Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет8/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Удалить два рисунка 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мәдениеттаным 
дық білімідер 
Ақпараттық 
технология 
Психопедагоги-
калық 
диагностика 
Әлеуметтаным 
дық білімдер 
Педагогикалық 
технологиялар 
Тәлім-тәрбие 
технологиясы 
Ұлттық 
мамандар 
Танымдық 
алғышарттар 
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 
МАЗМҰНЫ  
Халықтық 
педагогика 
Жеке тұлға 
типологиясы 
Педагогикалық 
мониторинг 
Ұлттық тарихи-
мәдени мұраларды 
енгізу зертханасы 
 
Әдістемелік 
бірлестіктер 
Жоғары мектептегі 
тәрбие ұйымдары 
Ғылыми-зерттеу 
орталығы 
Шығармашылық
-әдістемелік 
орталық 
Отбасы 
қауымдастығы 
Озық 
тәжірибелер 
алмасу орталығы 


Сурет 1 - Ұлттық тәрбие берудің мазмұны 
 
 
Архив  материалдары  дәлелдегендей  жиырмасыншы  жылдары  Кеңес 
мектебін  құруда  біршама  тиімді  тәжірибе  анықталды.  Республикада  ұлттық 
ғылыми  –  педагогикалық  кадрлар  даярлана  бастады.  Педагогикалық  оқу 
орындары  мен  ұлт  мектептеріне  арнап  оқулықтар  мен  оқу  әдістемелік 
құралдар жарық көреді. 
Е.Г.Водичев: «КСРО-дағы зерттеу университеттерінің дәстүрі біршама 
элитарлық университтерде сақталған, ал белгілі бір тарихи дәстүрлер Москва, 
Ленинград,  Томск,  Казань  және  т.б.  сияқты  бұрынғы  білім  беру 
орталықтарында көптеп сақталды»,-деп атап өтеді. 
Жоғары  педагогикалық  білім  беру  жүйесін  кешенді  түрде  зерттеу, 
жоғары  педагогикалық  білім  берудің  әр  тарихы  кезеңде  қалыптасқан  іс-
тәжірибе мен даму ерекшеліктерін ашып көрсету, республиканың жекеленген 
оқу  орындарының  ғылыми  –  педагогикалық  кадрларды  даярлаудағы  ролі, 
жоғары педагогикалық мектепте ғылыми – зерттеу жұмыстарына ерекше мән 
беру, жоғары педагогикалық білім берудің мазмұнын жетілдіру, оның ғылыми 
негіздерін жасау, үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалім кадрларын даярлауды 
жетілдіру,  қазіргі  көп  сатылы  білім  беру  жағдайында  мұғалім  кадрларын 
даярлаудың  ерекшеліктері  және  т.б.  көптеген  мәселелер  бүгінгі  күнгі 
педагогика ғылымының өзекті мәселелері болып табылады. 
Жалпы педагогика ғылымының қоғамдық маңыздылығы болып: жалпы 
орта білім, жоғары білім, үздіксіз білім беруді ғылыми - әдіснамалық, ғылыми 
- әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, білім берудің тиімділігі мен сапасын 
арттыру, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 
Қазіргі  жаһандану  кезеңіндегі  ұлттық  тәрбие  беруде  білім  мен 
ғылымның өзекті бағыттары мен проблемалары төмендегідей жүйеленеді: 
1. жалпы білім берудің, тәрбиелеудің нақты педагогикалық, қоғамдық 
тұжырымдамалары мен технологияларын анықтау; 
2.  білім  берудің  әлеуметтік,  экономикалық  және  педагогикалық 
аспектілеріне болжам жасау, іс-тәжірибеге ғылыми тұрғыдан талдау жасау; 
3. білім беру жүйесін демократияландыру және ізгілендіру; 
4. жеке тұлғаны дамытудағы болашақ бағдарын анықтау; 
5.зерттеудің әдіснамасы мен әдістерін дамыту; 
6. саяси – адамгершіліктік тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастыру, 
азаматты қалыптастыру; 
7. ұлттық білім компоненттерін өңдеу, мазмұнын жетілдіру,  жаңа  оқу 
жоспарлары  мен  бағдарламаларды,  оқулықтар  мен  әдістемелік  құралдарды 
эксперименттік тексеруден өткізу; 
8. ұлттық мәдени сана-сезімді қалыптастыру; 
9. білім беру үдерсісін оңтайландыру; 


10. өздігінен білім алудың тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру 
және жастардың әеуметтік – психологиялық мәселелерін зерттеу. 
Қазақстанда  жаһандық  инновациялық  экономиканың  құрылуы  білім 
және  ғылым  саласына  жаңа  талаптар  қоя  бастады.  Бұл  өзгерістер  ғылыми-
инновациялық  білімді  қалыптастыру  талаптарына  қаншалықты  қатысты 
болса,  жоғары  оқу  орындарында  ғылыми-инновациялық  ортаны  кеңейту 
қажеттігін  туындатты.Мұның  бастау  бұлағы  ортағасырлардан  басталып, 
университет  өз  қызметінің  институционалдық  құрылымында  білім  беру, 
зерттеу, тәрбиелеу сияқты маңызды үш бағытты айқындап, бекіткен болатын. 
Білім беру, зерттеу және  тәрбиелеу  университеттік білімнің іргетасын 
қалайды.  Білім  мен  ғылым  мазмұнының  дамуы  бірнеше  негізгі  бағыттарды 
қамтиды: 
Біріншіден,  қазіргі  заманғы  ғасыр  –  білім  және  ғылыми-техникалық 
прогресс ғасыры, бұл білім беру мен ғылымды дамыту функциясын күшейте 
түседі. 
Екіншіден,  білім  берудің,  ғылыми-техникалық  прогрестің  қашан  да 
жаңарып  отыруына  байланысты  жаңа  кәсіби  проблемаларды  шешуде 
дайындықтарын қалыптастыру талаптарын айқындайды. 
Үшіншіден,  жоғары  мектепте  үйлесімді  ғылыми  қызмет  теориясы 
болашақ  мамандардың  ғылыми-инновациялық  мәдениет  негіздері  мен 
біліктілігінің қалыптасуына, педагогтар мен студенттердің шығармашылығын 
үйлестіруге мүмкіндіктер береді. 
Төртіншіден,  аталмыш  теория  ғылымның  дамуын  жаңа  деңгейге 
көтерілуіне мүмкіндік береді. 
Білім берудің логикасы, құрылымы және жүйесі, негізгі категорияларын 
оның  теориялық  заңдылықтары  мен  қағидаларын  айқындауға  негіз  болады. 
Аталмыш теорияларға: жоғары оқу орындарындағы ғылыми қызметтің даму 
тарихы, әлемнің түрлі елдеріндегі жоғары мектептегі ғылымның дамуын және 
қазіргі  заманғы  жай-күйін  салыстырмалы  сипаттауды,  ғылыми  қызметтің 
мақсаты  мен  міндеттері,  мазмұны,  әдістері  мен  қағидалары,  дәстүрлері  мен 
ғылыми мектептері сияқты негізгі категорияларды, жоғары мектептегі ғылыми 
қызметтің жағдайы мен ғылыми-инновациялық ортаны қосуға болады. 
«Зерттеу  мен  білім  берудің  бірлігі»  қағидалары  идеясын  дамыта 
отырып, ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде жоғары оқу орындарындағы 
нәтижеге  негізделген  ғылым  өзінің  инфрақұрылымын  (материалдық, 
ұйымдастырушылық  және  т.б.)  құра  бастағанын  айтуға  болады.  Сонымен, 
бүгінгі  таңда  жоғары  мектепте  ғылымның  көпкомпонентті,  түрлі  деңгейлі 
диверсифициялық  жүйесі  көрініс  табуда.  Бұған  сондай-ақ  білім  берудің 
мазмұны да, кәсіби біліктілік те, ғылыми қызмет үрдісі де, ғылыми мектептер 
де, жоғары оқу орнындағы ғылымның өнімдік құрылымы да жатады.  
Оқытушылар  мен  студенттердің  ғылыми  қызметінің  мақсаты  оқу-
зерттеу  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  орындау  негізінде  жаңа  білімді 


игеру,  жаңа  технологиялар  әзірлеу,  танымның  жаңа  әдістеріне  қол  жеткізу 
болып  саналады.  Ғылыми  қызметтің  міндеттерін  зерттеу,  негізгі 
категорияларының мәнін анықтау; проблеманың теориялық негіздерін әзірлеу; 
үрдісті, жүйені және құбылысты модельдеу; жаңа технологиялар мен әдістерді 
өңдеу, зерттеу нәтижелерін талқылау және енгізу арқылы айқындауға болады. 
Ғылыми  қызметтің  мазмұнына  нақтылы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының 
мазмұны,  яғни  білім  жүйесі,  тұжырымдамасы  мен  теориясы,  жаңа 
технологиялар,  таным  тәілдері,  сондай-ақ  оқу-зерттеу  және  ғылыми-зерттеу 
қызметі тәжірибесінің қалыптасуы жатады. Осындай тәжірибенің жинақталуы 
болашақ маман ретінде студент қызметінің қалыптасуына негіз болады. 
Ғылым мен білім беделі ел экономикасының әр түрлі салалары үшін 
мамандар  даярлаудың  сапасына  қарай  анықталады.  Жоғары  оқу 
орындарында  жүргізілетін  ғылыми  зерттеулер  жоғары  сапаға  жетуде 
ерекше роль атқарады. Ресей мен Батыс елдерінде барлық жетекші жоғары 
оқу  орындары  ғылыми  зерттеулерінің  жоғары  нәтижелілігі  арқасында 
осындай беделге жетіп отыр. 
XXI  ғасыр  шебінде  ақпараттық  технологияларды  құру  ғылымның 
студенттерді даярлау сапасына ықпалын бұрынғыдан да күшейтеді, өйткені 
жаңа  ғасыр  табалдырығында  білім  өзінің  маңыздылығы  жөнінен  елдің 
стратегиялық ресурстарымен бәсекелесе алатын капиталға айналып отыр. 
Ғылыми–техникалық  прогрестің  жетістіктерін  игерудің  және  жаңа 
технологияларды  жасаудың  жоғары  білікті  мамандарды  қажет  ететіні 
айқын  болып  отыр.  Жоғары  оқу  орындарындағы  білім  жүйесін 
халықаралық  білім  кеңістігіне  интеграциялауға  байланысты  мәселелер 
жиынтығы да өте маңызды. Бүгін екі жағдай алдыңғы  қатарға шығады  - 
білімнің мазмұны және отандық жоғары оқу  орындары дипломдарының 
халықаралық білім сертификаттарына бейімделуі. 
Дамыған  елдердің  тәжірибесі  көрсеткендей,  ұлттық  әлеуеттің  дамуы 
келесі  факторлармен:  жаңа  ғылыми  жаңалықтарды  меңгерумен,  білім  беру 
деңгейі және мамандардың кәсіби білімділігімен анықталады. 
Қазақстан  жоғары  мектебінің  жаңа  даму  сатысының  негізінде  келесі 
басымдылықтар  жатыр:  республиканың  жоғары  оқу  орындарының  желісін 
рационализациялау,  студенттер  контингентін  қалыптастырудың  жаңа 
моделіне  көшу,  жоғары  білім  беру  сапасын  көтеру,  ғылым  мен  білімді 
интеграциялау.  Әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  елдердің  қатарына  кіру 
стратегиясы осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлар біліктілігі мен оларды 
қайта  даярлау  жүйесіне  зор  маңыз  берілген.  Мұның  өзі  ұлттық  білім  мен 
ғылым  жүйесінің  даму  бағыттарын  тың  арнаға,  жаңа  сапаға  жеткізудің 
қажеттілігін  алға  тартады.  Осыған  байланысты  қазіргі  уақытта  Қазақстанда 
білім мен ғылымның өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім беру 
парадигмаларының өзгеруімен қатар жүреді. 


Жаңа білім беру парадигмалары бірінші орынға тұлғаның білімін, білігі 
мен дағдысын емес, оны жан – жақты дамыту, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына 
сіңірту,  рухани  жан  дүниесін  қалыптастыру  міндеті  қойылып,  мемлекетіміз 
білім кеңістігіне аяқ басқан кезеңінде, ғылым – білімнің құндылығы, рухани 
маңыздылығына айрықша басымдылық береді. 
Жаһандану үдерісінде дамыған елдердің үздік үлгісі, ықпалы сезілмейді 
деуге  болмайды.  Оны  ұлттық  ерекшеліктерімізге  сай  ұтымды,  тиімді 
жақтарын  өмірге,  тәжірибеге  батыл  енгізуге  болады.  Мұның  біртұтас  білім 
кеңістігін қалыптастыруға, ғылымды нақтылы бағыттар төңірегінде дамытуға 
септігі тиері сөзсіз. Осы реттен келгенде, орта және жоғары мектеп жүйесін 
белгілі  бір  бағытқа  бұрып,  білім  -  ғылым  ісін  ортақ  мақсаттар  төңірегінде 
топтап,  қатар  дамыту  –  іргелі  ізденістерге,  нәтижелі  істерге  қол  жеткізуге 
мүмкіндік береді. 
Дүниежүзілік  стандарттар  деңгейінде  білімді  дамыту  алдымен  оқу 
орындарының ғылыми-педагогикалық негізіне байланысты.  Бұл бағытта 
ұлттық тәрбие беруде қазіргі білім ұйымдары алдына үлкен міндеттер қояды. 
Әр  заманның  өз  қаһармандары,  дәуір  мойындайтын  тұлғалары,  бүгінгі 
азаматтық  қоғам  жағдайында  ұлттық  тәрбие  берудің  басты  мазмұны  болуы 
тиіс. 
Жаһандану үдерісі бел алып келе жатқан қазіргі кезеңде Қазақстанның 
дүниежүзілік  интеграциялық  үрдістерден  тыс  қалуы  мүмкін  емес.  Ал  бұл 
үдерістердің ең алдымен елдің білім беру жүйесіне әсер етуі – табиғи жағдай. 
Олай болса, біздің біліміміз де басқа елдермен тең болуы керек, ал ғылымға 
деген жаппай ұмтылыс, жаһандану тұсындағы өміршең түсініктен туындайды. 
Себебі, оның жетістіктерінсіз қазірдің өзінде нарық жағдайына бейімделген, 
бәсекелестік қабілеті жоғары, тұрақты экономикаға қол жеткізу мүмкін емес. 
Алдыңғы қатарлы елдердің арасында жоғары деңгейде дамудың жолы - өзіндік 
ғылым саласы. Мемлекет ғылымсыз еріксіз шикізат көзіне, қоршаған ортаға, 
адам өміріне қауіпті радиоактивті қалдықтардың үйіндісіне айналады. Мұндай 
жағдайда ұлттық болмысы қалыптасқан халық ретінде сақталу қиын болады. 
Ғылым үлкен капиталдың жұмсалуын қажет етеді. Ендеше, жаһандану 
тұсында ұлттық сананың алтын қазығы білім мен ғылым болуы керек. 
Көне  заманға  көз  жүгіртсек,  ата-бабаларымыздың  ілім  іздеуден,  жаңа 
көзқарастан, айырықша жаңалық тауып оны санада қалдыруға ұмтылған, сол 
арқылы  тәлім-тәрбиелік  идеяларын  дамытқан.  Сол  идеяларды  жаһандану 
кезінде жария ету білім мен ғылымдағы, тәрбиедегі басты шарт. 
М.Әуезовтың [129] пікірінше, халық пен халықты теңестіретін бірден-
бір  нәрсе  –  білім  мен  ғылым.  Өйткені,  ұлттық  ғылым  мен  білім  жүйесі 
қоғамның қозғаушы күшіне айнала алатын сала және басқа елдермен жарыс 
ұйымдастыруға  да  болатын  сала.  Ендеше,  дүниеге  әлемдік  ғылымға  үлес 
қосатындай жаңалықтар әкелуге қабілетті ұлттық ғылымның өзіндік болмысы, 
бағыт – бағдарламасы, өзгеше қолтаңбасы болуы шарт. 


Жоғарыда  айтылған  пікірлерді  қорыта  келе,  білім  беру  Қазақстанның 
бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды 
құралдардың бірі деп тұжырым жасалады. Қазіргі жаһандану заманында өзге 
мемлекеттердің  көлеңкесінде  қалмай,  ықпалына  ермей,  дәстүріміз  бен 
тілімізді түлету, ұлттық мәдениетімізді сақтау, қазақ болмысынан туындайтын 
этникалық ерекшелігімізді баянды ету. Ол - тіл, дәстүр, ұлттық сана мен рух, 
отаншылдық.  Жас  ұрпақ  санасында  осы  рухани  құндылықтар  қалыптасса, 
еліміздің шын мәнінде егеменді жолмен дамып, оның байлығы ұлтқа қызмет 
етері  сөзсіз.  Білім  беру  саласында  әлемдік  тәжірибелерді  үйрене  отырып, 
патриоттық  тәрбиенің  бастауы  болып  табылатын  этномәдени  білім  мен 
тәрбиені естен шығаруға болмайды. Қоғамның ұлттық негізде жаңаруы жоғары 
мектепте ұлттық тәрбие ісін дамытудағы жетекші фактор болып саналады. Бұл 
оқу орындары жұмысын ұлттық негізде құру, яғни ұлтымыздың өмірінен орын 
алган ұлттық білімдер жүйесін таңдап, соның негізінде студенттерді даярлау 
қажеттігін дәлелдей түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет