Сүт қоректілердің көбеюі және дамуы. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүт қоректілердің көбею ерекшеліктері мен таныстыру, балаларын бірі тууы және сүтпен асыраудың артықшылығына назар аудару.
Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал-жабдықтары: «Омыртқалылардың қан айналуы». Ішкі құрылысы.
Сабақты барысы: Сүт қоректілермен миы құрылысының қандай ерекшеліктері бар? Сүт қоректілерде қандай шартсыз рефлекстер білінеді?
Жаңа материалды оқыту: Мұғалім сүт қоректілерге тән ерекшеліктерге балаларын тірі туу мен ұрықтану ана құрсағында дамуы жататындығын айтады. Көбею органының құрылысы жайында баяндай отырып, мұғалім сүт қоректілердің ұрғашыларында ішінде дамитын ерекше орган-жатырдың болатынына оқушылардың назарын аударады. Басқа омыртқалылардікіне қарағанда, сүт қоректілердің жұмыртқа клеткасы өте кішкене болатынына назар аударған жөн. Бұлай болатын себебі, онда қоректі зат өте аз болады және ұрық аналық организімнен алатын қоректік заттардың есебінн дамиды. Ұрық қабаттары жатырдың қабырғасна жабысады да одан баланың үйі немесе жолдасы түзіледі. Кіндік арқылы қан тамырлары ұрықтан баланың жолдасына келеді. Ұрық жолдасында бала мен аналық организмнің қан тамырлары қосыл-майтынын, алайда тығыз жанасып жататынын айта кету қажет. Тамырдың жұқа қабырғасы арқылы аналық организмнен баланың қанына қоректік заттар мен оттек өтеді, ал ананың қанына көмір қышқыл газ және басқа да зиянды заттар өтеді. Баланың анасының ішінде даму аяқталғанда жолдасы (шуы) жатырдың қабырғасынан ажырайды да, аналық организіммен арасындағы байланысы бұзылады, сөйтіп бала дүниеге келеді. Ұсақ жануардың көптен балалайтыны ал ірілері аз балалайтынын атап айталы. Ін қазбайтын үңгір жасамайтын жануарлардың балалары туа сала өз беттерінше бірден ана-аналарының соңынан ере алатын. Болады. барлық сүт қоректілер балаларын сүтімен асырайды. Сүтте баланың дамуына қажетті заттардың барлығы болады.
Үйге тапсырма беру: Үш оқушыға үйрек тұмсық, ехидна және кенгуру жайында қысқаша хабарлама даярлап клу тапсырыларды.