жаһандануды ескере отырып, қайта жасалуын қамтамасыз ету. Білімді
модернизациялау осы салада жинақталған позитивті әлеуетті сақтау негізінде
бұл үдерісті тереңдетіп, дамытудың жаңа құқықтық, ғылыми-әдістемелік,
қаржылық-материалдық және кадрлық сәйкестік қажеттілігін туғызады.
Білім жер бетіндегі миллиардтаған адам баласының негізгі іс-әрекетіне
айналды. Білімнің қоғам өміріндегі рөлі мен орны, оның әлеуметтік
функциялары мен міндеттері, мәселелері мен қарама-қайшылықтары, оны
дағдарысты жағдайдан шығарудың және маңызды мәселелерін шешудің
тәсілдері білім саласын зерттейтін педагогика ғылымының әдіснамасын, оның
ішінде білім мен тәрбиенің әдіснамасын түбегейлі қайта қарау міндеті бүгінгі
таңда маңызды мәселе болып табылады.
Жаңа жаһандану кезеңіндегі білім мен ғылымның мәні, маңыздылығын
неғұрлым терең талдау үшін олардың тарихи-әдіснамалық қалыптасу
тұғырларын талдау маңызды болып табылады [111].
Білім дегеніміз - материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы
әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті
бейнеленуі. Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің
“Bildung” – “бейне” сөзі негізінде пайда болған. Бүгінгі көпшілік таныған
білім анықтамасының мазмұны: ақиқат бейнелерге саналы бағытталған,
тарихи шарттарға тәуелді, қоғамдық сананың түбегейлі әлеуметті және
рухани әлеуметтену үрдісі.
Білім беру – ғылыми мағлұмат беру арқылы адамның танымын, білімін,
дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру үрдісі, қоғам мүшелерінің
мәдениетін дамытудың негізгі шарты. Білім беру жүйесінің басты міндеттері
– ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке
үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім - оқыту
мен өз
бетінше іздену негізінде жүзеге асады.
Философия саласында білімді мағынасына қарай: дерексіз - ұзын
сонарлы, толық емес - салыстырмалы ақиқат, толық дәл білім - абсолюттік
ақиқат деп бөлсе, педагогика тарихында формальды, материалды білім туралы
сөз болған [112]. Топтаудың алғашқысы білімнің шындықты бейнелеуіне,
соңғысы білімнің өмірде алатын орнына байланысты жасалған. Педагогикалық
энциклопедияда білімді мазмұнына, оқу орнының типіне қарай топтаса,
тәжірибеде оны оқу пәні, қолдану аясы, көлемі т.б. белгілері бойынша топтауға
болады.
Білім- адам үшін берері көп, мағынасы кең ұғым. Ғылыми әдебиеттерде
білім - айналадағы дүниенің, адамның практикалық және танымдық қызметі
үшін қажетті жақтарын бейнелеу делінсе, келесі әдебиетте білімді тиісті
объектілер туралы біздің алған хабарларымыз, акпараттарымыз деп қарайды.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде білім - оқу, үйренумен санаға қонатын
ақиқат жайлы түсінік [113], ал Қазақ кеңес энциклопедиясында білім - бүкіл
танымның даму үрдісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани
қазынасының жиынтығы делінген [114]. Білімге берілген анықтамалардың
барлығының мағынасы біреу - адам баласының іс-тәжірибесінде, рухани
өмірінде
жинақталған ақпарат, шындық жүйесі.
Адамның айналадағы дүниені танып - білуі күрделі қайшылыққа толы,
ұзаққа созылатын және жаңа білімді игеруімен байланысты жүреді. Әлемдiк
қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ
мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеуі. Бұл
тұрғыдан қарағанда, білім барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің
ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасатынын айтуға болады.
Білімнің әлеуметтік өмірдегі ерекше сипатқа ие болу кезеңі білім мен
әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу үрдісі қоғамның тіршілік
әрекеттерінен өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы
кәсіби мамандардың пайда болу дәуірінен басталады. Жалпы білім қорын
ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім және
ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім
Достарыңызбен бөлісу: