А н н о т а ц и я
Основное причины выбора темы является на Юге Казахстане большой вред преносить в сельскомхозятве
грызущие вреденосных насекомых.Эта группа вредных бабочек в частности грызущие хлопковые совки являются
наиболее опасными. Они находятся на юге и юго-восточных регионах, может серьезно повредить ряд технических культур.
В результате применение биологические методы барьбы будут созданы условия для быстрого роста и развития растений, в
свою очередь, будет способствовать росту растений. Это позволит снизить химическую обработку.
Цель исследования: характер специфического характера общей энтомофагов биологических исследований. Для
предотвращения воздействия вредных организмов с целью оценки возможности использования местных энтомофагов.
Применение местных энтомофагов нет никакого вреда и некоторые побочных эффектов.
Загрязняющие продукты от частого использования пестицидов в окружающей среде влияют на здоровье
населения, но и приводит к ухудшению состояния флоры и фауны. В этих обстоятельствах альтернативные методы защиты
растений экологического, биологического сельского хозяйства, биологической защиты растении.
A n n o t a t i o n
The main reasons for choosing the topic is in the south of Kazakhstan in great harm prenosit selskomhozyatve gnawing vredenosnyh
nasekomyh.Eta harmful group of butterflies in particular gnawing cotton bollworm are the most dangerous. They are on the south
and south-eastern regions, can cause serious damage to a number of industrial crops. As a result of the use of biological methods
barby will be created conditions for the rapid growth and development of plants, in turn, will contribute to the growth of plants. This
will reduce the chemical treatment.
Objective: the nature of the specific nature of the general entomophags biological research. To prevent exposure to harmful
organisms in order to assess the possibility of using local entomophags. The use of local entomophags no harm and some side effects.
Polluting products from frequent use of pesticides in the environment affect the health of the population, but also leads to
deterioration of the flora and fauna. In these circumstances, alternative methods of plant protection environmental, biological
agriculture, biological plant protection.
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
І ЭНТОМОФАГТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
I.1 Энтомофагтардың морфологиясы және олардың тіршілігі
II. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ.
II.1 Мақтарал өңірінде жиі кездесетін энтомофагтар
II.2 Биолабораторияда энтомофагтарды (бунақденелер) өсіру
әдістемесі
II.3 Энтомофагтарды өсімдік зиянкестеріне қарсы тиімді
пайдалану
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбыныңөзектілігі: Оңтүстік Қазақстанда 200 - ден астам әр түрлі ауруларды тудыратын организмдер -
бунақденелер, кенелер, омыртқасыз жануарлар және бірнеше ондаған микроорганизмдер ауылшаруашылық дақылдарында
өсіп дамиды. Сонымен бірге 50 - ден астам зиянкестермен қоректенетін жыртқыш бунақденелер тіршілік етеді.
Мырзашөл өңірінде аталған зиянкестің көптеп кездесетінімен ерекшеленіп тұрады. Мырзашөл өңірінің ауа-райы жағдайы
зиянкестің өмір сүру жағдайына қолайлы, себебі бұл жерде қыс айларының жылы келуі мен және көктем айларында
(наурыз, сәуір) жауын шашының мол болуымен байланысты. Мақта шаруашылығындағы зиянкестердің ең негізгілері
қатарына мақта көбелегі (Heliothis armigera Hbr) жатады. Ол негізінен мақта алқаптарында және басқа да ауылшаруашылық
өнімдері далаларында өте көп мөлшерде таралу жағдайы кездеседі. Мәліметтерге қарағанда оның зиянкестік тәсірі, кейбір
жылдары өңірде 26-28 %, ал кейбір ұжымдарда 60-70 % — тан жоғарыны құрайды.
Қазақстанда дақыл зиянкестерінің энтомофагтары 1955—1960 жылдардан бастап қана зерттеле бастады. Сондықтан
көптеген зиянкестердің энтомофагтарының түр - құрамы, олардың биологиялык ерекшеліктері және зияикестердің жаппай
өніп - өсуін тежеудегі немесе олардың сан мөлшерін азайтудағы ролі туралы мәліметтер жоқ болған жағдайдың өзінде өте
жеткіліксіз. Оңтүстік Қазақстан жағдайында көп қоректі зиянкес насекомдардың ішінде өздерінің зиянкестік дәрежесі
жағынан кеміргіш қоңыр көбелектердің практикалық маңызы өте зор. Бұл топқа жататын зиянды көбелектердің ішінде
әсіресе күздік және мақта кеміргіш қоңыр көбелектері аса қауіпті болып саналады. Олар облысымыздың онтүстік және
172
онтүстік-шығыс аймақтарында бау - бақша, техникалық дақылдардың бірқатарына қатты зиян келтіреді. Сондықтан да көп
қоректі зиянкестердің басқа топтарымен салыстырғанда кеміргіш қоныр көбелектердің энтомофагтары толығырақ
зерттелген.
Кеміргіш қоңыр көбелектердің паразиттерінің ішінде ең басты роль атқаратыны кәдімгі трихограмма.Трихограмма туысына
жататьн түрлердің бәрі ауыл шаруашылық дақылдары мен жеміс және орман ағаштарының бірқатар зиянкестерінің
жұмыртқаларында паразиттік тіршілік ететін насекомдар. Трихограммалар жарғақ қанаттылар (Нуmепорteга) отрядының
хальцид тұқымдасына жатады. Олар - өте ұсақ, ұзьндығы бір миллиметрге де жетпейтін, қара немссе сары түсті насекомдар.
Артқы канаттары ұзьн және енсіз болады. Мұртшалары қысқа, ұрғашыларынікі шоқпар басты, бес буыннан тұрады,
еркектерінікі үш буынды.
ТМД - да қазіргі кезде дақылдар зиянкестерінің 10 түріне қарсы биологиялық күресте трихогрммалардың үш түрі
және 15 шақты түр аралық формалары зерттеліп, сыннан өтті. Олардың түрлерінің бір - бірінен фрагмаларының түсі, пішіні,
жұмыртқа салғыш апараттарының, ұзын-қысқалы және сонымен қатар ересектерінің биологиялык ерекшеліктері мен мінез-
құлықтары арқылы ажыратуға болады.
Қазақстанның мақта егетін аудандарында мақта өнімі солардың зиянынан жыл сайын орта есеппен 10проценттей кей
жерлерде 30-40 процентке дейін төмендеп кетеді. Сондықтан мақтаның зиянды жәндіктері мен ауруларына қарсы пәрменді
күрес жүргізудің қоза өнімін артыруда және сақтауда айрықша маңызы бар.
Мақта өсімдігіне зиянын тигізетін жәндіктердің түрі көп. Енді солардың басты-бастыларына жеке-жеке тоқтала кетейік.
Өйткені бұл жәндіктердің оларға қарсы күрес шараларын білудің зор маңызы бар.
Зерттеудіңмәселесі: Меніңосығылымижобаныалусебебім:энтомоф - агтар өсімдік дамуының негізгі факторларын өзгертіп,
зиянкестер адаптацияланған жағдайды өзгертеді, соның есебінен олардың тигізетін зиянды әсерін азайтып, пайдалы
жәндіктерінің өсіп - өніуіне жағдай туғызады. Нәтижеде өсімдіктердің жылдам өсіп дамуына жағдай туады, өз кезегінде ол
өсімдіктің артуына септігін тигізеді. Бұл жағдай химиялық өңдеу жұмыстарын азайтуға әсер етеді. Соңғы жылдарда
ауылшаруашылық дақылдарының (қозаның) өнімділігін арттыру, алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен агробиологиялық
шаралардың нәтижелі жұмыстары, жергілікті энтомофагтардың биологиясын және оларды пайдалану, іс-жүзінде зерттеу
қажеттілігін тудырды.
Биология:Энтомология
Кіші ғылыми жұмысының мақсаты:
1. Оңтүстік Қазақстанда жиі кездесетін энтомофагтардың биологиялық ерекшілігін зерттеу.
2.Зиянкестердің тигізетін әсерін алдын алудағы қолданатын жергілікті энтомофагтардың мүмкіндігін бағалау.
І ЭНТОМОФАГТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
I.1 Энтомофагтардың морфологиясы және олардың тіршілігі
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу шараларының жүйесіндегі биологиялық тәсіл зиянкестерге қарсы
олардың табиғи жауларын - паразиттері мен жыртқыштарын пайдалануға негізделген. Пайдалы жәндіктердің бұл
тобын бір сөзбен энтомофагтар деп атайды.
Паразиттер басқа жәндіктердің ішкі мүшелерінде немесе солардың аралықтарында ұлпаларды жеп немесе клетка
шырынын сорып тіршілік етеді. Олар иелерінің организмін тіршілік ету ортасы ретінде пайдаланады және
паразитизм кезінде олармен тығыз түрде биологиялық байланыста болады. Паразиттер мен жыртқыштардың,
арасындағы негізгі айырмашылық - жыртқыш өз кұрбанын тікелей өлтіреді, ал паразит иесінің есебін де
қоректеніп, оның тіршілік қабілетін әлсіретіп барып, өз даму кезенінің соңғы сатысында ғана өлтіреді. Кей де
паразиттік йесі өлмей тірі қалады.
Жеті нүктелі «қан қызы» немесе «ел қайда көшеді» деп аталатын жыртқыш қоныз өсімдік биттерін ал
жыртқыш барылдақ қоныздардың бір түрі қызыл де нелі барылдақ қоныз (Саlоsоmа sусоphаntа L) жібек
көбелектің (Рогthеtгіа dіsраг L.) жас гусеницаларын бірден жеп кояды (5). Ал жарғақ қанатты паразит -
апантелес капуста ақ көбелегінде мүлде өзгеше түрде паразиттік тіршілік етеді. Бұл паразиттің ұрғашылары
өзінің жұмыртқаларын 20 - 60 данадан топтап көбелектің бір - екі жастағы жұлдызқұрттардың денесіне салады.
Жұмыртқалардан шыққан паразиттің личинкалары жұлдызқұрттын ішіне еніп, ішкі мүшелері мен қоректенеді.
Бірақ бұдан жұлдызқұрттар қоректенуін және түлеу процесін тоқтатпай 5 жасқа дейін дамиды да тек паразиттер
денесінен шығып кеткеннен кейін ғана өледі [1].
Эндопаразиттер иесінің денесіне әр түрлі жолдармен енеді. Жарғақ қанатты паразиттердің еркін тірші лік
ететін ұрғашылары жұмыртқа салғыш аппараттары ның көмегімен иесінің жұмыртқаларын, личинкаларын,
қуыршақтарын немесе ересектерінің денесін тесіп, соған өздерінің. жұмыртқаларын салады. Осындай тәсілмен
трихограммалар және теленоминдер көптеген насекомдардың жұмыртқаларын, псевдафикус комсток сымырының
ұрғашылары мен личинкаларын, ал пимпла деп аталатын паразит алма жемірінің қуыршақтарын залал дайды.
Жарғақ қанатты эндопаразиттердің кейбіреулерінің, мысалы, габробраконаның ұрғашылары ұн көбелегі
гусеницасының денесін жансыздандырады да, соның қа сына өздерінің жұмыртқаларын орналастырады. Одан
соң жұмыртқадан шыққан личинкалар өздері-ақ жұлдызқұртардың денесіне еніп, паразиттік тіршілік ете
бастайды.
Әсіресе паразит шыбындар өздерінің жұмыртқаларын алуан түрлі жолдармен салады. Мысалы, компсилюра
деп аталатын шыбын жұмыртқаларын парсыз жі бек көбелектің гусеницаларының іш қуысына салады. Ал
астық сұр көбелегінің паразиті блефарипода жұмыртқаларын иесінің жұлдызқұрттары қоректенетін өсім дік
жапырақтарына орналастырады.Сонда жұлдызқұрттар жапырақтармен қоректенгенде жұмыртқаларды да
жұтады. Одан соң олардан личинкалар шығып, гусеница ның ішек қуысынан дене қуысына өтеді.
Жарғақ қанатты эндопаразиттердің көпшілігі иесі нің ішкі қуысында (немесе жұмыртқасының ішінде)
қуыршақтанып, ересек насекомға айналады да одан соң оның тері қабын (немесе жұмыртқа қабығын) кеміріп,
тесіп сыртқа шығады. Ал эндопаразиттердің біраз түр лерінің личинкалары, мысалы, капуста ак көбелегінің
173
паразиті апантелес қоректенуін және дамуын тоқтатқан соң иесінің тері қабын бұзып, сыртқа шығады да, соның
маңайында қуыршаққа айналады. Личиика ішінен шыққан соң паразиттің иесі өліп қалады.
Энтомофагтар өздерінің иелерін залалдауға мамандану дәрежесіне байланысты монофагтар, полифагтар және
олиғофагтар болып үш түрлі биологиялық топтарға бөлінеді. Монофагтар бір немесе екі түрге жататын насекомдарды,
полифагтар насекомдардың әр түрлі отрядтарының өкілдерін, ал олигофагтар бір түқымдасқа жататын бірнеше
түрлерді залалдайды.
Энтомофагтардың иелеріне мамандалу дәрежесі мына төмендегі жағдайларға тәуелді болады:
1) негізгі иесінің даму цикліне энтомофагтың даму цикілінің үйлесімді болып келуі;
2) энтомофаг пен оның иесінің сырткы орта жағдайларына қоятын талаптарының ұқсас болуы;
3) энтомофагтың иесінің организмінде тіршілік етуге бейімделуі
Энтомофагтардың тиімділігі (нәтижелі болуы) негізінен олардың, ие-насекомдарды залалдауға мамандалу
дәрежесіне байланысты. Мысалы, алма ағашының аса қа уіпті зиянкесі қан битінің өте жақсы мамандалғаи
паразиті афелинус иесінің өсіп-өнуін басқа факторлардың көмегінсіз-ақ тежей алады. Энтомофагтардың ішінде
олигофагтарда зиянкес насекомдардың сан мөлшерінің көбейіп кетуіне жол бермей, олардың қаулап өсіп-өнуін
тежей алады. 1954 жылы Воронеж қорығында паразит насекомдар жапырақты орман ағаштарының қауіпті
зиянкесі жібек көбелектің жаппай өсіп-өнуін дер кезінде тежеген болатын. Солардың ішінде негізгі роль
атқарғандар жарғақ қанаттылардан-апантелестер, ал паразит- шыбындардан орман форецерасы мен қалқанша
блефарипода болды. 1958—1960 жылдары Қазақстанның солтүстік бөлімінде дәнді дақылдардың, әсіресе бидайдьң,
басты зиянкесі астық сұр кебелегінің жаппай өсіп-өнуін тежеуде де басты рольді энтомофагтар атқарды. Олар дың
ішінде ең негізгілері мыналар еді: жарғақ қанат тылар отрядынан менискус, қосқанаттылар отрядынан
изомера мен тахина. 1947 - 1949 жылдары Краснодар елкесінің оңтүстігінде кокцинеллида тұқымдасына жа татын
жыртқыш қоңыз хилокорус - Калифорния қалқаншасының 90-95 процентін жойғаны мәлім. Энтомофагтардың осындай
айтылған пайдалы әрекеттері туралы көптеген мысалдар келтіруге болады[2].
