оқытпай-ақ, жаңа қатынастар мен мінез-құлық типтерін практикалық
сабақтар арқылы қалыптастыруды ұсынған және оқушыларды әр түрлі
іс-әрекеттермен жұмыс басты ету кажеттігін қолдайды. Оқушының
пәндерді таңдауына еркіндік беріледі. Сөйтіп, таным мсн практикалық
әрекет арасындағы диалектикалық байланыстың тамыры қиылады
және оқу үрдісінде адам дамуының үйлесімділік негізі үзіледі.
4. Функционалдық материализм тұжырымдамасын В. Оконь
ұсынған. Бұның негізіне іс-әрекетпен танымды интеграциялау ережесі
алынған. Ол дүниетанымдық көзқарасқа алдыңғы қатарлы идеяларды алуды
ұсынады. Айталық, биологияда эволюция, тарихта тап күресі т.б.
5. Білімнің парадигмалық тұжырымдамасын Г.Шейерль ұсынған.
Біріншіден, жүйелілікке емес, кейбір деректерді оқыту, оқиғаларды алу,
екіншіден, барлық оқу материалдарын үздіксіз баяндамай, мазмұнын ғана
алу. Кемшілігі – оқу материалының жүйелілік қағидасы бұзылады. Бұл
математиканы үйретуге үйлеспейтін тұжырымдама.
6. Білімнің кибернетикалық тұжырымдамасын ұсынған С.И.
Архангельский, Е.И. Машбиц. Оқыту - ақпараттарды беру және қайта
өңдеу үрдісі деп түсіндіріледі. Олардың пайымдауынша, кибернетика, және
акпарат жүйелері ғана қажеттуғызады, ал логикалық психологиялық және
даралық ерскшеліктер ескерілмейді.
7. Білімнің ассоциативтік теориясының негізін салғандар Дж.
Локк, Я.А.Коменский. Олардың негізгі қағидалары қандайда бір оқыту
сезімдік танымға сүйенеді: көрнекі бейнелер - сананың мүмкіндігінше
қорытынды жасауға қарай қозғалысын қамтамасыз етеді. Негізгі әдіс -
жаттығу. Тұжырымдаманың кемшілігі - шығармашылық әрекет дамуы
ескерілмей, білімдегі жаңалықтар қарастырылмауы.
8. Білім беру үдерісінде ақыл-ой әрекеттерін кезең-кезеңімен
қалыптастыру теориясын П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина ұсынған. Негізгі
идеясы оқушылардың өзара байланыс кезеңдерімен оқуды игеру
мүмкіндігі төмендегідей: а) жаттығуды орындау шарттары және
амалдарымен алдын-ала танысу; ә) амалдарды оған кіретін барлық
тәсілдерін өрістете құру; б) терең ықшамдалған ойлау әрекетіне көшу; бұл
жүргізушілерді, сазгерлерді, спортшыларды үйретуге қолайлы, шектеулі теория.
9. Білімді басқару моделін ұсынған Г.К. Селевко болды. Оқыту алыстағы,
аралықтағы, жаңалықтағы мақсаттар негізінде жүзеге асырылады [117].
Сонымен, қазіргі білімді дамыту тенденциялары талданған тұжырымдамалар
негізінде төмендегідей білім мазмұны теорияларының қалыптасуын кесте
түрінде көрсетеміз (1 -кесте) :
Достарыңызбен бөлісу: