Жоо атауы бизнес-жоба тақырыбы



бет4/8
Дата27.10.2022
өлшемі113,12 Kb.
#45578
1   2   3   4   5   6   7   8
5.4 Баға құру стратегиясы
Өнім бағасын негіздеу, яғни бағаға әсер ететін барлық факторларды қарастырыңыз. Бағаны анықтаудың ең басты жолы: шығындар+пайда.
5.5 Маркетинг стратегиясы
Бұл бөлімнің мақсаты – бәсекелестік күрестің, өнімді нарыққа жылжытудың оңтайлы әдістерін таңдауды қамтамасыз ету.
Маркетингтік шараларды жүзеге асырудың құралдары:

  1. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын жетілдіру.

  2. Нарыққа жаңа тауарды шығару.

  3. Сұранысты зерттеу.

  4. Тұтынушылармен тікелей қарым-қатынас орнату.

  5. Персоналды оқыту.

  6. Сервисті жетілдіру.

  7. Сатып алушының ерекше талаптарына тауарды бейімдеу.

  8. Жарнама (өнім өндіріс бастарда, өндірісты қолға алғанда, өнімді өткізу кезеңдеріндегу жарнама бағдарламасы, сондай-ақ жарнамаға кететін шығындарды есептеу).

  9. Бағаларды басқару.



6. Өндіріс жоспары
Бұл бөлімнің басты мақсаты – барлық өндірістік процестің жақсылап ойластырылғаны, заңды тұлғаны дамытудың негізделген жоспары барлығы, қойылған мақсаттарға жету стратегиясының барлығы туралы сендірерлік дәлелдер келтіру. Бірақ инвестордың көңілін бөліп, оның қызығушылығын азайтатын тым жан-жақты ақпарат бермеңіз, ал технологиялар, жабдықтар және басқалар туралы көлемді деректерді сілтемелермен қосымшаға орналастыру қажет.
Бөлімді жобаның алғы тарихын сипаттаудан бастау қажет :

  • заңды тұлға, оның серіктестері туралы толық ақпарат, қысқаша сипаттама (ұйымдық құрылымы, өндірістік әлеуеті, қаржылық мүмкіндіктер, жасы, басшылық жұмыс, кәсіпкерлік тәжірибесі және т.б.);

  • жобаны жасау және іске асыру тарихы, оның маңызды күндері;

  • жүргізілген зерттеулер мен ізденулер (қашан, кім, кіммен, кімнің тапсырысы бойынша);

  • жобаны іске асырудың барысы бойынша, қазіргі жағдайы туралы ақпарат, оның неліктен бітпегендігін түсіндіру;

  • дайындық, инвестиция салар алдындағы зерттеулер мен ізденулерге қажет шығындар туралы ақпарат – егер олар жоба құнына қосылған болса, басқа тараптардан төленбейтін болса.

Ары қарай жобаны іске асырудың басты шарттарын сипаттау қажет, оларды мазмұндаудың нақты құрылымын және айқындығын қамтамасыз ету үшін бөлікше ретінде көрсету қажет:

  • жобаны жүзеге асыру жері (таңдауды негіздей отырып) және құрылыс алаңы, олардың ерекшеліктері, климат, көліктік, инженерлік, әлеуметтік, инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылуы, құрылыс-монтаждау, қосымша жөндеу ұйымдарының болуы, өндіріс алаңдарының барлығы және олардың жағдайы, фискалды және заңдық тәртіп және т.б.;

  • өндіріс бағдарламасы және заңды тұлғаның қуаты, өндіріс технологиясы және оны таңдаудың негіздемесі, керек инженерлік құрылыстар, өндірістік активтердің басты басты түрлері (жабдықта және т.б.), оны жеткізушілер, жеткізу шарттары (жалға алу, сатып алу), бағасы;

  • материалдық қорларға жылдық сұраныс (шикізат, қосымша материалдар, бөлщектер, қосалқы бөлшектер, коммуналдық қызметтер және т.с.с.), қорларды жеткізушілер, оларды таңдау негіздері, жеткізу шарттары, шамалы бағалары, басқа да ықтимал шикізат пен материал қорлары;

  • ұйымдық құрылым мен басқарудың басты элементтері;

  • жұмыс күшінің қажетті құрамы, саны, құрылымы, адам ресурстарының барлығы және құны, кәсіби даярлаудың қажеттігі және мұмкіндігі;

  • жоба бойынша жұмыстардың сметалық құны, оларды жоспарлау – құрылыс, монтаждау, эксплуатацияға енгізу және жабдықты жобалық қуатқа жеткізу мерзімі (әр кезеңді іске асыруға кетеін шығындар көрсетілген күнтізбелік жоспар);

  • жобаны уақытында жүзеге асыруға арналған маңызды шаралар;

  • қарастырылып отырған тауардың сапасы бойынша қалыптасқан жағдайға талдау жасау, сапа мен сенімділіктің қажетті деңгейіне жетудің нақты сипаттамасы;

  • шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару және негіздеу;

  • жобаны іске асырудың экологиялық салдары, экологиялық және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Өнімді өткізуді ұйымдастыру (өнімді тарату арналары, өткізу жүйесіндегі тартымды фирмаларды анықтау тауар қандай шарттармен экспортталады (бағасы, маркетинг, сату желісін құру және т.б.), лицензияның керектігі және т.с.с. сұрақтар қарастырылады.

Кесте 6 - Жобаны жүзеге асыру жоспары жылдар бойынша









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет