Жоғары кернеулі электржабдықтарының ЖӘне электрқондырғыларының ОҚшауламасы



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата10.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#73059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЖКТ (1)

3.2 Зертханалық стендке сипаттама 
Қондырғының электрлік сұлбасы 4 - суретте берілген. Қондырғы жоғары 
кернеулі жоғарылатқыш трансформатордан (ЖЖТ), кенотронды қондырғыдан 
(К) және электрлік тізбекті шешуге және қызметкерлерді электр тогымен 
зақымданудан қорғауға арналған қосымша жабдықтардан тұрады.
Қондырғыны кернеуге қосқан кезде жасыл және қызыл шамдар жанады. 
Егер шамдар жанбаса, есіктері тығыздалып жабылмаған және контакторлар 
блогы КБ алшақ салынған.
Өнеркәсіпті жиіліктегі кернеу 380/0-380 В реттеуіш кернеуден (РК) 
зерттеу кезінде кернеуді бірқалыпты реттеп отыру үшін алынып тасталынады. 
Әрі қарай АТ 380/570 В трансформатор арқылы кернеу ЖЖТ 430/80000 В 
жоғарылатқыш трансформаторлардың төменгі кернеу орамына түседі. 
Жоғары кернеу ЖЖТ-ның екіншілік орамынан алынады да, ауыспалы 
кернеуді зерттеу барысында қорғаныс кедергісі R
қор
арқылы электродтар 
жүйесіне беріледі. Тұрақты кернеумен зерттеу кезінде ЖЖТ екіншілік орамы


4 сурет– Қондырғы сұлбасы
қорғаныс кедергісі арқылы кенотронның К(КР-110) катодына жалғанады, 
оның қызуы күшейтілген оқшауламасы бар қыздыру трансформаторынан (ҚТ) 
қоректенеді. Түзетілген кернеу кенотронның анодынан алынып, электродтар 
жүйесіне беріледі. ЖЖТ-ның қозу кернеуін бақылау V вольтметрі арқылы 
іске асады, оның үш өлшем шегі бар 150-300-600 В.
3.3 Жұмысқа дайындық
Жұмысқа кіріспестен бұрын қондырғы сұлбасымен және оның 
элементтерінің орналасуымен танысу.
3.3.1 Жерлендіру қарнағының көмегімен зерттелетін трансформатордың 
жоғары кернеулі түйінін жерлендіріп электродтарға зерттеу бағдарламасы 
бойынша қажетті кернеу беруді қамтамасыз ететін қосылыстарды жасау 
(тұрақты және айнымалы).


3.3.2 Ұстағышта электродтарды бекіту, оларды жанасуға дейін жеткізу, 
арақашықтық көрсеткішін «нөлге» қою, электродтардың орталықтарға 
қосарлануын тексеру, жүктелген арақашықтыққа тарату.
3.3.3 Жоғары кернеулі түйіннен жерлендіруді алып тастау, қоршаудың 
есігін жауып, кернеу реттегіштің тұтқасының орналасу қалпын тексеру.
3.3.4 «Қосу» батырмасын басу арқылы аппаратты қосу.
3.3.5 Кернеуді тесілгенге дейін бірқалыпты көтеру, бастапқы және 
тесілу кернеуіне өлшеу жүргізу.
3.3.6 Сипаттама алынатын әрбір нүктеге өлшеуді үш реттен жүргізіп 
және кернеуді арифметикалық орташа ретінде анықтау керек.
3.3.7 Кернеуді нөлге дейін төмендетіп батырма арқылы аппаратты 
ажырату.
3.3.8 Электродтарды ауыстыру аппаратты қоректендіру толығымен 
сөндірілген жағдайда жүргізіледі және тек жоғары кернеулі түйінге уақытша 
жерлендіру қойылғаннан кейін ғана жүзеге асады.
3.3.9 Тұрақты кернеуді зерттеу үшін кенотронды қосымшаны жоғары 
жағынан трансформаторға жалғап, қоректенуді кенотронның қыздыру 
тізбегіне береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет