ажыратқыш
(АА) арқылы жүзеге
асырылады, бұл кезде қызыл шам жанады.
Кернеу реттегіш
(КР) жоғары кернеулі тансформатордың
(ЖТ) бірінші реттік
тізбегіндегі кернеуді реттеу үшін қызмет етеді.
Вольтметр
(V) бірінші реттік кернеудің әрекеттегі мәнін тіркеуге
арналған. Жоғары кернеулі трансформатор өнеркәсіптік жиілікті жоғары
кернеуді алуда қызмет етеді. Жоғары кернеуді түзеу қыздыру
трансформаторынан
(ҚТ), кенотроннан
(К) тұратын
кенотрондық қосымша
арқылы жүзеге асырылады. Қорғаныстық кедергі бифилярлы орауышы
(500
кОм) бар сым кедергіден тұрады және ол қысқа тұйықталу тогын шектеуге
арналған.
Кернеуді сыйымдылықпен бөлгіш С1-19Б осциллографы мен МУТ-7
өлшегіш құралы арқылы жоғары кернеуді тіркеп отырады. Шарлы өлшеуіш
разрядтауыш тікелей жоғары кернеуді өлшеуге арналған.
МУТ-7 жоғары кернеуін өлшеу үшін 2-суретте келтірілген градуирлеу
қисығынан пайдалану қажет.
2 сурет – Градуирлеу қисығы
Шарлы
өлшеуіш
разрядтауышпен
(D=25 cм) жоғары
кернеудің
максимальды мәнін анықтау үшін 1- кесте пайдаланылады.
1 к е с т е – Қалыпты жағдайдағы кернеудің кестелік мәні
(Р
0
=760 мм,
Т
0
=293 К)
S, см
1
1,2
1,5
1,6
2,0
2,4
2,8
3,0
4,0
5,0
6,0
U, кВ
31,7
37,4
45,5
48,1
59,0
70,0
81,0
86,0
112
137
161
Кернеудің мәнін анықтау үшін интерполяция формулаларын қолдану
қажет
(1.1
)
мұнда
l
i
– шарлар арақашықтықтарының өлшенген мәні;
U
i+1
; U
i-1
; l
i+1
; l
i-1
– шарлар арақашықтықтарының кестелік мәні, оған
сәйкес
өлшенген мәнге l
i
-ге дейінгі және кейінгі кернеу.
Кернеудің кестелік мәнін шын мәнге келтіру төмендегі формуламен
жүзеге асырылады:
(1.
2)
мұнда
- ауаның салыстырмалы тығыздығы.
Егер шарлардың арасындағы өлшенген арақашықтық мәні 1 см-ден аз
болса, онда оған сәйкес кернеу былай анықталады:
(1.
3)
Оған қоса, қондырғы тіректі және өткізгішті оқшаулағышты
модельдеуші түрлі гигроскопиялық диэлектрлік материал үлгілерімен,
макетімен, сым-жер, сым-сым оқшаулама аралықтарын модельдеуші
стерженьдер мен жазықтықтар жиынтығымен,
диэлектрлік материалдан
жасалған барьерімен, Роговский конденсаторымен
(Д=20 см) жабдықталған.
Қондырғыны қосу және ажырату тәртібі.
1.1.1
Электр қондырғысына кірісті ашып, жоғары кернеулі
трансформатордың шығысына уақытша жерлендіру қою.
1.1.2
Қажетті электрлік қосылыстарды жүргізу:
а) айнымалы кернеу үшін трансформатордың жоғары кернеулі шығысы
сыналатын объектіге қосылады;
б) тұрақты кернеу үшін трансформатордың жоғары кернеулі шығысы
қыздырылуы күшейтілген оқшауламалы қыздыру трансформаторынан (КТ)
қоректенетін
кенотрон катодына жалғанады, ал кенотрон аноды сыналатын
объектіге жалғанады;
в) сыналатын аймақта қажетті ауыстырып қосулар жүргізу;
г) уақытша жерлендіруді алып тастау;
д) кернеуді реттегіштің тұтқасы сол жақ шеткі қалыпта тұрғандығына
көз жеткізу;
е) стендке басқару қалқанынан кернеу беру;
ж) автоматты ажыратқышты қосу;
и) сыналатын объектіге кернеу реттегіш көмегімен қажетті кернеу мәнін
беру;
к) тәжірибені өткізіп болғаннан кейін кернеу реттеуіш тұтқасын сол жақ
қалпына шығарамыз (жұмыстың орындалуы кезінде реттеуіш сол жақ күйіне
түспейді);
л) стендті автоматты ажыратқыштың көмегімен өшіру;
м) сыналатын аймақта жұмысты орындау қажет болған жағдайда,
қондырғыға
кіретін есікті ашып, жерлендіру қарнағы көмегімен
трансформатордың жоғары кернеулі шығысына уақытша жерлендіру қою;
н) уақытша жерлендіру қойылғаннан кейін және сынақ аймағында
жұмысты орындау үшін диэлектрлік қолғап және бәтеңке қолдану қажет;
о) жұмыс аяқталған соң стендті басқару қалқанынан ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: