Сүт қоректінің сүйек-ет системасы. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүт қоректілердің скелеті құрлысындағы ерекшеліктермен таныстыру.
Методтары: Мұғалімнің баяндауы өздігінен жұмыс істеуі.
Құрал-жабдықтар: Табиғи объектілер. «Сүт қоректі жануарлар скелетінің құрлысы» таблица.
Сабақтың барысы: Сүт қоректілердің денесін жауып тұратын түктің құрлысы мен маңызы қандай? Сүт қоректлер қай уақытта түлейді? Бұл уақытта түк жамылғысы қалай өзгереді? Сүт қоректілердің алдыңғы және артқы құрлысы қандай?
Жаңа материалды оқыту: Мұғалім оқушыларға сүт қоректілер скелетінің құрлысы да басқа омыртқалылардікіндей екенін айтады:
Скелеттің құрлысы .
Скелеттің бөлімдері
Қандай сүйектерден тұрады
Бас сүйегі
Омыртқа жотасы
Иық ( алдыңғы аяқтары)белдеуі
Алдыңғы аяқтарының
Жамбас белдеуі
Артқы аяқтары
Көкірек клеткасы
Екі бөлімнен: ми сауыты және жоғарғы, төменгі жақтары мен бет бөлімі.
Омыртқалардан тұрады. Омыртқа жотасының бөлімдер. Мойын омыртқа, арқа омыртқа, бел омыртқа, құйымшақ омыртқа, құйыршық омыртқа.
Жауырындар, бұғаналар.
Тоқпан жілік, кәрі жілік пен шыбық сүйегі,
қол басы н/е башпайлары.
Жамбас сүйектері. Ортан жілік, сирақ, тілерсек сүйектері және табан сүйектері.
Қабырға, төс сүйегі.
Өрмелеу қабілетінен айырылған және аяқтары дене бөлігінен параллель жазықттықта бірыңғай қозғалыстар жасайтын жануарлардың бұғаналарының болмайтынын мұғалім атап айтады.
Еттері: Мұғалім оқушыларға сүт қоректілердің бұлшық ет системасы өте жақсы дамығанын және күрделі түрде қызмет атқаратындығын айтады еттердің жиырылуынан организм қозғалғыш келеді де әр алуан қимыл жасай алады. Сүт қоректілердің ет системасындағы ерекшеліктер көкірек қуысымен құрсақ қуысын бөліп тұратын диафрагманың болуы және тері астыңғы жағынан тұтас қабат түзеді. Сүт қоректілер тері астындағы еттерінің көмегімен терінің тіпті кішкентай участктарында қозғалта алады.
Сүт қоректінің ішкі құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар сүт қоректілердің ішкі құрылысымен таныстыру.
Методтары: Әңгіме өздігінен істелетін жұмыстар.
Құрал –жабдықтар: Табиға объектілер. Сүт қоректілердің ішкі құрылысының ылғал препараты.
Сабақтың барысы: Сүт қоректі жануарлар склетінің құрылысы қандай? Жануар қимылдағанда ет қандай қызмет атқарады. Сүт қоректілердің ет системасының қандай ерекшеліктері бар?
Ас қорыту органдары: Мұғалім сүт қоректілердің ас қорыту системасы барлық басқа омыртқалы жануарлардікіндей бөлімдерден тұратын, бір-бірімен бездер арқылы байланысқан ас қорыту түтігі екенін айтады. Сүт қоректілердің жемі тісінің жәрдемімен ауыз қуысында қорытыла бастайды да, сілекей бездерінен бөлініп шығатын сілекеймен ылғалданады.
Сүт қоректілердің тістерінің құрылысы әр түрлі болып, олардың әр қилы қызмет атқаратынына назар аударған жөн. Күрек тістерімен жануар қорегін үзіп алып, ит тістерімен жемін тістеп, өлтіреді де азу тістерімен шайнап жиді. Қоректену тәсіліне байланысты сүт қоректілер тістерінің жетілуі әр түрлі болады. Ас қорыту-астағы қоректік заттардың ас қорыту сөлінің әсерінен өзгеріске ұшырап, организмге сіңірілетін күрделі физиологиялық процесс екенін тағы да атап көрсеткен жөн.
Тыныс органдар: Тыныс алу актысы көкірек клеткасының көлемінің өзгеруі арқылы жүзеге асатындығына және тыныс алу қлзғалыстарында диафрагма үлкен рөль атқаратынына назар аударады. Тыныс шығарғанда көкрек клеткасының көлемі кішірейеді және өкпе де жиырылады.
Қан айналу системасы: «Омыртқалы жануарлардың қан айналу системасы» мен басқа омыртқалы жануарлардың қан айналу системаларын салыстыруды ұсыналы. Сүт қоректілердің жүрегі құстардікі сияқты төрт камералы екенін, қан айналуының артериялы және веналы екі шеңбері бар екенін сондай-ақ қаны артерия қанымен араласпайтынан білетін болады. Осыдан кейін мұғалім зір шығару органдарына тоқтала отырыплның организммен зиянды заттарды шығарудағы маңызын айтады және қорыта келгенде басқа жануарлар сияқты, сүт қоректілерде де өзін қоршаған ортамен үздіксіз зат алмасуға қатысатын органдары өте жақсы жетілген.