Жоо атауы бизнес-жоба тақырыбы



бет2/8
Дата27.10.2022
өлшемі113,12 Kb.
#45578
1   2   3   4   5   6   7   8
Барлық шығыстар




















































Сіздің жобаңыздың кірістері мен шығыстары туралы есеп беріңіз



Атауы

Барлығы

1

2

жыл

Жыл

Өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен кіріс


































Өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны


























































Жалпы кіріс










Кезең шығыстары










Амортизация










Кредит пайыздары бойынша шығыстар










Салық салынатын табыс










Табыс салығы










Таза табыс










8. Сіздің жобаңыздың тәуекелдер дәрежесін бағалаңыз





Тәуекел түрі

Тәуекелдерді жою әдістері









































Бөлімдердің мазмұны:


1. Жобаның титулдық парағы
Титулдық парақ инновациялық жоба мен осы жобаны іске асыратын заңды тұлға жайлы жалпы ақпаратты қамтуы керек:

  • кәсіпорынның атауы мен заңды мекенжайы;

  • кәсіпорынның басшысының аты-жөні, телефон нөмірі;

  • құрылтайшыларының заңды мекенжайлары;

  • жобаның атауы мен мәні (3 - 5 тармақ );

  • жобаның толық құны, қаржының болжамды көздері мен олардың құрылымы ( заңды тұлғаның өз қаражаты, акция шығару, несие, бюджет тен қаражат алу және сондайлар );

  • коммерциялық құпияны сақтау туралы өтініш.

2. Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі )


Жоба түйіндемесінде оның барлық басты аспектілерін қамтитын түйіндер мен кеңестерді қысқаша баяндау керек, түйіндеменің құрылымы бизнес-жоспардың құрылмына сәйкес келуі керек.
Жоба түйіндемесі – оның жарнамасы, сондықтан да ол жерде жоба тиімділігінің бар дәлелдері болуы керек. Осы бөлімнің мақсаты – жобаның мәнін, мақсаттарын, қанша қаражат салынуы керектігін, болжамды нәтижесін көрсету. Ұсынылған жобаның неге сәтті болатыны туралы негіздеме жеке беріледі.
Егер жобаны жүзеге асыру әлеуметтік мәселелерді (мүгедек жандардың еңбегін пайдалану, жақсы жолдарды салу және т.б.) шешуге мүмкіндік берсе, оларды көрсету қажет.
Түйіндемеде бизнес-жоспардың жеке бөлімдерімен белгіленбейтін, бірақ инвестор үшін аса маңызды келесі аспектілерді айқындап көрсету қажет:

  • жобаны іске асыру үшін сыртқы инвестордан не керек – жарғылық капиталға қатысу, несие (қалаулы шарттарды көрсетіңіз), құрал-жабдықтарды жеткізу және т.б.;

  • жобаны іске асырудағы жобаны ұсынушы кәсіпорын мен сыртқы серіктестің қатысу дәрежесін анықтау, яғни жобаның жалпы құны мен қажетті қарыз қаражатының арасалмағын анықтау;

  • несие қорларын қайтарудың тәсілдерін көрсету. Бұл жерде тек жоба дұрыс іске асырылған жағдайда несиені қайтару тәсімі мен үрдісі, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төлеу (сұрақтар «Қаржылық жоспар» бөлімінде мазмұндалған) ғана емес, жобаның кейбір кезеңдері орындалмаған жағдайда салымдарды қайтарып алу кепілдігін меңзеп тұрмыз.

2.1 Жобаға жалпы түйіндеме

  • Бұл идеяны не үшін қолға алдыңыз?

  • Бұл өнім немесе қызмет көрсетудің нарығында қазіргі таңда жалпы жағдай қандай?

  • Сіздің қолға алған идеяңыздың болашағы бар ма?

  • Бұл жерде жоданың барлық негізгі аспектілері, яғни бизнес-жобадағы барлық негізгі жайттар қысқаша жазылуы қажет. Жоба түйіндемесі – оның жарнамасы іспетті, сондықтан бұл бөлімде жобаның тиімді екендігінің дәлелдері көрсетіледі. Ұсынылған жобаның неге сәтті болатыны туралы негіздеме беріледі.

2.2 Жобаның мақсаты мен міндеттері
Осы кәсіпорынды құрудың мақсаты не?
Стратегиялық мақсаттар: тиімді кәсіпорын құру, нарықтағы сұранысты қанағаттандыру, ауылдық жерлердегі жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, *** өндірісін дамыту және т.б.
Бірінші кезекте тұрған мақсаттар: заманауи кәсіпорын құру, білікті команда жинау, кәсіпорының жағымды имиджін алыптастыру және т.б.)
Егер жобаны жүзеге асыру әлеуметтік мәселелерді (мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту және т.б.) шешетін болса – атап айтқан жөн.


2.3 Жобаның іске асырылатын орны (таңдауды негіздеу қажет), бастамашыл азамат туралы ақпараттар

Кесте 1 - Жобаны ұйымдастырушы





Компанияның атауы




Компанияның мекен-жайы




Азаматтың аты-жөні




Азаматтығы




Туылған күні




Нақты тұратын мекен-жайы




2.4 Жобаның құны, қаржыландыру көздері
Кәсіпорынды қаржыландыру көздері қандай?
Берілген кесте қажетті кестелер толтырылғаннан кейін ең соңында толтырылады.

Кесте 2 - Қаржыландыру құрылымы







Қаржы көзі

Сомасы, теңге

Үлесі, %

1

Қарыз құралдар ( технологиялық құралдарды сатып алу үшін қажетті инвестициялар)







2

Өзіндік қаражат







3

...










ЖОБАНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ







Кесте 3 - Сатып алынатын құрал-жабдықтардың тізімі





Құрал-жабдықтың атауы

Саны, бірлік

Құны, теңге





















































































Кесте 4 - Несиелеу шарттары (қажет болған жағдайда)





Несие валютасы




Пайыздық мөлшерлемесі




Несиелеу мерзімі




Негізгі қарыз бен пайыздарды төлеу




Негізгі қарызды төлеудің жеңілдетілген кезеңі






3. Нарық пен сала жағдайына талдау
Бұл бөлімнің мақсаты – жоба ұсынатын тауарға (қызметке) қажеттілікті ашып, негіздеп көрсету. Нарықты, саланың ерекшелігін бағалаудың таңдалған түрі жан-жақты сипатталып, негізделуі тиіс.
Ұсынылатын тауардың Қазақстан бойынша соңғы бірнеше жылдарда сатылым серпінін, нарықта пайда болуын, ұқсас және бәсекелес өнімдерге сұранысты жеке қарастыру қажет.
Егер заңды тұлға-жобаның бастамашысы нарықтың осы саласында жұмыс істейтін болса, оның тәжірибесі бар екенін айрықша атап, оның осы саладағы жиынтық өнім өндірістегі үлесін көрсету керек.
Әлеуетті ішкі және сыртқы бәсекелестердің атаулары мен мекенжайларын атай отырып, ұсынылып отырған жобамен салыстырғанда олардың күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау қажет.
Бөлімнің басты нәтижелері:

  • қарастырып отырған тауарға (қызметке) қазіргі нақты сұраныстың ауқымы мен құрылымы;

  • сұраныстың серпіні мен нарықтың дамуы бойынша негізделген болжамдар;

  • ұсынылған жоба аясында шығарылатын өнімнің сатылымы өсу серпінін болжау, компанияның нарықтағы мүмкіндіктері;

  • нарықтың болжалды реакциясы, компанияның өз тауарын нарықта жылжыту кезінде кездесетін басты кедергілер, оларды жеңу жолдары.



4. Жобаның мәні
Бұл бөлім алдыңғы «Нарық пен сала жағдайына талдау» бөлімінің жалғасы болып табылады. Бұл жерде жоба өндірісі бағытталған тауардың (қызметтің) жан-жақты сипаттамасын беру керек. Келесі сұрақтар нақты қарастырылуы керек:

  • пайдаланылатын патенттер туралы ақпаратты көрсетіп, тауар мен тауар белгілерін сипаттау;

  • осы тауарды (қызметті) шығарудағы тәжірибесінің барлығын көрсету;

  • сіздің тауарыңыздың бәсекелестеріңіздің (шетелдік бәсекелестерді қоса алғанда) тауарларынан айырмашылығы неде;

  • сіздің тауарыңыздың бірегей жаңа ерекшеліктері бар ма, жоқ болған жағдайда тұтынушыларды немен қызықтыра алады;

  • тауар қандай шарттармен экспортталады (бағасы, маркетинг, сату желісін құру және т.б.), лицензияның керектігі.

Осы жерде жобаның сәттілігін негіздейтін жан-жақты дәлелдерді келтіру керек. Заңды тұлға-жобаның бастамашысы туралы, егер жоба оның өндірістік құрылмын дамытуға бағытталып, онымен қарым-қатынаста болса, оның техникалық, технолгиялық, өндірістік әлеуеті жайлы толық ақпаратты беру.


5. Маркетинг жоспары
Бұл бөлім алдыңғы екі бөлімнің жалғасы болып табылады. Бөлімнің мақсаты – бәсекелестік күрестің қолайлы әдісін таңдауды, өнімді нарыққа жылжытудың тәсілін қамтамасыз ету. Бұл жерде келесі сұрақтарды жіті қарастыру керек:

  • шығарылған өнімнің түпкілікті тұтынушылары, сұраныс сипаты (бір қалыпты немесе маусымдық); жоба бағытталған нарық сегментінің ерекшеліктері, неге ол бәсекелестерге қарағанда сәттірек болады (олардың маркетинг стратегиясына талдауды есепке алғанда); өнімнің қандай ерекшеліктері немесе қандай қосымша қызметтер оны бәсекелестерге қарағанда ұнамды етеді;

  • бәсекелестердің қандай әрекеттерінен сақтану керек, оларға қарсы әрекеттің стратегиясының басты элементтері;

  • технологиялық өзгерістердің өнімге әсер етуі (табиғатты қорғау заңнамасы, алмастырушы өнімдер); ұсынылған өнімге бәсекелес болатын жаңа өнімдерді жасау туралы деректер;

  • өнім бағасын негіздеу (сапа талаптарын, өзіндік құн талдауын есепке ала отырып );

  • өнімді өткізуді ұйымдастыру : өнімді тарату каналдары, өткізу жүйесін тартымды фирмаларды атай отырып суреттеу;

  • тауарды өткіщзу туралы келісім-шарттар мен ниет шарттарының бар екені;

  • өнімді өндірер алдында, өндіріс басталғанда және өткізу кезеңдерінде жарнамалау бағдарламасы;

  • жарнамаға, өнімді тарату және өткізуге қажет шығындарды бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет