Жойып, пайда келтіреді


Хордалылардың систематикасы



бет26/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Хордалылардың систематикасы.

Хордалылар типі

бас сүйектілер тип тармағын немесе омыртқалылар



бас сүйексіздер тип тармағын /ланцетник/





Класс
Класс
Класс
класс класс


Балықтар класы
Оқу-тәрбиелік міндеттері: Балықты мысалға ала отырып, омыртқалы жануарлар құрылысының, қызмет атқару системаларының күрделене түсуімен таныстыру. Балықтардың көп түрлілігі жайында ұғым беру. Су ортасындағы арнайы жағдайларға /судың оттекпен қанығу дәрежесі, химиялық құрамы, температурасы, жарықтың түсуі, қысым сондай-ақ қорек түрі мен қоректену тәсілі/, және әрбір көбею жағдайының ерекшеліктеріне байланысты алуан түрлі экологиялық топтардың болу себептерін ашу. Балықтардың нерв системасының даму дәрежесін көрсететін мінез-қылығы мен олардың тіршілік жағдайы арасындағы материалдық үздіксіз байланыстың барлығын ашу.


Балықтың сыртқы құрылысы:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерімен және суда тіршілік етуге бейімделгендіктерімен салыстырмалы екенін айту.
Методтары: Баяндау, әңгіме. Өздігінен бақылау.
Құрал-жабдықтар: Табиғи жабдықтар. Көрсетуге арналған балықтардың әр түрінің ылғал препараттары.


С

абақтың барысы
: Мұғалім екі оқушыны ортаға шығарып, олардың бір-екеуіне түрлі-түсті бормен хордалылар құрылысының схеимасын салып, ондағы бейнеленген органдардың тұсына аттарын жазуды тапсырады. Екіншісіне – хордалылардың систематикасы схемасын сызуды ұсынады.
Оқушылардың білімін тексеріп, мұғалімнің айтып тұрып, дәптерге мына төмендегілерді жаздырумен аяқтайды.
Хордалылар типінің өздеріне тән белгілері:
Ішкі скелеті.
Хорданың үстінде, арқа жағына орналасқан орталық нерв системасы.
Ересектерінде немесе ұрықта болатын ішектің алдыңғы жағымен байланысқан желбезек саңылауларының болуы.
Жаңа материалды оқыту: Мұғалім омыртқалылардың бірінші класын – балықтарды оқи бастайтындарын хабарлайды және оқушыларға дәптерлеріндегі «Хордалылардың систематикасы» схемасының тиісті графасына бұл кластың атын, сондай-ақ сабақтың тақырыбын – «Балықтың сыртқы құрылысы» - жазып қоюды ұсынады.
Өздігінен бақылау: Мұғалім тақтаға сабақ басталар алдында балықтың сыртқы көрінісіндегі ерекшеліктерді көрсететін бес суретті салады және оларды нөмірлеп қояды.
Егер мектепте ірі материал болса, онда кезекші бақылауға арналған нұсқауды оқушыларға таратып береді. Одан кейін кезекші әр столға ішіндегі тірі балығымен суы бар банкадан алынған балық қабыршағын және қол лупасын қояды. Мұғалім оқушыларға нұсқаудағы сұрақтар бойынша және тақтадағы суретті пайдалана отырып, балықтың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді белгіледі ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет