Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
Құдайбергенова Алтынай Маханбетхановна
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
5 «а» сынып оқушысы Абдашим Ақниет
Тақырыбы: «Ұлттық ойындардың ерекшеліктері»
Қазақ халқы негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән
берген.Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған
Қазақтың ұлттық спорт ойындары дене қимылы ғана емес, сонымен бірге ұлттық психологиялық әсері зор. Ойындардың
тәрбиелік жағынан алатын орны да маңызды: біріншіден, адамның нерв жүйелерін шыңдайды; екіншіден, денесін түзеп, тән
саулығына әкеледі, әрі дәлдікке, икемділікке баулиды; үшіншіден, зиянды әдеттерден ( темекі шегу, арақ ішу, анаша тарту,
есірткі сату немесе дәмін тату) сақтап, адамдардың жан саулығын қамтамасыз етеді.
Әр ұлттық ойынның мазмұны мен әдістемелерінің өз ерекшеліктері бар. Қазақтың ұлттық ойындары тек батылдық пен
табандылыққа емес, сонымен бірге әділеттік пен адамгершіліктің жоғарғы принциптеріне негізделген. Қазақтың ұлттық
ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байла нысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті
және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл
ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып,
балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды,
ширықтырып,шынықты
рады.Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы
Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, асық ойындары Азия
елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойын
дардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да
ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап
отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен
және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдық
қа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиет
терге баулуға бағытталған екен». Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы
былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып
қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойын
ды орайластырып, дамытып отырған».
1. Аңдарға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы
қасқыр.
2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алтыбақан, арқан аттау,арқан
тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс,
дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау,
қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ
жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
163
4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу,
балтам шап, бөріктастамақ, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес,
қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең
көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.
5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар
ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас
сәбилерге арнал
ған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ.
Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қой- дың
жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі
топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса,
сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті.
Тоғыз құмалақ– жарыстың жеке кісілік, жеке командалық және командалық түрлері бар. Тоғыз құмалақты арнайы ағаштан
жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (оны кіші
отау деп те атайды), әрқатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар екі түске ақ пен қараға боялады.
Әр ойыншыға 81-ден екі ойыншыға 162 құмалақ (оның бұршақ, жүгері дәні болуы мүмкін) беріледі. Олар әр үяға 9-дан
орналастырылады. Тоғыз құмалақты тақтада немесе қалың қағазға ұялар мен қазанның кескінін сызып та ойнайды. Тіпті
болмаған жағдайда ұяларды жерден қазып та ойнай береді. Әр ұяның
1-ден 9-ға дейін өзінің реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі. Әр ұяның оң жақ (1-ден 4-ке дейін) және сол
жақ (6-дан 9-ға дейін) қапталы бар. 5-ұя орталық ұя деп аталады. Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның
кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кезкелген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін
қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан бір-бірлеп ұяларға салады. Егер ең соңы
құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2,4,6,8,10т.б.) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты түгел алып,
өз қазанына аударады. Ойының барысында ойыншы
лардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалса және оған серіктесі жүріс барысында өзінің ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол
үш тасты түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін
«тұздыққа» айналады. Содан әрі қарай сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазаны
на көшіп отырады. Әр ойыншы өз қарсылысының жағында тек бір ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82 құмалақ
жинаған ойыншы ұтады.
Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай
асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға
ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа
бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп
аталатын өте кең тараған түрлері болған Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы
бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді.
Кімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып,
үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан
келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. Алтыатар ойыны бұдан басқаша. Көндегі
кенейледің бір шетіне түпте қалған ( сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңлау болмай
тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ,
ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал
сақаға тимей кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны-6 рет.
Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын жәнесүндет тойларының
думанындаойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға
салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Кейде бір ауылға келін ұзағырақ
жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан кейінгі сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын не
алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең қазылған,қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік
мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс.
Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне
тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі.Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды.
Аударыспақ– салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді,
шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік
кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ қазіргі кезде де
шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.
Қыз қууойыны бір тегіс, жұмсақ топырақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей
жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады.
Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі
бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі
керек. Егер жігіт бұры
лысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса,
бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі
де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлыған, сынаптай сырғыған ептілікті, шабандоздық шеберлікті таныты білулері керек.
Арқан тартыс . Бұл ойында екі топ адамдары бір-бірімен күш сынасады екен. Екі топқа адам тең бөлініп, ортаға сызық
белгілеп, арқан тартысады. Арқанды өз өзіне тартып алған топ күшті, жігерлі топ болып саналады.
Айгөлек .Қазақ халқының ұлттық ойындарының ішіндегі ең көп тараған ол-«айгөлек» ойыны. Бұл ойынды жасыл желек
атқан көктемде, салқын самалды күзде ашық алаңда ойнаған. Ойынды жас қыздар мен жігіттер ойнаған. Кешке
жиналғандар өзара тең болып екі топқа бөлініп, арасы бір бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойына тізіледі.
Екі топ бір-біріне кезекпен екі жақтан адам шақырады. Бұл адам қарсы топтың қолын бұзып өтуі керек. Егер қолын бұзып
164
өтсе сол топтан өзімен қоса бір адам ала кетеді, егер бұза алмаса өзі сол топта қалады. Қай топта адам саны көп болса сол
топ жеңді деген болады.
Ұлттық ойындар - ата- бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы
орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса
береді.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.
Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып,
өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».
Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат бітіретін осындай
ғажап нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
* * * * * * *
Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
тарих-география пәнінің мұғалімі Шабдан Алтынай
7 ә сынып оқушысы Жандарбек Зарина
«1916жылғы ұлт-азаттық көтерілістің
тарихи маңызы»
Көтеріліс – бұқара халықтың немесе әлеуметтік саяси
топтардың билік жүйесінің саяси, экономикалық
саясатына қарсы наразылықтың бір түрі. Көтеріліске
шеруге, шығу, толқу, жаппай бағынбау сияқты саяси
наразылық сипатында өтеді. Ол наразы лық білдірудің
жоғары шегі бола тұра, қирату, тонау сияқты
ұйымдаспаған әрекеттер мен қатар, ұйымдасқан әскери
көтеріліске ұласуы да мүмкін. Көтеріліс ұйымдасқан
түрде жүргізілетін болса ғана нәтижелі аяқталып,
төңкеріске ұласады. Қазақ сахара сында Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан дәстүрлі мемлекеттілік (хандық)
жойылғаннан кейін көтерілістер екі түрлі сипат пен бағыт алды. Алғашқысына патшалық Ресейдің Қазақ хандығын
әлсіретуіне және жоюына қарсы , кейінгісіне қазақ шаруаларының феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы бағыттал ған
азаттық жолындағы көтерілістер жатады.
Қазақ халқы Ресейдің құрамында болған кездегі ең бір елеулі оқиғалардың бірі –ол 1916 жылғы қазақ халқының
отаршылдыққа қарсы ұлт азаттық қозғалысы. Осы көтерілістің шығу себебі : әлеуметтік-экономикалық және саяси
сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстан дыру саясаты
және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және
ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол
біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б.
Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген
көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай -феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын
қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып,
оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.
Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға
шақырды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз
айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі
мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс
Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.
Торғай көтерілісі(басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов
көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас
сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін
ғана тоқтады.
1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға
және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын
отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн
400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша
өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы
жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не
мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа
мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің
әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21
десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ –қырғыз тақыр кедей лерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу
губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруа шылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы
еңбегін пайда ланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс –украин
қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі
аймақтарда да кеңінен тарады.1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік
империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша
165
чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық –зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне
Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе
көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына,
ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі
Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.Соғыс
жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн. пұт
мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан
аймақтарына жіберілді. Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915
жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір
жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа
қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы
қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды. Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі
патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық
қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың,
соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді.
Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының
асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты» , ал феодалдар балаларының
жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы
кедей шалдары 30 жаста болып, 25 – 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы болып болып жазылды.Майдан жұмысына қазақ
жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразлығына тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл
старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым
– салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу – ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық,
қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетеуі жиілей түсті.
Көтерілістің сипаты мен қозғаушы күштері : 1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық бол¬ды.
Сол арқылы ол қазақ халкының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті
жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ ха-
лқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқару-шылары, билер), сондай-ақ демократияшыл
зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.Көтеріліске қазақтармен катар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және
басқа да кейбір халыктардың өкілдері катыскан Оңтүстік облыстарды (Жетісу жөне Сырдария облысы) қоспағанда,
Қазакстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қозғалысы болды.Бұл қозғалыста еңбекші
халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен
Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда – Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек
Майкөтев, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды. 1916 жылғы шілде,
тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның
құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак – орыс шоғырлары кірді. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің
ескі «бөліп ал да билей бер»деген тактикасында кеңінен қолданады. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал –
губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылу ларудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері
босатылды. Олар: Басқару органдарының (облыстық ,ауылдық ) қызметкерлері, жергілікті (бұтана) халықтың төменгі
полицияда істеп жүргендері, имамдар, молдалар, медреседе істейтіндер, мекемелерде қаражат мәселесімен айналасатын
бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік мекемелелерде қызмет істеп жүрген бұратана әкімшілігінің бұратана халықтың
өкілдері, дворян және құрметті азаматтар әулетінен шыққан бұратана халықтық қозғалыстан бұратана әкімшілігінің, байлар
мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп алуға мүмкіндік берді.
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші
дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов,
Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, Қ.Көкембаев, И.Құрманов, Ж.Кұдайбергенов, С.Қанаев, М.Ұзақбаев,
А.Сұлтанбеков жене басқалар, көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Мендешев, Ә.Жангелдин,
Б.Алманов жөне басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары
және Наурызбай Касымовтар, Байзақ Мәмбетов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді.
Көтеріліс отаршылдыққа қарсы және империализмге қарсы бағытта болды. Көтерілістің басты міндеті — халықты
отаршылдық езгіден ұлттық және саяси жағынан азат ету.1917 жылғы ақпанда Ресей империясында монархиялық билік
жүйесінің құлауын жақындатқан себептердің және жалпы шығыстың отар халықтарының (Қытай, Парсы, Үндістан, т.б.)
империалистік езгіге қарсы ХХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.
166
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Қазығұрт ауданы,
«Көкібел» атындағы жалпы орта мектебінің
3-сынып оқушысы Жақсыбай Нұраят Мэлсқызы
Жетекшісі: Бастауыш сынып ІІ деңгей мұғалімі Исабаева Катира Борибаевна
Тақырыбы: Мен атамды мақтан етемін
Жер жүзіндегі алапат нәрсе – ол соғыс. Соғыс зардабынан қаншама отбасы қайғы-қасірет шекті.
Аналарымыз жесір, қаншама балалар жетім қалады. Сол соғыстың үлкені 1941-1945 жылдары
болған Ұлы Отан соғысы.
Менің атам – Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер. Атам Жарқынбеков Лесбай 1911 жылы
қазіргі ОҚО, Қазығұрт ауданы, Көкібел елді мекенінде шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Жарқынбек ағаш ұстасы
болған. Өзі де ағаштан түйін түйетін ұста болған. Отан алдындағы борышын өтеу үшін соғысқа 1941 жылы аттанды. Соғыс
Воронеж қаласын қорғауда ерлік көрсеткен. Соғыста пулеметші болған. 1942 жылы қыркүйекте болған шайқаста ауыр
жараланып госпитальге түседі. Жарақаттың салдарынан сөйлеу, есту қабілетінен айырылып, мылқау болып елге оралды.
1945 жылы елде табиғаттың шипасы тиіп, тілі шығып, есту қабілеті қалпыны келді. Қалған өмірін ұсталықпен өткізеді. 1952
жылы өмірден өтеді. Менің атам Ұлы Жеңісе өз үлесін қосқан. Мен атамды мақтан етемін!
* * * * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |