«Жоғары мектептегі оқытудың белсенді оқыту түрлері мен әдістері» МӨж алматы 2022



бет4/6
Дата13.12.2022
өлшемі35,43 Kb.
#56841
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
12

Екіншіден, студенттердің аяқ астынан дәрістік сабаққа екінші оқытушы араласқан сәтте еріксіз түрде өз назарын бір субъектіден екінші субъектіге аудару сияқты психологиялық аспектілері өте құнды. Студенттер назары бақылау, салыстыру, оның іс-әрекетін талдауға ауады. Осылайша назарын басқаға аударудың психологиялық механизмі студенттің өз пайдасына жұмыс істей бастайды.

Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар, соларды қарастырайық.



«Артықшылығы»

«Кемшілігі»

-студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады;
-студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;
-оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына себепкер болады.

-алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді.


Пікірталас әдісі – оқу материалының дау тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі. Бұл әдіс проблемалық жағдаятқа негізделген және семинар сабақтарында кеңінен қолданылады. Пікірталастың туындауына теорияны қорытулар мен ережелер, қағидалар, теорияны практикамен алмастыру, ғылым мәселелерін талқыға салу, проблеманың бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола алады.

Пікірталас түрлері:


-топ оқушыларының жалпылама түрде бір проблеманы шешу барысына аяқ астынан пайда болатын пікірталас;
-әр түрлі педагогикалық құбылыстарға өзіндік ұстанымын білдіру үшін сенімін қалыптастыруға бағытталған пікірталас;
-арнайы педагог туындатқан нақтылы ақпарат пен дәлелді дәйектерге сүйенген оқу пікірталас.

«Күшті» жақтары

«Әлсіз» жақтары

-диалогтік қарым-қатынас дағдылар жетіледі;
-сыни ойлау дамиды;
-қаралатын мәселе бойынша білімдері толықтырылады

-барлық тақырыпты пікірталас әдісі арқылы оқытуға келмейді;
-пікірталас әдісін барлық студент бірдей қолдана алмайды;
-дайындық үшін қосымша уақыт керек

«Шағын топтар» әдісі – оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп берілетін, студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі.

«Артықшылығы»

«Кемшілігі»

-топта жұмыс істеу іскерліктер дамиды;
-белсенділік, бастамашылық, дербестік секілді қасиеттер жетілдіріледі;
-шығармашылық қабілеттер дамиды

-дайындық үшін қосымша уақытты талап етеді;
-студенттердің барлығы бірдей топта жұмыс істеу әдісін біле бермейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет