Балықтың склеті мен еттері. Сабақтың мақсаты: Ішкі склет жайындағы ұғымды тереңдету; организм тіршілігіндегі сүйек-ет системасының маңызын көрсету.
Методтары: Табиғи құралдар. Балықтың скелеті. Таблицалар. «Балықтың ішкі құрылысы», «Жауын құрты». «Балық құрылысының ерекшеліктері», қосымша құрал-жабдықтар.
Сабақтың барысы: Бұлшық еттері. Мұғалім «Жауын құрты» таблицасын іледі де, оқушылардың жауын құртының қалай қозғалатынын, бұлшық ет тканінің негізгі қасиеттарінің қандай екенін сұрайды.
Мұғалім сыныпқа терісі сыпырылған балықты көрсетіп тұрып, терінің астына еті орналасқанын түсіндіреді; оқушылардың назарын мына төмендегі ерекшеліктеріне аударады.
Балық денесінің көп бөлігін ет алып жататынын айтады. Әсіресе балықтың тығыз судағы белсенді қозғалысын жүзеге асыратынын арқа және құйрық еттері болады. Денесінің бойымен сегмент бөліктерінен тұратын үлкен бүйір еттері созылып жатады.
Балық денесін оңға және солға қозғалтып, яғни балықтың қалай қозғалатынын еліктей салып тұрып, мұғалім сегменттердің жиырылуы және босануының кезектесіп келетінін көрсетеді Сегменттердің саны омыртқалардың санына байланысты болатынын, өйткені еттердің сүйекке бекінентінін айтқан жөн. Бақылау және бұлшық ет жұмысын оқып үйрену негізінде оқушылар: балықтың жиырылуға қабілетті бар еттері жануардың алуан түрлі белсенді қимыл-қозғалыстарын қамтамасыз етеді, деген қорытынды шығарады.
Балықтың склетін оқыту. Мұғалім пинцетпен балықтың етін алып, оқушыларға оның астындағы еттер бекінетін склетті көрсетеді.
Балықтың нерв системасы. Балықтың көбеюі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылырды балықтың нерв системасының құрлысы-мен таныстыру: Тіршілік жағдайы мен жануарлардың мінез қылығының арасындағы материалдық байланысты ашу; оқушылырды балықтың су жану-ары болуына байланысты көбеюіндегі ерекшеліктерімен таныстыру. Омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың ұрықтану процесіндегі және жұмыртқаның бөлшектенуінің алғашқы сатысындағы бірлікті табу , балықтың көбею процесін зерттеудің халық шаруашылығында орасан зор маңызы бар екенін көрсету.
Методтары: Табиғи құралдар. Балықтың орталақ нерв системасының және дамуының ылғал препараты.
Көбею кезеңіндегі шамшар балық мінез- қылығының рефлекстер тізбегі (қолдан жасалған таблица)
Рефлекстер тізбегінің бірінші буыны –еркек балықтың ұя жасауы. Екінші буыны –еркек балықты (1) еліктірген құрсағы үлкен ұрғашы балық (2). Осындай ұрғашы балықьың сыртқы көрінісі әсерінен еркек балықтың реңі жалтырай түседі. Үшінші буын-еркегінің ұрғашысын еліктіреді. Ол еркегіне жақындайды. Төртінші буын – еркегі жақындап келе жатқан ұрғашысын көргенде, өзінің ұясына қарай кетеді. Ұрғашы балық оның соңынан ереді. Бесінші буын – ұрғашысы ұяға уылдырығын шашады. Алтыншы буын –ұрғашы балық жүзіп кетіп қалады. Еркегі уылдырықтарды ұрықтандырады. Жетінші буын –еркек балық уылдырығы бар ұяны қорғайды. Стрелкамен рефлекторлық әрекеттердің реті көрсетілген.
Сабақтың барысы: Оқушылырдың білімі 6 вариант бойынша жазба түрде тексеріледі. Жұмыстың ұзақтығы 10 минутқа созылыды.
1-вариант.
Түрлі-түсті қарандашпен балықтың қан айналу системасының суретін салу.Стрелкамен қанның бағытын көрсету.Жүректің бөлімдері мен тамырларын атап, олардың тұсына аттарын жазу.
2-вариант.
Ішкі скелеттер мен еттердің балық тірішілігіндегі маңызын түсіндіру.Скелет бөлімдерін атау.Омыртқасыздардың сыртқы скелеті мен омыртқалалардың ішкі скелетіндегі айырмашылықты айыру.
3-вариант.
Балықтың дене қуысындағы органдарды тиісті түсті қарандашпен бояу және мылқау суретке олардың аттарын жазу.
4-вариант.
Ас қорыту процесінің не екендігін түсіндіру. Асты қорытуға қатысатын органдарды санап, атап шығу.
5-вариант.
Балықтың кеудесіндегі және құйрығындағы омырқалалардың суретін салу. Олардың бөліктерінің аттарын жазу.
6-вариант.
Зат алмасудың мәнін түсіндіру. Оған қандай органдар системасы жатады.
Жаңа материалды оқыту: Әңгіме араластыра отырып кіріспе баяндау.Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлап тұрып, оны тақтаға жазады.»Нерв системасының құрылысы», «Қоршаған ортада балықтың бағдарлауы».Содан кейін балықтың желбезектері тыныс алуды, бүйректері зәр шығаруды, жүрек пен тамырлары қан айналуды атқаратынын айта келіп нерв системасы жануардың тірішілігінде қандай роль атқаратының сұрайды. Оқушылардың жауаптарын жинақтай келіп,мұғалім балық нерв системасы және сезім органадарының көмегімен әр түрлі реңді ажырата білетінін, өте нәзік иісті ажырата алатынын баяндайды.Кейбір балықтар әртүрлі дыбыстар шығарады және соған сай өздері әрекет етеді, яғни өзара сөйлеседі.Одан басқа балықтар су түбінің түсіне және судағы өздері жүретін жердегі өсімідіктің түсіне қарай реңдерін өзгерте алады да, сөйтіп жауларына байқалмайтындай жасырына алады. Балықтардың өте ерекше бір қасиеті- терісімен «көру». Соқыр балықта кәдімгі көздері көретін балық сияақты тіршілік етеді: басқа заттарға соғылыспайды және жемін де аулайды.