«Тірек конспектілер» әдісі – оқу материалын меңгеру мен бекіту ақпарат көздеріне (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалықтар, дәріс конспектілері және т.б.) қарай бірнеше рет қайталау нәтижесінде жүзеге асатын оқыту тәсілі.
Бұл әдісті семинар және практикалық сабақтарда қолдануға болады
«Артықшылық» жақтары
|
Орындалуға тиіс міндетті шарттар
|
-оқу материалын бірнеше рет қайталау;
-студенттерді бірлескен жұмысқа тарту;
-танымдық белсенділігін арттыру
|
-студенттер мұндай жұмыстың әдістемесімен таныс болуы шарт;
-әдісті студенттердің сабаққа нашар даярланып келген уақытында ғана қолданған дұрыс
|
Оқытудың жекеленген жүйе» әдісі – білім алушылар өздігінен, жекелей оқу материалын оқу әдебиеттері, бейнефильмдер, юниталар, слайд-дәрістер, курстық кейстер арқылы меңгеретін оқыту тәсілі.
Бұл әдіс дәріс өткізу барысында, сонымен қоса сырттай оқу түрі студенттерімен жұмыс істегенде, қашықтықтан оқыту формасында жақсы қолданыс тапты. Бұл әдістің ерекшелігі оқу курсының мазмұнын модульдерге бөлу болып табылады.
«Мықты» тұстары
|
«Әлсіз» тұстары
|
-оқу үдерісін жекелеу, даралау;
-білім алушылардың өзін-өзі басқаруларын дамыту;
-студенттердің мүмкіндіктерін есепке алу
|
-студентердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін қосымша уақыт керек
|
«Миға шабуыл» әдісі – студенттердің ғылыми және практикалық проблемаларды шешудегі дәстүрлі емес жолдарын іздестіретін ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған оқыту тәсілі. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады:
Проблеманы анықтай алу немесе проблемалық жағдаят туғызу.
Талдаусыз және дәлелсіз әр түрлі ойларды алға шығару.
Ойларды, ұсыныстарды теориялық, эмпирикалық жағынан тексеру, талдау.
Үздік ойларды таңдау және бағалау.
Әдістің құрылымы екі бөліктен тұрады: біріншісі – ойларды шығару, екіншісі – ойларды дамыту және қорғау. Бұл әдісті көбінесе семинар сабақтарында кейде дидактикалық мақсатты ескере отырып дәріс сабақтарында да қолдануға болады.
«Мықты» тұстары
|
«Әлсіз» тұстары
|
-танымдық белсенділікті арттыруы;
-оқу материалын білім алушылардың шығармашылық жолмен меңгеруі;
-теорияның практикамен байланысы;
— көңілдің ортақ іске жұмылуы;
-проблеманы шешу кезеңінде ойлау қызметінің күшеюі;
-топта жұмыс істеу іскерліктерін қалыптастыру
|
-дайындық үшін қосымша уақыт қажет;
-барлық студенттер «миға шабуыл» әдісімен таныс болмауы мүмкін;
-барлық тақырып осы әдіспен оқытылуы мүмкін емес
|
«Іскерлік ойындар» әдісі – оқу-кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет түрлерін орындайды.
«Іскерлік ойындар» әдісінің «мықты» және «әлсіз» тұстары бар:
«Мықты» жақтары
|
«Әлсіз» тұстары
|
-болашақ кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің бір кезенді модельдеуге мүмкіндік береді;
-теориялық білімдерінің нығая түсуіне және оны практика жүзінде қолдануға мүмкіндіктері артады;
-педагогиканы оқуға қызығушылықтары арта түседі
|
-дайындық үшін қосымша уақыт қажет;
-ойынды өткізу, ұйымдастыру аудиториялық уақыт аясына сай келе бермейді
|
Достарыңызбен бөлісу: |