Ұлттық мінез ұлттың барлық психикалық ерекшеліктерінің
жиынтығын құраса, ұлттың сана ұлт ерекшелігін, оның тарихи қалыптасуын
меңгеру, ұлттық жігер ұлтының намысын қорғайтын, ұлтын танытуды
мақсат ететін әрекетке әкелсе, ұлттық дүниетаным - ұлттық болмыс, тәрбие,
тарихи сана, басқа да дәстүрлі мәдени-рухани көзқарастар жүйесін
қалыптастырады, ал ұлттық білім - білім мазмұнындағы ұлттық біліктілігіміз
білім мазмұнындағы ұлттық дүниетанымызды дамытады деп айтуға болады.
Ұлтқа тән аталған ұлттық сана, дүниетаным, жігер, мінез үлгілері
ұлттық тәрбие берудің мазмұнын ашуға негіз болады.
Қорыта айтқанда, ғасырлар тоғысындағы жаһандану үдерісі әлемдегі
барлық елдер мен аймақтардың өзара кірігуіне, халықаралық байланыстардың
кең серпінмен дамуына, рухани-мәдени, тарихи қатысымдық жүйені
жетілдіруге алғышарттар туғызып отырғаны жаңа дәуірдің жасампаз қуатын
танытады.
Қазіргі жаһандану дәуірі этникалық және ұлттық феномендер саласында
қарама-қайшылықты үрдістердің қатар дамитындығын көрсетіп отыр. Бір
қарағанда, рухани мәдениет саласындағы жаһанданудың жеңісі оның өзге
мәдениеттерді батыстық бұқаралық мәдениеттің толығымен ығыстырып
шығаруын білдіреді. Жаһандану жағдайында осы бұқаралық мәдениет ұлттық
мәдениеттердің басты бәсекелесі болады, бұл мәдениеттің алуан түрлері және
әр түрлі құбылыстарын қамтитын, ғылыми-техникалық төңкеріспен,
коммуникативті және репродуктивті жүйелердің дамуымен, ақпараттық
айырбас пен кеңістіктің жаһандануымен байланысты сипатталады. Бұқаралық
мәдениеттің функционалды және формальды ұқсастықтары ежелгі
өркениеттерден тарихи бастау алады, бірақ нағыз шынайы бұқаралық
мәдениет индустриалдандыру үдерістері, таптық қоғамдардың ұлттық
қоғамдарға өзгерістері барысында, жергілікті халықтың жалпыға бірдей
сауаттылығының қалыптасуы, индустриалдыққа дейінгі дәстүрлі мәдениеттің
көптеген формаларының деградациясы, ақпаратты көбейтіп тарату мен
тасымалдаудың техникалық құралдарының дамуы және т.б. жаңа заманда ғана
жүзеге асып отыр.
Жаһандану әр түрлі мәдениеттердің өзара әрекетінен және өзара
кірігуінен де көрінеді. Ғаламдық контексте ұлттық мәдениеттердің дамуын
талдау әлемдік мәдениеттің бұрынғы, оқшау сипатын алмастыратындай
қандай да біртұтас мәдениеттің қалыптасуы туралы қағидалар дәлелденбейді.
Жаһандануға белсенді түрде еніп кеткен елдер өздерінің ұлттық рухани
мәдениетінен мүлдем бас тартпайды, керісінше оны әлемдегі өзгерістерді
ескере отырып, сақтайды және дамыта түседі. Мұның ең жарқын үлгісі ретінде
экономикада, технологиялық салада табысты жаңаруды жүргізген және
ғаламдық мәдени үдеріске ықпалдасқаннан кейін де өздерінің ұлттық
мәдениеттерінің ерекшеліктерін сақтап қалған мемлекеттерді атауға болады.
Оның үстіне сол елдердің мәдениеті, өз кезегінде, батыстық әлемнің
мәдениетіне барған сайын зор ықпал етіп келеді.
Ұлттық мәдениеттердің өмір сүруі, дамуы бүкіл адамзат үшін ортақ
болып
келетін
құндылықтардың
мойындалуына
нұсқан
келтірмейді.Ұлттардан құралатын адамзат туралы ұғым олардың барлығын
біріктіретін жалпы өлшемді логикалық түрде қабылдауды көрсетеді. Бұлай
өзара толықтыру негіздері дін философиясына да тән. «Бүкіладамзаттық ұлттан
жоғары тұрған туыстықсыз адамзат рухы мен мәдениетінің өрлеуі мүмкін
болмайтын ұлттық құрылымдарсыз оған қол жеткізу мүмкін емес» , - деп
жазды И.А.Ильин.
Қорыта келе, жаһандану жағдайында ұлттық тәрбие беру мәселесін
зерделегенде мәдениет саласындағы әр түрлі халықтардың барлық
жетістіктерінің ұлттық-рухани дәстүрлерге негізделетінін ескеру қажет.
Ұлттық мәдениетті дәріптеу мен оны тарату ерекше психологиялық
тартымдылыққа ие болады,
ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мәдениеттерді
сақтау ұлт өкілінің терең эмоциялық-психологиялық және рухани
қажеттіліктерін қанағаттандырып, танымдық әлемін кеңейтеді. Осы орайда
жаһандану біртұтас, өзара ынтымақта және өзара байланысты рухани ортаны
қалыптастыра отырып, бүкіләлемдік тарихтың жаңа кезеңін өмірге әкеледі.
Мұндай рухани – мәдени біртұтастық аясында ұлттық мәдениеттердің
ерекшеліктері мен қайталанбас тәжірибесі, тарихи құндылықтары өміршең
сипатта дамитыны сөзсіз.
|