1-топ: Неліктен ХХІ ғасыр әдебиетін заманауи деуге болады?
Жауаптарыңызды ғылыми тұжырымдармен дәйектеп айтып беріңіздер.
2-топ: Қоғамдық әлеуметтік мәселе ретінде ХХІ ғасыр романдарына тән проблемалық жағдаяттарды «Топтастыру стратегиясы бойынша жазыңыздар.
Білім беру
мазмұны
құзырет
Білімділік құзырет
3-топ: Қазақ романдардағы тәуелсіздік пен демократиялық қоғамның нәтижесі, бүгінгі күн сұранысы екендігін нақты мысалдармен дәлелдеп айтыңыздар.
4-топ: ХХІ ғасыр қазақ тарихи романдарын тақырыптық жіктеп, кесте түрінде көрсетіңіздер. Студенттердің жауаптары оқу іс-әрекетінің кәсіби бағыттылық ұстанымы арқылы дамытылуға тиісті кәсіби құзыреттіліктерін анықтауға көмектеседі. Ақпараттық құзыреттіліктердің қазіргі дамыған жағдайында әрбір студент орындайтын аудиториялық, өзіндік жұмыстарында инновациялық технологиялардың көмегімен оқытудың сапасы арта түседі.
ХХІ ғасырдағы роман жанрын оқытуда жалпыдидактикалық ұстанымдармен бірге қазіргі білім берудің жаңа парадигмасымен байланысты өрбіп отырған оқыту ұстанымдарын басшылыққа алудың өзектілігі айқын. Ол ұстанымдар ретінде әдеби білім берудегі кәсіби бағыттылық, кәсіби-қатысымдылық, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, әдеби білім берудегі антропозектілік, концептуальдық, креативтілік, нәтижеге бағдарлай оқыту, педагогика мен ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерін меңгеру және есепке алу ұстанымдары бөліп көрсетеміз.
Оқытудың кәсіби бағыттылық ұстанымы қазіргі білім мен тәрбиенің теориясы мен практикасында басым бағытқа ие болып отыр. Заманауи білім беру жағдайындағы ақпараттық технология ғасырының талаптарына сәйкес, студенттердің кәсіби дайындық үрдісін жетілдіру мен білім сапасына себепші болатын міндеттерді орындауға қажетті кәсіби біліктілік пен ақпараттық құзыреттіліктерді А.Қ. Құсайынов төмендегіше көрсетеді: Сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде шешім қабылдау; Өз бетінше мақсатқа жетуде танымдық қызметті жоспарлау; Ақпараттарды өз бетімен табу, талдау, іріктеу жасау, қайта құру, сақтау, түрлендіру және тасымалдауды қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыру; Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау,құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, моделдеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеу; Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдану.
ЖОО-да әдеби білім беру курстарындағы реферат жазу, проблемалық жағдаяттар мен сұрақтар, сондай-ақ білім беру технологиялары студентті жүйелі түрде әдеби білім алуына, сондай-ақ оқу диалогі негізінде оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, ауызша және жазбаша түрде тілдік қатынасқа үйрету үшін әдеби білім берудегі кәсіби-қатысымдылық (коммуникативтік) ұстанымы басшылыққа алынады. Мұнда студент әдеби мәтіндер негізінде оқырмандық диалогқа түсе отырып, ауызша және жазбаша тілдік қатынасқа түсуге төселеді. Коммуникативтік ұстаным студенттің адамдар және өзімен өзі (мәтінмен жұмыс, өзіндік жеке шығармашылық жұмыстар) қарым-қатынасқа түсуін қамтамасыз етеді. Жоғары әдеби білім берудегі кәсіби-қатысымдылық ұстанымы қарам-қатынас мәдениетін игеру арқылы тәрбиелік мақсатты да жүзеге асырады. Бұл қатысымдық ұстаным туралы ғалым Ф.Ш.Оразбаева: «Коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны қарым-қатынас, араласу, хабарласу деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, өзара тіл табысу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді, осыдан барып, «коммуникабельді», яғни тез тіл табысатын, түсінуге, сөйлесуге бейім деген ұғымдар пайда болады.
2.2 ХХІ ғасырдағы қазақ романдарын жоғары мектепте оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар мен интерактивті әдіс-тәсілдердің әдістемелік әлеуеті және қазіргі оқыту ерекшеліктері
Қазіргі өзгермелі дүние жағдайында студенттердің тұлға ретінде жетілуінің басты факторы – оларды адамдармен тіл табыса жұмыс істеуге төселдіретін, қоғамдағы бәсекелестікке бейім адамды тәрбиелеудің өзегі саналатын интерактивті әрекет болып табылады. Мұнда тұлғаның қарым-қатынас мәдениетіне, сөйлеу мәнеріне, этикеттік орамдарды дұрыс қолдана білуіне дағдыландыруға назар аударылады.
Жоғары оқу орындарындағы қазақ әдебиеті пәнін оқытуда интерактивті әдістерді қолдану болашақ мамандардың кәсіби дамуына ықпал етеді. Интерактивтік іс-әрекеттің негізгі идеясы – өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа негізделген достық ахуал жағдайындағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынас, пікірлесім, тілдесім.
Бүгінгі таңда білім беру саласындағы жаңа технологияларды меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес, өйткені ақпарат мәселесі қоғамдағы түйінді мәселелер қатарынан орын алады. Қоғамды ақпараттандыру мәселесіне қоғамды дамытудың негізгі шарттары ретінде аса мән берілуде. Компьютерлік ақпараттық технологияның бүкіл адамзат әрекетінде қолданыс табуы қоғамның парасаттану тенденциясының жоғары Жоғары оқу орындарындағы қазақ әдебиетінен дәріс, семинар сабақтары; пәнді оқыту әдіс-тәсілдері,қазақ романдарын инновациялық оқыту үлгілері, элективті курсты жүргізу әдістемесі уақытта ХХІ ғасырдағы қазақ романдарын типологиялық, әдеби герменевтикалық, структуралистік, дискурстық, салыстырмалы талдаулар. Жалпылау, ой қорыту, жинақтау, сауалнама, бақылау, сараптау, модельдеу және т.б. әдістер.
Достарыңызбен бөлісу: |