кепілзаттың өтімділігі (бағалы қағаздардың өтімділік дәрежесі ) және материалдық кепілзаттарды тиімді пайдалану мүмкіндігі (жабдықтар, тауар, жылжымайтын мүлік ).
Экономи калық тәуекелдер.
құнсыздану, өзара төлемеушілік сияқты мәселелердің шиеленісуіне әкелетін елдегі экономикалық жағдай нашарлаған болса, заңды тұлғаның экономикалық жағдайының тұрақтылығы;
шикізат, көлік, энерготасымалдаушы бағалары мен тарифтердің өсу мүмкіндігін бағалау, олардың дайын өнім құнына әсер етуін бағалау;
Салық климатымен байланысты тәуекелдер. Ықтимал салық заңнамасының қатаюы заңды тұлғаның қаржылық жағдайын қанша нашарлатуы мүмкін.
Экологиялық тәуекелдер, қалдықтардың қоршаған ортаға жоспарланбаған шығарылуы үшін мүмкін айыппұл шаралары, олардың заңды тұлғаның экономичкалық жағдайына әсері.
Сақтандыру өтемін алмау тәуекелі.
Сақтандырудың болуы, сақтандыру шарттарының жіті қарастырылуы.
8. Ұйымдық жоспар (басқару және кадрлар) Бұл бөлімде келесі аспектілер қарастырылуы керек :
жаңадан жасалған заңды тұлғаның меншік нысаны (серіктестіктер бойынша жасалу және серіктестік шарттары көрсетіледі, АҚ бойынша басты (жарғы капиталының 5% жоғарысына ие) акционерлер мен олардың үлесі көрсетіледі ); егер бұл ашық АҚ болса, онда қанша акция шығарылды және қанша шығарылатынын көрсету керек;