модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқыту – блоктап оқытудың жетілдірілген түрі. Сондықтан, біз осы зерттеуіміздің барысында зерттеу нысанымызға айналған романдардың негізінде, қазіргі роман жанрының даму тенденциясынан бағдар беретін «5B011700 – қaзaқ тілі мен әдебиеті», «5B020500 – филoлoгия» мамандықтарына арналған «ХХІ ғасырдағы қазақ романы» атты таңдау пәнінің оқу жұмыс бағдарламасын, силлабус және ОӘК ұсындық.
Пән бағдарламасы қазіргі қазақ әдеби үрдісіндегі романдардың бәрін қамтуды мақсат етпейді, қадау-қадау романдарды талдау нысаны ретінде ғана ала отырып, сол туындыларын теориялық талдау мәселелеріне, болашақ маман ретінде студенттердің кәсіби тұлғалық сапалары, оқытудың әдістемелік құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатын көздейді. Оқу бағдарламасы аталған романдардың құрылымдық жүйесіне, мазмұн мен пішіндік өлшеміне жаңаша ғылыми теориялық пайым негізінде оқытуды басшылықта ұстайды.
Достарыңызбен бөлісу: |