Жоғары мектепте роман жанрын оқытудың кәсіби білім беру типтік оқу бағдарламаларында әдістемелік қамтылуы мен тақырыптық негізделуі



бет8/9
Дата08.06.2023
өлшемі182 Kb.
#99710
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Косымша материал. А.Кажыбай

Кейс әдісі бойынша сабақта берілетін жағдаяттық сұрақтар:
1. Қазіргі қазақ әдебиетінде постмодернизм құбылысы бар ма? Ғалым Д.Ысқақ қазақ әдебиетінде постмодернизм жоқ дегенді айтады.
2. Әлемдік мәдениеттер тоғысындағы постмодернизмнің барша мәдениеттер өлшеміне енуі туралы Сіздің көзқарасыңыз?
3. Постмодернизмге тән көркемдік амалдар, өлшемдер бар ма?
4. М.Мағауиннің «Жармақ», С.Елубайдың «Жалған дүние» романдарындағы кейіпкер психологясын ашу тәсілдерін анықтап, өз ойыңызды кітап мазмұнына сәйкес түсіндіріңіз.
5. Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романының философиясы, авторлық идеясының түпқазығы, айтпақ ойы неде?
6. Кейіпкер Әлішердің әлеуметтік мұңы неден байқалады?
Сөйтіп, әдебиет сабақтарында кейс-стади амал-тәсілін қолдану студент пен оқытушының өзара тығыз белсенді әрекетінен тұратын, студенттің оқуға деген қызығушылығын туғызатын және оның жеке тұлғалық қабілеттерін дамытатын, нәтижені алдын-ала жоспарлайтын педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі деп айтуымызға болады.
«Өз позицияңды ұстан» деп аталатын интерактивтік оқыту әдісінің маңызы өте зор. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан соң оқушылар «ия» немесе «жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға барады.
Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс, әсіресе әдебиетті оқытуда СӨЖ , СӨОЖ және семинар сабақтарында практикалық бағыттағы ізденіс жұмыстарында тиімді деп саналады. Мұны төмендегі кесте бойынша айқындауға болады.
Кесте 1 – Қазақ романдарын оқытуда интербелсенді технологияларды қолдану деңгейлері және оның өлшемдері мен көрсеткіштері.
Студенттердің ойлауы мен көркем талдау жасау, сөйлеу тілін дамытуда интербелсенді оқыту әдістерінің рөлі ерекше. Сондықтан интербелсенді оқыту әдістемесін қолдану кезінде топ ұжымына баса назар аудару қажет дей отырып, мынадай тұжырым жасаймыз:
1. Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да болмасын топта болады. Мысалы, көлікке отырған жолаушыда, балалардың тұрғын жайындағы жолдастары ортасында және т.б. болады. 2. Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.
3. Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барысында, оның әрбір мүшесінен жоғары жауапкершілік талап етіледі.
4. Ортақ сайланған басқару ұйымының болуы. Ұжымда түсіністік қатынас орнайды.
Сонымен бірге психолог Л.С.Выготскийдің «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi...», – деген пікірі де басшылыққа алынды. Оқытудың интербелсенді әдістерінің психологиялық негіздеріне тоқталатын болсақ, ол өзіндік ерекшеліктерімен сипатталды. Сондықтан интербелсенді оқыту әдістемесін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интербелсенді оқыту әдістемесі тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет ету дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Ғалымдар пікіріне сүйенетін болсақ, мұнда негізгі және жетекші үрдіс – іс-әрекетті оқытуды ұйымдастыру, оның ерекшелігі білім алушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Олар өз пікірлерін бір-біріне, топта айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.
Психолог-ғалымдардың пікірінше, білімденуші білімді төрт түрлі жағдайда алады: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әртүрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Сондықтан интербелсенді оқыту әдістемесі студенттердің біліктілігін, икем-дағдыларын дамытуға бағытталады. Бiз сондықтан егер сабақ барысында оқытушы мен студент арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интербелсендi» деп атаймыз.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесін технологиялық негізді құру басты талап болғандықтан, ғалымдар тарапынан педагогикалық технологияға жан-жақты түсініктер беріліп келеді. В.П. Беспалько: «Педагогикалық технология – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба», – деп педагогикалық жүйенің тұлғаны қалыптастырушы, мақсатты ұйымдастырылған әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде көрсетеді. Педагогикалық технология – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі (В.М.Монахов). Педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт (В.М.Шепель). Оқытудың технологиялары – дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуальды бөлігі (М.Чошанов). Педагогикалық технология – арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы (Б.Т.Лихачев). Педагогикалық технология – теориялық білімді, педагогтар мен оқушылардың жеке даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін бүтіндей педагогикалық үрдістің жұмысын тәжірибеде іске асыратын дәйекті әрекеттер жүйесі, оның орындалу нәтижесін бірте-бірте жеке тұлға мен ұжымның дамуынан көруге болады (Н.Хмель). Педагогикалық технология – қатысушыларға ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатында білім беру үдерісін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағдарлаудағы және коррекциялаудағы мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің үдеріс жүйесі (Т.И.Шамова). Ал, М.В.Кларин: «Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», – деп анықтама береді.
Міне, бұл айтылған тұжырымдар педагогикалық технология ұғымын білім мазмұнын құру, оқу-тәрбие әдістерін, құралдарын, түрлерін, таңдауы, тиімді нәтижелерге қысқа мерзімді біртіндеп сатылап жету кезеңдерін қамтитынын көреміз. Жоғары білім беру жүйесінің ошағы университеттердің заманауи техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі филологиялық білім беру саласында, оның ішінде әдебиетті оқытуда жаңа әдістер мен педагогикалық технологияларды пайдалану үшін алғышарттар жасап, мүмкіндік туғызады.
Қазірдің өзінде оқыту барысында қолданылып жүрген оқытудың жаңа технологиялары қазақ тілі мен әдебиетінің табиғатына сәйкес бейімделіп кеңінен қолданыс тапты. Атап айтар болсақ, жалпы орта білім беру жүйесі болсын, жоғары білім беру жүйесі болсын, бәрінің де тәжірибесінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда көбіне-көп, «сын тұрғысынан ойлау», «модульдік оқыту технологиясы», «дамыта оқыту технологиясы», «деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «ойын арқылы оқыту технологиясы», «проблемалық оқыту», «компьютелік технологиялар» т.б. кеңірек қолданылып келеді. Соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды техникалық құрал ретінде, жоғарыда аталған оқыту технологияларының ажырамас құрамды бір бөлігінің болуы аталған технологиялардың мүмкіндігінің кеңдігін көрсетеді. Аталған технологиялардың жинақтық көрінісін беретін коучтік оқыту бойынша өткізілген семинар сабағының үлгісін ұсынамыз.
Ресейлік әдіскер ғалым Г.С.Селевко педагогикалық технологияларды метатехнологиялар, салалық макротехнологиялар, модульді-локальды мезатехнологиялар және микротехнологиялар деп бөледі.
1. Метатехнологияға білім саласындағы әлеуметтік саласындағы әлеуметтік саясатты іске астыратын білім процесін жатқызады. Оған дамыта оқыту технологиясы, аймақтағы білім сапасын басқару технологиясы, белгілі мектепте тәрбие жұмыстарының технологиясы сияқты қандай да бір елдегі, аймақтағы немесе оқу орнындағы тұтас білім процесін қамтитын жалпыпедагогикалық технологияларды енгізді.
2. Макротехнологиялар немесе салалық педагогикалық технологиялар қандай да бір білім саласындағы қызметті іске асыру үшін; оқыту мен тәрбиелеу бағытына қарай немесе белгілі оқу пәніне байланысты қолданылады (жалпыпедагогикалық немесе жалпыәдістемелік деңгей).
3. Мезотехнологиялар немесе модульдік-локальды технологиялар оқу тәрбие үрдесінің жеке құрамдас бөліктерін (модулін) немесе дидактикалық локальды, әдістемелік немесе тәрбие мәселелерін қамтиды. Мысалы, белгілі тақырыпты оқыту технологиясы, сабақтың технологиясы, білімді меңгеру, қайталау немесе бақылау технологиясы.
4. Миркротехнологиялар дара тұлғалық өзара қарым-қатынасқа немесе педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара қарым-қатынасына негізделген шағын да шұғыл міндеттерді шешуге бағытталған технологиялар (тұлғалық-қатыстық деңгей). Мысалы, шығармашылық жазу (эссе, ғылыми-танымдық мақала, реферат, курс, дипломдық жұмысттар т.б) қалыптастыру технологиясы, тұлғаның даралық сапаларын дамытуға арналған тренингтер.
Ақпараттық технологияларды жоғары оқу орындарында қолданудың негізгі бағыттары электронды оқулықтар мен интернет технологиясын пайдалану, бұлар өз кезегінде студенттердің ой-өрісін, жігерін шыңдап, ақпарат кеңестігінен білім алуына жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үрдісіне пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың оқу материалын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал оқытушы үшін дидактикалық құрал болып табылады.
Компьютерлік оқыту технологиясы кең мағынада оқытудың мазмұны, құралдарды қолдану, жұмыс әдістері мен бақылау максимал түрдегі рационалдықты және дәлдікті талап ететін оқыту процесін жаңа тиімділікпен ұйымдастыратын жүйе болып саналады.
Оқытудың компьютерлік технологиялары – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, студенттің танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтің кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері және құралдар жиынтығы. Бұл жоғарыдағы тұжырымдардан шығатын қорытынды, қазіргі білім беру технологиялары білім беру жүйесінің стратегиялық бағыттарына сәйкес білімгердің дербестігін, тұлғасын, құзыреттілігін дамытуға бағытталуы қажеттігін ұғынамыз. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Жұмажанова: «Әдеби білім берудің сапасы жетілдіруде жаңа технологиялардың оқу үрдісіне кеңінен енуі, білім мазмұнын нәтижеге бағдарлауға мүмкіндік туғызды. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Бүгінде әлемдік білім беру жүйесінде оқытудың жаңа электрондық мазмұнына айырықша назар аударылуды. Бүгінде республика мектептерінде электронды оқыту құралдары, интерактивті тақталар, мультмедиалық, лингофондық кабинеттер, электронды оқу залдары ашылып қолданысқа енуде.
Оқытудың техникалық құралдарының басқа түрлеріне қарағанда, компьютерлік оқыту жүйелері өзінің интерактивтілігімен ерекшеленеді, демек компьютерлік оқыту жүйелері оқушының, студенттің сұрағына немесе әрекетіне жылдам жауап беруге, нақтылау үшін сұрақ беруге, хабарламалар жасауға, олар үшін қажетті ақпаратты табан астында беруге қабілетті.
Компьютердің оқу үрдісінде техникалық құралдың жаңа түрі ретінде ене бастауымен байланысты оқу үрдісін қарқынды етудің зор мүмкіндіктері пайда болды, іскерлік ойындар дамытылуы мүмкін, студенттердің аудиториядағы және аудиториядан тыс уақыттағы өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырудың мүмкіндігі ұлғайды.
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсу арқылы қабылдауды түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді».
Қазіргі компьютерлік желілер ақпарат алудың көзін кеңейтіп, виртуальды технологиялардың көмегімен ақпарат алудың жаңа түрлерін ұсынуда. Мысалы, белгілі бір тарихи романдарды, сол кезеңге қатысты тарихи-әлеуметтік жағдайларды меңгеруде қазіргі таңда үйден немесе аудиториядан шықпай-ақ виртуальды музейлер арқылы мұражай жәдіргеліктерімен танысуға, немесе көркем шығарманың мәтімен танысуда вертуальды электорнды кітапханалар арқылы романдардың мәтінімен танысуға (аудио немесе визуальды электронды нұсқада), сондай-ақ қазіргі қазақ романдарының авторларымен әр түрлі сайттар арқылы (мысалы, www.adebiportal.kz) онлайн конференциялар ұйымдастырып, қаламгермен тікелей байланыс орнатуға, онлайн талдауға, тіпті вертуальды кеңестікте оқу аудиториясын құрып, студенттермен қашықтан оқытуға да мол мүмкіндіктер туып отыр. Технология терминінің екінші бағыты туралы ойымызды түйіндеп, барлық техникалық құралдарды біріктіруші, әрі басқа да оқыту технологияларды басқаруда жамана құрал ретіндегі компьютелік технологияның мүмкіндігін төмендегіше сызбамен көрсетуге болады.
Қазіргі таңда жоғары білім беру жүйесінде білімді ақпараттандырудың, яғни тікелей компьютерлік технологияның зор мүмкіндіктерінің нәтижесінде пайда болған электронды оқулықтардың да маңызы өте зор. Ол оқытудың қосымша дидактикалық құралы емес, оқытудың тиімді ақпараттық-білім берудің негізгі көзі болып табылады. Автоматтандырылған оқытуды, мәтінді терең, жүйелі меңгеруге жол ашады. Бірақ бұл жұмыстар қашанда пән мұғалімінің тікелей шебер әдіс-тәсіліне сүйенеді. Электронды оқулықтар арнайы, блоктардың кешеніне сүйенеді. Олар: Ақпараттық деректер қорымен таныстыру, оқу материалын жүйелеу; Әртүрлі әдеби-жаттығулар, интерактивті тапсырмалар арқылы оқу Мультимедиялық технология Электрондық почта Интернет ресурстары Қашықтан оқыту Чат, агент Телеконференц режимі ия. Онлайн конференция Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқыту материалын бекіту; Тапсырмалармен жұмыс істеу барысында, ақпараттық қорды толықтыру, мәтінді талдау, оқу материалын ұсыну, бекіту, т.т. Шығармашылық жұмыстар, тестілеу түріндегі бақылау, әдеби жаттығулар, рейтинг жүргізу, сұрақ-тапсырмалар түзу, алғашқы, ағымдық, қорытынды бақылау жасау.
Электронды оқулықтарды тиімді пайдалану студенттердің белсенді ойлауға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттайды. Олардың танымдық әрекеті әдеби білімді ұтымды меңгеру қажеттілігімен ұштасып жатады. Мұнда ең алдымен мақсат қойылады, тапсырмалар бөлініп жұмыс жоспарланады, іс-әрекет бақылауға алынады. Студенттерді ұдайы белсенділікке төселдіруде, оларды жауап беруге, мәтінге талдау жасауға, пәннің мазмұны мен мақсатына сай, тақырыптың ерекшелігін жіктеп, саралауға төселдіріледі.
Осындай әдістердің бірі әдебиетті оқытуда видео тасымалдаушы құралдарға жазылған видеодәрісті атауымызға болады. Бұл мұғалімнің немесе студенттің (педагогикалық тәжірибеде) шынайы өткізген сабағы болуы тиіс.
Бұндай видеодәрістердің сенімділігі, аталған әдістің жалғыз жетістігі ғана емес. Видеодәріс филология факультетінің студенті үшін мектептік сабақ өткізудің үлгілерімен таныстырудың қолайлы жолы, сондай-ақ әдістеменің белгілі бір мәселелерінің ақпарат көзі болып табылады. Сабақ барысында студенттердің белгілі бір мәселе төңірегінде сұрақтары туындаса, оқытушы видео дәрісті тоқтатып, талас тудырған тұстарды қайта қарауға және талдап түсіндіруіне болады. Видеодәрістерді қайта қарау жас маманға алынған білімді тәжірибеде қолдануға көмекке келеді, оқыту әдістемесі мен оның мазмұнын жетілдіре түсуге материалдар жинайды, сондай-ақ алдағы педагогикалық қызметінің дұрыс жолға қойылуына мүмкіндік береді. Видеодәрістерді талдау және қорытындылау студентке белгілі бір дәрежеде мектептегі оқу-тәрбие үрдісі туралы баға беруге, шығармашылық тұрғыдан ізденуге жетелейді.
Мультимедиялық құралдар, яғни соның ішінде видеодәрістерді пайдалану әдебиеттен берілетін білім мәтінмен жұмыс істеуде маңызды орынға ие. Ең маңыздысы, бұл әдіс жаңа технологиялар мен әдебиетті оқытудың қалыптасқан дәстүрлі жолымен табиғи үйлесімін табуға мүмкіндік береді. Видеодәрістер арқылы мектептегі сабақтың құрылымдық жүйесі мен жұмыс мазмұнын меңгеру студенттерге педагогикалық тәжірибедегі әдістерді меңгерту әрі талдауға үйретіп қана қоймайды, сондай-ақ әдебиетті оқыту әдістемесі мәселесінде шығармашылық тұрғыдан ойлау, шешімін табуға, жеке кәсіби әдістемелік стилінің қалыптасуына да мол мүмкіндік жасайды.
Мамандық бойынша видеодәрістерді пайдалану арқылы студенттердің әдіс-тәсілдер мен сабақты өткізу құралдарын игеруіне көмектесе отырып, екінші жағынан оқушылардың жас ерекшелігіне әрі жеке қабілеттеріне сәйкес танымдық, оқу және шығармашылық әрекеттеріне жетекшілік ету дағдылары да қалыптасады.
Видеодәрістерді пайдаланудың артықшылығы студенттерге таңдаған мамандығының шеңберінде педагогикалық құзыреттіліктерін, яғни өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, мектептерде және мектептен тыс қосымша білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие жұмысының заманауи жағдаятын меңгеруге, алдыңғы қатарлы озат тәжірибені, дәстүрлі емес сабақ үлігілерін игеруге де жол ашады. Сондай-ақ, видеодәрістерді қарау барысында, студенттердің филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі саласында ғылыми зерттеу әдістері мен тәсілдерін, яғни студенттердің өзіндік зерттеушілік, ізденістік қабілеттерін қалыптасуына да зор мүмкіндігі болады.
Қазіргі уақытта теориялық даярлығы жоғары кәсіби маман болуға болады (қазіргі жоғары білім беру жүйесі теориялық біліммен жоғары деңгейде қамтамасыз етуге толық мүмкіндігі жетеді), бірақ жағдаятқа байланысты оңтайлы шешім табу, меңгерілген материалды тәжірибеде пайдалануға даяр болу үшін – оқытудың интербелсенді әдістерінің көмегімен оқыту аса қажет. Жоғарыда аталған қазіргі заманауи технологияларды пайдалана отырып, білім берудің мазмұнын арттырып, жоғары мектептегі сабақ үрдісін ұйымдастырудағы интербелсенді әдістер мен тәсілдер дәстүрлі сабақ үрдісін қызықты әрі тартымды танымдық үрдіске ұластырады. Ол үшін оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын, негізінен, ақпараттық технологиялармен байланыстыра қолдансақ, өзінің тиімді нәтижесені беретіні қазіргі әдістеме ғылымында дәлелденіп келеді.
Романдарды оқытуда технологиялардың нәтижеге бағытталуына байланысты жіктелген метапәндік сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі зор. Сыни тұрғыдан ойлау жобасының негізгі идеясы Джон Дьюи, Жан Пиаже және Лев Выготскийдің теориялық мұраларының негізгі идеяларына сүйенеді. Мысалы, Джон Дьюи: «Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпақққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады. Мектеп – осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал». Бұл технологияның басты мақсаты оқыту процесінде басты салмақ оқытушыдан оқушыға ауыстырылуы тиіс деген ұстанымды басшылықққа алады. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы инновациялық оқыту технологиясының маңыздылығы мұғалім мен оқушының арасындағы тығыз байланысы, оқушылардың, білім сапасын арттыруда оқушы тарапынан тек белсенді түрде меңгерілген білім ғана маңызды әрі тиімді екенін айта келе төмендегі мәселелерге мән береді:
- оқуда білімді өз бетінше іздеу;
- теория мен практиканы біріктіру;
- бір-біріне құрметпен қарау, мәдениетті қарым-қатынаста болу;
- өз пікірін жақтай, дәлелдей білу;
- ізденіс, еркін таңдау, жеке пікір, топпен талқылау;
- қажет жағдай көзқарасын өзгерту т.б.
Өйткені сын тұрғысынан ойлау – ең алдымен шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Дәстүрлі оқыту жүйесімен салыстырсақ, сыни тұрғыдан ойлау жобасы бойынша сабақ өткізудің негізгі үш сатысы бар. Қызығушылықты ояту, мағынаны тану және ой толғаныс.
Алғашқы саты қызығушылықты ояту дәстүрлі оқыту жүйенде көбіне қалып кетіп жататыны жасырын емес. Студенттер семинар, не практикалық сабақтарға дайындықпен келеді деп ойлауы мүмкін. Әрине, бұны жоққа шығаруға болмайды, бірақ көп жағдайларда ең алдымен не күтілетінін анықтап, оқушының қызығушылығын оятып алып, бұрынғы құрылым мен білімді санасына сіңіріп, тек сосын ғана ары қарай үйренетіндей орта қалыптастыру қажет. Тіпті қабілетті, сабаққа үнемі дайындықпен келеді деген студенттер үшін қызығушылық ояту саты ұзақ, әрі мағыналы оқудың қажетті психологиялық негізін салады. Бір сөзбен айтсақ, қызығушылықты ояту – оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам болып табылады.
Мағынаны тану сатысы дәстүрлі оқыту жүйесінде жаңа білімді меңгерту немесе үйрету деп аталады. Бұл терминдік атауларды жай бақылап қарағанда, күрделі ештеңе байқалмағанмен, сабақтың мақсатына сәйкес мағынаны тану да оқушы басты тұлға болып, мұғалім идея беруші, кеңес беруші ретінде ғана көрінуі тиіс. Мағынаны тану оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез-келіп қалғанда іске асады. Мәселен, қазіргі таңда әдебиет сабақтарының материалдарын тек ауызша ғана жеткізіп түсіндіру аздық ететін сыңайлы. Компьютерді, видео проекторды, интерактивті тақтаны басқа да нұсқау әдістерінің қай-қайысысы болмасын, осы екінші сатыда көбіне көп қолдану оқушы мен мұғалім арасында ақпараттар алмасу, оны бұрынғы білім мен сенімдеріне байланыстылығын анықтауға жәрдемдеседі.
Дәстүрлі сабақ жүйесімен салыстырғанда, ой толғаныс жаңа сабақты бекіту кезеңімен сәйкес келеді. Ал, сабақтың қарапайым соңғы бөлімі ретінде ой толғаныс кезеңінің мақсаты оқушылардың алған білімдерін сыртқа шығарып, өз сөздерімен жеткізе бастауы, алған білімдерін тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтау мен мазмұны жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе келесі бір идеяның туындауына шақырумен айғақталады. Бұл ойларды жүзеге асыруда бізге сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары көмекке келеді.
Сондықтан жоғары мектепте қазіргі қазақ романдарын заманға сай оқытуда «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегияларын қолданудың маңыздылығы әсіресе жаңа сабақтарды меңгертуде, оқушыларды өз бетімен жұмыстандыруда, практикалық тапсырмаларды деңгейлік тұрғыдан орындатуда ерекше. Өйткені студенттердің барлығы өз ойларын еркін айтуға, пікірлерін қорғай білуге мүмкіндік алады. Романдардан берілетін теориялық материалды, яғни көркем мәтінді оқып қана қоймай, романдарды ғылыми-теориялық деңгейде қабылдау, түсіну, талдау заңдылықтарын, терминдер мен анықтамаларды үйреніп әрі оларды күнделікті сабақ үрдісінде коммуниактивтік кәсіби бағытта қатынас құралы ретінде қолдануға қажеттілігінің қыр-сырын түсінеді.
Қазіргі жоғары мектеп педагогикасында жиі қолданылып жүрген оқытудың пәндік нәтижелеріне бағытталған технологияның бірі –

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет