Жойып, пайда келтіреді


Буын аяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буын аяқтылар мен



бет23/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
Дип.-Зоология-сабағында-жергілікті-жердегі-кейбір-төменгі-сатыдағы-жануарларды-оқушыларға-танысты

Буын аяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буын аяқтылар мен
буылттық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен
айырмашылықтары.
Сабақтың мақсаты: Буын аяқьтылар мен буылттық құрттарды салыстыру негізінде осы жәндіктер типтерінің арасындағы туыстық байланысты және олардың жалпы ортақ тектен тарағандығын көрсету. Омыртқасыз жәндіктер жайында, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында ұғым беру.
Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал-жабдықтар: Суретпен бейнеленген құралдар. «Буын аяқтылар кластары», «Жауын құрттары» таблицалары және басқа типтері бейнеленген таблицалар.
Сабақтың барысы: Мұғалім сыныпқа мынадай сұьрақтар қояды: өзен шаян тәрізділерінің, өрмекші тәрізділердің, насекомдардың тыныс алу органдары қандай? Трахея мен өкпенің дамуы неменеге байланысты? Өзен шаяны мен насекоидардың зәр шығару системасында қандай айырмашылықтар бар және ол немен байланысты. Мұғалім организмдегі барлық органдар системасы тіршілік жағдайымен тығыз байланысты болғандықтан, буын аяқты жәндіктер кластарының әрқайсысының құрылысндағы ерекшеліктер осыған байланысты екенін айтып қорытынды жасайды.
Қорытындыны оқушылар мұғалімнің көмегімен жасайды. Буын аяқтылар типі кластарының құрылысындағы жалпы ұқсастық, олардың туыс екендігін демек шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді. Бұл шаян тәрізділер өрмекші тәрізділер және насекомдар кластарын бір типке-буын аяқтылар типіне жатқызуға негіз болып отыр.
Буын аяқтылардың қандай белгілері буылттық құрттармен салыстырғанда олардың құрылысы жоғары екенін дәлелдейді?/ Буылттық ет бекінетін сыртқы хитин склетінің болуы, дененің белгілі қызмет атқаратын бунақтардан тұруы, аяқтарының бунақты болуы, органдар системасының біршама дамуы, әсіресе нерв системасы мен сезім органдары өте дамыған, мінез қылықтарының күрделене түсіп шартты рефлекстердің қалыптасуы, яғни инстинктінің болуы. Қарапайым жәндіктерге бір клеткалы жәндіктер жатады. Олардың барлық тіршілік процестері жалғыз клетканың цитоплазмасында өтеді.
Ішек құрылыстардың денесі екі қатарға орналасқан көп клеткалардан тұрады. Тұтас организмді құрап тұрған клеткалар тобы, әр түрлі қызмет атқарады. Бұл тканьнің пайда бола бастауы. Жалпақ құрттарда органдар түзілгендігін көреміз, бірақ әлі оның денесінің қуысы болмайды. Жұмыр құрттар денесінің қарапайым қуысы болады. Буылттық құрттардың денесінің күрделі қуысы және бір қатар органдар системасы болады. Буын аяқтыларда органдар системасы, сезім органдары және жәндіктердің мінез-қылығы күрделене түседі. Жануарлар дүниесінің бұдан былайғы дамуы органдар системаларының жетіліп, кемеліне келу бағытында өтеді.
Гүлді өсімдіктердің 30% -ін насекомдар тозаңдандырады. Кейбір омыртқасыздардың бор және ізбес тастың түзілуіне /моллюскалардың, қарапайымдардың бакалшактары/ маңызы бар.
Мұалім омыртқасыз жәндіктердің көпшілігі адамға зиян келтіретінін айтады, оқушылар олардың қандай жәндіктер екенін және қандай зиян келтіретінін естеріне түсіреді.
Сонымен табиғатта омыртқасыз жәндіктердің түрлері өте көп. Олардың біреулері пайдалы, екінші біреулері-зиянды, ал кейде күнделікті тұрмыста жәндіктерді зиянды деп есептейді, оның өзі орманда пайдалы болып саналады; өйткені омыртқасыздардың дамуының бір сатысында зиян келтіреді / жұлдызқұрттар, личинкалар/, ал ересек формалары /көбелектер/ пайдалы /өсімдіктерді тозаңдатады, басқа жануарларға азық болады, табиғатқа көрік береді/ болады.
Жануарлар дүниесін зерттей және бақылай отырып қана, оған өзінің қалай қарайтыныңды, яғни қандай жәндіктерді /жануарларды/ қорғау, қандайларын жойып жіберу керек екенін анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет