Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет6/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
 
 
 
 


Білім мазмұнының қалыптасу теориялары          
                                                                                                     Кесте 1 
Теорияның атауы 
және 
өкілдері 
Теорияның 
әдіснамалық 
негізі 
Теорияның сипаттамасы 



Дидактикалық 
энциклопедизм 
(Я.А.Коменский, 
Дж.Мильтон, 
И.Б.Беседов) 
Эмпиризм 
Мектептің  негізгі  мақсаты  оқушыларға 
практикалық  мағынасы  бар,  өзінің 
бітірушілерін шынайы өмір мен еңбекке 
дайындайтын 
білімді 
беру. 
Бұл 
теорияның бүгінгі күнге дейін мектепке 
әсері  зор.  Оны  мұғалімдердің  оңай  қол 
жеткізетін 
оқулықтар 
мен 
оқу 
құралдарынан 
алынатын 
ғылыми 
білімдердің зор көлемін оңайлатуға көп 
көңіл  отырғандарынан  көруге  болады. 
Бұл 
білімдер 
ереже 
секілді, 
практикалық әрекеттерге бекімеген, тез 
ұмытылады.  Материалды    білім  беруді 
жақтаушылар  қабілеттілікті  дамытуға 
пайдалы  білімді  меңгеу  барысында 
арнайы күш жұмсамай-ақ қол жеткізуге 
болады деп есептеді. Мектептегі химия, 
сызу, 
сурет 
салу, 
жаңа 
тілдер, 
математика  секілді  пәндерге  мән 
беріледі.  Материалды  білім  беру 
теориясы  оқытудың  шынайы  бағыты 
деп аталатын жүйенің негізіне қойылды. 
Дидактикалық 
формализм 
(А.Дистервег, 
Ж.Ж.Руссо, 
И.Гербарт,  Я.В.Давид, 
А.А.Неймер, Э.Шмидт 
және т.б.) 
Рационализм  Білімнің  рөлі  тек  оқушының  қабілетін 
дамыту 
ғана 
болды. 
Оқыту 
оқушылардың 
танымдық 
қызығушылықтарын  дамыту  құралы 
ретінде  қарастырылады.  Ұстанымдық 
мәселе  негізі  ойлауда    іскерліктер  мен 
дағдыларды жетілдіру болды. 
Дидактикалық 
утилитаризм 
(Дж.Дьюи, 
Г.Кершентейнер  және 
т.б.) 
Прагматизм 
Оқыту  оқушылардың  «тәжірибемен 
қайта  құрастырушы»  үздіксіз  үрдісі 
ретінде  
қарасытырылады. 
Әлеуметтік 
мұраларды  меңгеру  үшін  адамға  іс-
әрекеттің барлық түрін игеру қажет. 


Функционалды 
материализм 
(В.Оконь) 
 
Бұл  теорияға  сәйкес,  оқыту  жағынан 
ақиқаттылықты  тану  болса,  екінші 
жағынан бұл білімдердің оқушылардың 
санасында  қызмет  етуі,  үшіншіден, 
ақиқатты  қайта  жасауды  біріктіретін 
практикалық 
 
әрекетте 
оларды 
пайдалану болып табылады. 
Структурализм 
(К.Сосницкий) 
 
Бұл  теорияға  сәйкес  әрбір  оқу  пәнінің 
мазмұнында 
ғылыми 
білім 
беру 
мағынасы  бар,  сонымен  қатар  жалпы 
білім  беретін  мектептің  оқушылары 
үшін  міндетті  емес  білімдер  болып 
табылатын,  екінші  дәрежелі  жасанды 
бөлшектерді бөліп көрсету қажет. 
Проблемалық 
компенсациялық 
теория 
(А.Сухомлинский 
және т.б.) 
 
Жеке  пәндерді  жекеше  емес,  кешенді 
оқытуды 
ұсынады. 
Оқушылардың 
танымдық  әрекеттерінің  пәні  ретінде 
әртүрлі  аядағы  білімді  талап  ететін 
мәселелер алынады. 
 
Педагогика ғылымында зерттеушілер бұл теорияларды талдап, олардың 
жетістіктері  мен  кемшіліктерін  нақты  көрсете  білген.  Мысалы, 
В.А.Ситаровтың пікірі бойынша, формальды білім беру формасының өкілдері 
оқушылардың  қабілеттерін  дамыту  үшін  олардың  білімін,  ғылыми  білімдер 
жүйесін құрбан еткен көрінеді [118]. Білім мазмұнын толықтырудың басқа да 
тәсілдері  мен  тұжырымдамалары  бар.  М.Н.Скаткиннің,  В.Краевскийдің, 
И.Я.Лернердің жүйесі әрекет тәсілі негізінде жасалған білім берудің алғашқы 
теориясы болып табылады. Бұл теорияда білім беру мазмұнының негізгі көзі 
толық қамтылған әлеуметтік мәдени тәжірибе, яғни әлеуметтік, материалдық-
практикалық және рухани әрекет жөніндегі білім болып табылады, себебі олар 
қоғамның  қажеттіліктері  жөніндегі,  олардың  мақсаты  мен  құндылықтары, 
яғни  білім  мазмұнын  таңдауға  әсер  ететін  жөнінде  түсінік  береді  [119,  120, 
121]. 
Жоғарыда  атап  көрсетілген  сөздіктер  мен  ресми  құжаттардан  басқа 
зерттеуші  ғалымдар  білім  ұғымына  берген  әртүрлі  анықтамаларына  көңіл 
аударуға  болады,  мысалы  И.Я.Лернер  «білім  –  бұл  тұлғаның  дамуын 
қамтамасыз ететін, білімдердің  біліктілік пен дағдылардың, шығармашылық 
әрекет  тәжірибесінің  және  әлемге  деген  сезімдік-құндылықты  қарым-
қатынастардың педагогикалық икемделген жүйесі» деп анықтайды [121]. 
Ю.К.Бабанскийдің  анықтамасы  бойынша,  білім  -  оқушылардың 
қабілеттерін  жан-жақты  дамытуға,  олардың  дүниетанымын,  моралін  және 
мінез-құлқын  қалыптастыруға,  қоғамдық  өмір  мен  еңбекке  дайындығын 


қамтамасыз  ететін  ғылыми  білімдер,  іскерліктер  мен  дағдылардың 
меңгерілуінің  жүйесі  [122].  Оны  тұтас  жүйе  ретінде  сараптау  қажеттігін 
көрсете  отырып,  В.С.Леднев  білімге  мынадай  анықтама  береді:  «білім  - 
тұлғаның  қасиеті  мен  сапасын  өзгерту  үрдісінің  мазмұны,  оның  қажетті 
шартты,  ұйымдасқан  әрекеті  [123].  В.С.Ледневтің  дәлелдеуі  бойынша,  білім 
құрылымын  құрайтын  білімді  негізгі  салаларға  және  бірізді  сатыларға 
жіктеуге негіз болатын, танымдық деңгейдегі факторлар; олардың теориялық 
және  практикалық бөліктері бөлінетінін ескеру мен жалпы, политехникалық 
және  арнайы  білім  мазмұндарының  құрылымын  анықтайтын  факторлар; 
арнайы оқу орындарының білім мазмұнын айқындайтын факторлар. 
Білім  екі  түрлі  дүниенің  бірігуінен  пайда  болады.  Тіл,  дәстүр, 
адамгершілік,  діни  нанымдар,  әлеуметгік  өмір  нысандары,  поэзия,  музыка, 
көркем-өнер туындылары мен ғылыми жоне философиялық шығармалар, тіпті 
кең үғымды техника сияқты адамзаттың ақыл-ой құндылықтары да солардың 
қатарына  жатады.  Өзінің  даралығымен  ерекшеленетің  жеке  тұлғаның  ішкі 
рухани өмірі басқа әлемге жатады. Білімнің мүндай кең ұғымында оның сол 
қоғамдағы рухани мәдениеттен ажырамас байланысы ескеріледі. Тар ұғымда 
білім  адамның  жетілу  деңгейі  мен  дамуы  арқылы  ассоциацияланады  [116, 
78б]. 
Көптеген  зерттеушілердің  пікірлері  бойынша,  тұтастық  жағынан 
жоғары білім мен жоғары мектепте оқыту теориясы болатын білім жүз жылдан 
астам уақыттан бері қалыптасу кезеңінде (2-кесте).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет