Нәтиже: жоғары оқу орындарындағы филолог мамандарға арналған ХХІ
ғасырдағы қазақ романдарын оқытудың әдістемелік жүйесі денгейін көрсетеді. Жаңа ақпараттық технологиялар жағдайындағы оқыту үдерісі жеке тұлға теориясына сүйенеді, өйткені кез келген оқыту әрбір жеке тұлғаға бағытталады.
Елімізде кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, бәсекеге қабілетті және құзіретті маман даярлау бүгінгі күннің басты талабы. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін, технологияларын жетілдіру керек. Осы бағытта жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі - студентті болашақ мамандығына бейімдеу, кәсіптік біліктілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызы зор.
Қазақстандық бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім, тағылымды тәлім-тәрбие беру үрдісінде қазіргі заманғы электорнды ақпараттық-қатынастық технологияларды тиімді пайдаланудың орны ерекше. АҚТ-ны пайдалануды заман ыңғайына қарай оңтайлы дамыту – ХХІ ғасырда кез-келген мемлекеттің дамуынада аса маңызды орын алады. Ғылыми-техонология мен ақпараттық-қатынас, электронды құрал-жабдықтар орасан зор қарқынмен дамыған қазіргі заманда әлемдік озық технологияларды өзінің экономикалық өсіп-өркендеуіне, қоғамдық-әлеуметтік жағдайының жақсаруына тиімді іске жарату кез-келген мемлекеттің дамуында негізгі қозғаушы күш болып табылады.
Инновация ұғымы кең мағынасында жаңарту, өзгерту дегенді білдіреді. Ғалым Қ.Құдайбергенова «инновация білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалық енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды жаңа концепция жасап, оларды қолдану» деп анықтама берген. Біз қарастырып отырған мәселеде инновация – белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатқа сапалы нәтиже жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен байланысты. Қ.Қадашева интерактивті әдіске «жоғары белсенділікті көтеру» әдісі деген баға береді. Бұл оқытудың мақсатына, мазмұнына байланысты болды. Г.Д.Нұрбекова интерактивті оқыту «оқушылардың бірігіп бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетте өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және фантазиясын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді», – деп жазады.
В.В.Гузеев сабақтың типтерін, құрылымын сипаттай отырып, солардың қатарында «интерактивтік режимді» атайды. Режим ақпарат ағымының екіжақты болуымен сипатталады. Оқушы сабақтың автономдық бөлшегі ретінде көрінеді. Интерактивтік режим әңгіме сабағына немесе консультацияға тән деп есептейді.
Баспасөз беттерінде ғалымдар, оқытушылар, педагогтар өз ойларын ортаға салып, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп отырады. Мысалы, М.Т.Мұқажанов «Интерактивтік оқыту дегеніміз әңгіме, сұхбат түрінде біреумен (адаммен) немесе бірнәрсемен (компьютермен) әрекеттестікке түсу, интерактивтік оқыту – нақты және алдын-ала болжанған мақсатты шеше алатын танымдық процесті арнайы ұйымдастыру формасы. Мақсаттың біріне оқытудың өнімді болуына мүмкіндік беретін жайлы жағдай туғызу, ал оның мәні – оқу-таным үдерісіне барлық оқушылардың тартылуы» деп есептейді. Алдымен біз жалпы оқыту дегеніміз не екендігін анықтап алайық. Р.М.Қоянбаевтың қысқаша педагогикалық сөздігінде берілген анықтама: «Оқыту – оқу тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады» (Қоянбаев Р.М., Ыбыраимжанов Қ.Т. Педагогикалық сөздік. – Түркістан, 2006. – 170 б.).
Ал Г.М.Коджаспированың анықтамасы бойынша оқыту дегеніміз 1) оқытушы мен оқушының білім дағыларын, дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған, әдейі басқарылатын өзара әрекеттестігі үдерісі; 2) білімге тарту арқылы танымдық белсенділігін дамытып, қанағаттандыру, оны өзінің жеке тәжірибесінде қолдану қабілетін қалыптастыру; 3) адамның ақпаратты өз бетімен алып, іріктей білу қабілетін дамыту; 4) оқытушы мен оқушының өзара екіжақты үдерісі екен.
Оқытудың дәстүрлі жүйесі біржақты хабар беруге бағытталады да, ары қарай хабар берудің тәсілдерін жетілдіре түседі, сөйтіп, үйренушінің есте сақтау қабілетін ғана дамытады. Ал интерактивті оқытуда үйренушінің танымдық ойлау қабілетін дамыту қатар жүреді. Егер сабақта өзара сенім, мейрім, тілдесім ахуалы қалыптасса, үйренуші тек жаңа материалды сіңіріп қоймай, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарымен де байи, дами түседі. Жаңаша оқытуда шығармашылық сабақтар, іскери ойын, ойын түріндегі жоба, дидактикалық спектакль, білім аукционы, имитациялық тренинг, шығармашылық марафон қолданылып жүр. Зерттеу барысында интерактивті әдістердің қолдана отырып өткізілген «ХХІғасырдағы роман жанрындағы түрлік өзгерістер. Ирониялық фэнтези жанры, антиутопия, мәдени дағдарыс құбылысы постмодернизмнің бір көрісі ретінде. Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романының көркемдік ерекшеліктері» тақырыбындағы практикалық семинар сабағының жоспарын ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |