«Жоғары мектептегі оқытудың белсенді оқыту түрлері мен әдістері» МӨж алматы 2022


Репродуктивті әдіс. Бұл әдісте оқытатын материалдар үлгі немесе ереже бойынша меңгеріледі. Білім алушының кызметі алгоритмдік сипатта болады, яғни, инструкция, ұқсас нұсқаға сәйкес орындау түрінде



бет2/6
Дата13.12.2022
өлшемі35,43 Kb.
#56841
1   2   3   4   5   6

2. Репродуктивті әдіс. Бұл әдісте оқытатын материалдар үлгі немесе ереже бойынша меңгеріледі. Білім алушының кызметі алгоритмдік сипатта болады, яғни, инструкция, ұқсас нұсқаға сәйкес орындау түрінде келеді.

3. Проблемаларды баяндау әдісі. Оқытушы жана материалдарды баяндамас бұрын сан түрлі амал-тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, студенттердің алдына проблема, танымдық, міндеттер қояды, жүйелі дәлелдер, көзқарастар, тұжырымдарды мысалдарға келтіру арқылы қойылан міндетті шешу жолын көрсетеді. Студенттер ғылыми ізденіске қатысты ғылыми жаңалық куәгері ретінде болады. Осындай әдіс қай кезде де ЖОО - да қолданылатын әдістің біріне жатады.

4. Эвристикалык әдіс. Оқыту үдерісінде ұсынылған міндеттерді шешу жолын белсенді іздестіруді ұйымдастыру (студент жекелей оқытушымен бірлесе). Бұл әдіс ойлау процестерін белсенді етіп, семинарда, коллоквиумда танымдық қызығушылықты арттырады.

5. Зерттеушілік әдіс. Материалды талдап болғаннан соң, проблема қойылып, шешуге тиісті міндеттер ұсынылады да оларды орындау туралы қысқаша ауызша немесе жазбаша нұсқау (инструктаж) беріледі. Студенттер өз беттерімен әдебиеттерді, дереккөздерің, бақылау мен өлшемдерді қолдану арқылы ізденеді. Ізденістерді бірте бірте ғылыми зерттеу жұмысына ұласады.

Жоғары оқу орындары оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.

Оқытудың белсенді әдістері оқу процесінің әр түрлі кезеңдерінде пайдалануы мүмкін. Білімді тұңғыш игеру кезінде, білімді бекіту және жетілдіру кезінде, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде. Оқытудың меңгерілген әдістерін белсенді және белсенді емес деп бөлуге болмайды. Танымдық іс-әрекет белсенділігінің алуан түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, оқытушы студенттердің танымдық белсенділігін көтеруге қол жеткізеді.

Оқытудың белсенді әдісі мен түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: іскерлік ойындар, проблемалық, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс – диалог, тренинг, дөңгелек столдар, пікірталас, ұжымдық - танымдық, оқу және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет