтқыш шеткі ажыратқыштар көмегімен автоматты 
өшіріледі. Қорғаныс кедергісі ретті қосылған көміртекті қабыршақты 
кедергіден тұрады.
ИКГ-ны автоматты разрядтау үшін ИКГ-ны қоректендіру көлігінің 
нүктесінде орналасқан разрядтаушы құрылғы қолданылады. Болат тақтада 
электрогидравликалық басқару органы орнатылған. Қозғалтқыштың айналуы 
барысында құрылғыда серіппе тартылады. Болат шыбық болт арқылы және 
рычагты құрылғы арқылы көлденең күйде «ашық» қалпында ұсталып тұрады. 
Сөндірілген қозғалтқыш жағдайында болат шыбық ИКГ-ны қоректендіретін 
көлік нүктесінде орналасқан демпферлеуші кедергіге түсіріледі. Бұл күйде 
разрядтаушы ауыстырып қосқыш «жабық» болады.
Сыйымдылықты-омдық кернеу бөлгіш импульсті кернеуді дәл өлшеуге 
арналған. Сыйымдылықты бөлгіштің жоғары кернеулі иіні негізгі жүктеме 
болып табылады, ол әрдайым ГИН-мен байланысады және бірінің үстінде бірі 
орналасқан мақта-майлы конденсатордан тұрады. Сыйымдылықты-омдық 
бөлгіштің негізінде вольтметр МУТ-7 мен осциллографты қосуға арналған екі 
ұяшық бар.
Өлшеуші шарлы разрядтауыш диаметрі 75 см болатын екі тікелей 
орналасқан шарлы электрод түрінде болады. Шарлар арасындағы 
арақашықтық басқару пультіндегі құралмен анықталады.
Негізгі және жұмысшы ажыратқыштармен бірфазалық реттеуіш 
трансформаторда басқару пультімен іске асады. Разрядты токтағы үдемені 
шектеу мақсатында және токтың негізгі тізбегіндегі ИКГ-ның разрядталу 
уақытын белгілеу үшін тармақталған дроссель орамдары қарастырылады.
Зарядты кернеуді көтеру «кернеуді жоғарылату» батырмасы басылып 
тұрған кезде ұзаққа созылады. «Кернеуді азайту» батырмасы басылғаннан 
кейін реттеуіш трансформатор бастапқы қалпына келеді немесе ол «СТОП» 
батырмасын басқан кезде тоқтайды. Реттеуіш трансформатор жұмысшы 
контактордың іске қосылуы кезінде автоматты түрде бастапқы қалпына 
келеді.
«Полярлық» батырмасы басылғанда тұрақты кернеу генераторының 
қозғалтқышы қосылады. Түзеткіштің жұмыс қалпына жеткен кезде, 
қозғалтқыш автоматты түрде соңғы ажыратқыш көмегімен сөндіріледі және 
релені қоздырады. Полярлық индикациясының сигналды шамы қосылады, ал 
аспап зарядты кернеудің индикациясына ауысып қосылады. 110 В сельсин – 
датчик және сельсин – қабылдағыш кернеуі болған жағдайда разрядтауыш 


шарларының арасындағы арақашықтықты өзгерте отырып, электр жетегін 
сөндіруге болады. «Кернеуді көбейту», «кернеуді азайту» батырмалары 
контакторы арқылы қозғалтқышты іске қосады. Қозғалтқыш «СТОП» 
батырмасы басылғанға дейін немесе шеткі жағдайдағы соңғы ажыратқышқа 
қол жеткізгеннен кейін ұзақ қосылып тұрады.
Зертханалық стендтің қосылу және ажырату тәртібі.
2.1.1 Сыналатын қондырғының дұрыстығына визуалды тексеріс жасау.
2.1.2 Жерлендіру қарнағын алып тастап, блоктарды тұйықтау және 
тарату шкафына кернеу беріп ИКГ-ны іске қосу керек. ИКГ-ны іске қосу 
блоктарды тұйықтау (есіктегі) және тарату шкафына кернеу беру арқылы іске 
асады. 2.1.3 Басқару тізбегін құлыптық ажыратқыш «басқару тізбегін қосу» 
көмегімен қосу. Сонымен қатар «бас контакторды қосу» және «жұмыс 
контакторын қосу» батырмасындағы жасыл сигнал шамы жанады. Тұтқа мен 
құралдардың шкаласындағы жарықтың айқындылығын орнатамыз.
2.1.4 «Бас контакторды қосу» батырмасымен бас контакторды қосу. Осы 
кезде қызыл сигнал шамы жанады да, жасыл шам сөнеді.
2.1.5 «Жұмыс контакторын қосу» батырмасымен жұмыс контакторын 
қосу. Мұнда жасыл шам сөнеді де, «жұмыс контакторын қосу» қызыл сигнал 
шамы жанады және разрядты ауыстырып қосқыш ажыратылады.
2.1.6 Разрядты шарлар арақашықтығын «өлшегіш разрядтауыш 
шарларының арақашықтығын азайту» және «өлшегіш разрядтауыш 
шарларының арақашықтығын көбейту» батырмаларымен орнатамыз.
2.1.7 Разрядтық кернеуді «кернеуді көбейту», «кернеуді азайту» және 
«кернеу тоқта» батырмаларымен орнату.
2.1.8 ИКГ-ны зарядтық кернеудің басты көбеюімен іске қосу.
2.1.9 Жартылай автоматты режимде ИКГ-ның жұмыс істеуі кезінде 
қосымша құрылғылардың қосылуы оқытушының рұқсатымен беріледі.
2.1.10 Зарядтық кернеуді «кернеуді азайту» батырмасымен нөлге 
келтіру.
2.1.11 Жұмыс 
контакторын 
«жұмыс 
контакторын 
сөндіру» 
батырмасымен сөндіру. Бұл жағдайда ауыстырып қосу разрядтауышының 
болат шыбығы генератор қоректендіру желісіне түседі.
2.1.12 Бас контакторды сөндіру. Қызыл шам өшеді де жасыл шам 
жанады.


2.1.13 Басқару тізбегін «басқару тізбегін сөндіру» батырмасымен өшіру. 
Жасыл шамдар өшеді.
2.1.14 Жерлендіру қарнағын қою.
2.1.15 Электр қондырғыда апат немесе өрт болған жағдайларда 
«апаттық сөндіру» батырмасын басу немесе сынақ аймағының есігін ашу 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет