Жоғары мектепте роман жанрын оқытудың кәсіби білім беру типтік оқу бағдарламаларында әдістемелік қамтылуы мен тақырыптық негізделуі



бет4/9
Дата08.06.2023
өлшемі182 Kb.
#99710
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мақсаты: қазіргі қазақ романының жанрлық сипатын ашу, әдебиеттанушы ғалымдардың көзқарастарын саралау, постмодернизмнің мәнін ашу; қазіргі постмодернист қаламгерлердің бірі Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романының көркемдік ерекшеліктерін анықтау.
Әдістемелік нұсқау: тақырып бойынша мынадай сұрақтар құрастырылып талданылады:
1. Постмодернизмнің қазіргі рухани-мәдени кеңістіктегі құбылыс ретінде қазақ романдарының дамуына қандай әсері бар?
2. Қазіргі классика-модернизм-постмодернизм сынды үш парадигманың мәнін ашып көрсетіңіз.
3. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында постмодернисттік бағыттағы әдеби құбылыстарды зерттеу ғылыми еңбектерде қалай көрініс тапқан?
4. Д.Амантайдың сұхбатын тыңдап, проблемалық қорытынды сұрақтар дайындаңыздар (сұқбаттың мәтіні қосымша беріледі).
Семинардың өткізілу түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатындағы продуктивті әдістер. «Әдеби үйірме» стратегиясы 1- қадам:Студенттер сұқбаттың мәтінін тыңдайды. (Тыңдалатын мәтін нұсқасы слайдта беріледі)
2- қадам: Студенттерді 6 топқа бөліп отырғызып, 6 жұмыс түрі жазылған бүктелген қағаздар таратылады. Орындалатын жұмыс түрлері:
a) Зерттеуші басты кейіпкердің мінезін, басты оқиғаны зерттейді.
b) Баяндап беруші оқиғаның мазмұнын дайындайды.
c) Сұрақтар құрастырушы әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар бойынша дайындайды. Сұрақтар төменгі және жоғары деңгейлі болуы қажет.
d) Сілтемелер табушы әңгіменің тақырыбына сәйкес афоризмдер мен мәтелдерді табады.
e) Бейнелеуші - әңгімедегі кейіпкерге не оқиғаға қатысты сурет салады.
f) Дәнекер негізгі идеялар мен мен оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстырады.
3-қадам: Оларға тыңдалған мәтін бойынша жұмыс жасауға уақыт беріледі.
4-қадам: Студенттердің жасаған жұмысы қорғалады.
Шығармашылық тапсырма. «Ирониялық фентези жанры», «антиутопия» ұғымдарына берілген анықтамаларды сызбамен көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет