«Дөңгелек үстел» әдісі – педагогика бойынша бұрын өтілген білімдерін бекітуге, оқу материалының жеткіліксіз тұстарын толықтыруға мүмкіндік беретін, педагогика бойынша проблемаларды өздігінен шешіп, талдау жасай алу қабілеттерін дамыта түсетін әрі пікірталас жүргізе білу мәдениетін қалыптастыратын оқыту тәсілі.
Әдіс өзінің «мықты» және «әлсіз» тұстарымен сипатталады:
«Мықты» тұстары
|
«Әлсіз» жақтары
|
-студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады;
-студенттерге негізгі проблеманы көруге және туындаған жағдаяттағы қарама-қайшылықты табуға үйретеді;
-студенттің өзіне тікелей талдауға қатысуына мүмкіндік береді
|
-дайындық үшін қосымша уақыт қажет;
-оқу сабағының уақыт көлемі шектеулі (50 минут)
|
«Кейс-стади» әдісі отандық жоғары оқу орындарында АҚШ, Канада бизнес-мектептерінің тәжірибесінен алынып, қолданысқа еніп отыр. Бұл әдіс аналитикалық іскерліктерді, проблемалық міндеттерді шешудегі практикалық іс-әрекеттерді, ауызша және жазбаша дағдыларды қалыптастырады.
Оқыту кезінде «кейс-стади» әдісін қолдану Дж. Мартиннің «Таным пирамидасында» жақсы көрсетілген. Ғалым әр түрлі формада сабақ кезінде меңгерілетін оқу материалын пайыздық көлемде берген:
дәріс – 5%; оқу – 10%; аудио әдістер – 20%; демонстрация – 30%; пікірталас әдістері – 50%; практикалық іс-әрекет – 70%; басқаларды оқыту– 90%.
Достарыңызбен бөлісу: |