Дақылдардың зиянкестерімен күресу әрбір жеке биологиялық топқа тән шараларды қолдана отырып, энто
мофагтардың пайдалы әрекеттерін (тиімділігін) жоғары көтеруге болады. Ол шаралар табиғатта
энтомофагтардың, өсіп-өніп көбеюіне кедергі жасайды.
Зиянкестерге қарсы биологиялық күрес тәсілін ұйымдастыруда энтомофагтарды әр түрлі жолдармен пайдалануға
болады. Солардың. ішінде ең біріншісі - зиянкестердің жаппай өсіп-өнуін басқа факторлардың көмегін сіз
өздері-ақ тежей алатын тар көлемді мамандалған энтомофагтарды (монофагтарды) олар кездеспейтін немесе әлі
олардың саны жеткіліксіз жерлерге апарып жіберу. Осы мақсат үшін жерсіндіру (акклиматизация) және ареал
ішінде тарату тәсілдері — қолданылады.
Фенологиясы (даму мерзімдері) негізгі иесінің фенологиясына үйлес келмейтін көп қоректі энтомофагтарды
(полифагтарды) пайдалануда оларды бір рет қана таратьш қоныстандыру жеткіліксіз. Сондықтан оларды арнаулы
лабораторияларда (биолабораторияларда) жаппай қолдан әсіреді, одан соң. оларды жыл сайын зиянкестер шыққан кезде
егістік жерлерге немесе бақтарға, кезеңдеріне және сан мөлшерінің әр кезде әр қилы болуына байланысты паразиттердің
практикалық маңызы әр түрлі болады. Зиянкестің сан мөлшерінің динамикасындағы паразиттердің ролі туралы айқын түсінік
алу үшін оның паразиттермен залалдану дәрежесін тексеру кезіндегі проба алу жұмыстары зиянкестің сан мөлшерін,
плантацияларға апарып, таратьш жібереді. Бұл тәсілді маусымдық колонизациялау деп атайды [3].
Олигофагтардың нәтижелігін олардың бірнеше түрлерін қатар пайдалану немесе энтомофагтар үшіл қолайлы, ал
зиянкестер үшін қолайсыз жағдайлар жасау аркылы жоғары көтеруге болады. Ол үшін агротехникалық және
мәдени-шаруашылық шараларды іске асыру сонымен қатар химиялық күресті знтомофагтар дың сан мәлшеріне
және олардың пайдалы әрекеттеріне айтарлықтай зияны тимейтіндей дәрежеде үйлестіре жүр гізу керек. Ондай
үйлестіруді мына төменде көрсетілген шараларды орындау арқылы қамтамасыз етуге бола ды, күресу тәсілдерін
бірінен соң бірін кезектестіру - биологиялык күресу тәсілін қолдану арқылы зиянкестің негізгі қорын жою немесе
энтомофагтарға онша айтарлықтай зияны тимейтін кезде улы химикаттарды қолдана отырып, алдын ала
зиянкестің сан мөлшерін азайту;
зиянкестер кездесетін учаскелерді жаппай тұтас уламай, біраз бөлігін қалдыру;
сөйтіп, улы химнкаттар шашылмаған учаскелерде энтомофагтардың шоғырлануына мүмкіндік туғызу;
энтомофагтар үшін зиянсыз улы химикаттарды немесе олардың онша қауіпті емес формаларын пайдалану.
Ауыл шаруашылығы зиянкестернің энтомофагтарын зерттеуде мынадай міндеттер койылады: зерттелетін
зиянкестің паразиттері мен жыртқыштарының түр құрамын анықтау және олардың биологиялык ерекшеліктерін білу,
знянкестің сан мөлшерін азайтудағы энтомофагтардың жеке түрлерінің тиімділігін анықтау.
Энтомофагтардың түр құрамын және олардың биологиялық ерекшеліктерін арнаулы стационарлық учаскелерде немесе
маршрутты тексеру кездерінде жүйелі түрде бақылау және сынау арқылы зерттеледі. Бақылаудың нәгижелері күнделік
журналға жазылады.
Энтомофагтардың жеке түрлерінің ролін зерттеу олардың ішінен практикада пайдалану үшін ең агрессивтік және
перспективалы түрлерді бөліп алуға мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар бұл зерттеу зиянкестердің сан мөлшерін алдын ала
болжауға және химиялық күресті реттеп дифференциалды түрде жүргізуге мүмкіншілік береді. Әр түрлі географиялық
аймақтарда зиянды насекомдар мен кенелердің өсіп-өну динамикасындағы паразиттердің ролін дұрыс бағалау тек зерттеу
жұмыстарын бірыңғай тәсілмен жүргізгенде ғана мүмкін болады.
Егістік жерлерде, огородтарда, бау-бақшаларда зерттеу жұмыстарын жүргізгенде паразиттердің тиімділігі әртүрлі учаскелерде
түрліше болуы мүмкін және ол бірқатар факторларға, яғни ландшафт ерекшеліктеріне, ор-ман алқаптары мен басқа қолдан
отырғызылған ағаш тектес өсімдіктердің болуы болмауына, ағаш бұта және шөп тектес өсімдіктердің түр құрамына, сол
аймаққа көбірек таралған ауыспалы егістің схемасына, егістік жерлердің құрылымына, алғы дақылдарға, өсімдік қорғау
жүйесіндегі химиялық шаралардың көлеміне және басқа жағдайларға байланысты [4].
Энтофагтардың өсіп - өну қарқыны мекендеген станцияларында шеп тектес гүлді өсімдіктермен бұталардың және әр түрлі ағаш
тектес өсімдіктердің болуына тығыз байланысты. Бұл жағдай оларды ұрғашыларының жұмыртқалары пісіп жетілер кезде
көмірсу қоректермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ондай жерлерді дақылдарға зиян келтірмейтін көптеғен насекомдар
мекендейді. Негізгі иесі жоқ кездерде энтомофагтар солардың есебінде тіршілік етеді. Мұндай жерлерде энтомофагтардын
174
қыстап шығуына қолайлы жағдайлар, яғни әр түрлі паналар мен микроклимат болады. Сондықтан энтомофагтардыд түр -
кұрамын және олардың тиімділігін зерттеу жұмыстары экологиялық және агрошаруашылық жағдайларының ерекшеліктері
жағынан бір - біріне ұқсамайтын әр түрлі учаскелерде жүргізілуі керек, Мысалы, қыраттар мен ойпаттарда, орман -
тоғайларға жақын және олардан кашықтау учаскелерде, улы химикаттар шашылған және химиялық шаралар қолданылмаған
учаскелерде және т. б.
Кеміргіш қоңыр көбелектердің энтомофаггары. Қазақстан жағдайында көп қоректі зиянкес насекомдардың ішінде
өздерінің зиянкестік дәрежесі жағынан кеміргіш қоңыр көбелектердің (подгрызающие совки) практикалық маңызы
өте зор. Бұл топқа жататын зиянды көбелектердің ішінде әсіресе күздік және жабайы көбелектер аса қауіпті болып
саналады. Олар республиканың онтүстік және онтүстік-шығыс аймақтарында бау-бақша, техникалық дақылдардың
бірқатарына қатты зиян келтіреді. Сондықтан да көп қоректі зиянкестердің басқа топтарымен салыстырғанда
кеміргіш қоныр көбелектердің энтомофагтары толығырақ зерттелген.
Кеміргіш қоңыр көбелектердің паразиттерінің ішінде ең басты роль атқаратыны кәдімгі трихограмма.
Трихограмма туысына жататьн түрлердің бәрі ауыл шаруашылық дақылдары мен жеміс жәие орман ағаштарының
бірқатар зиянкестерінің жұмыртқаларында паразнттік тіршілік ететін насекомдар. Трихограммалар жарғақ
қанаттылар (Нуmеnорteга) отрядының хальцид тұқымдасына жатады. Олар — өте ұсақ, ұзындығы бір
миллиметрге де жетпейтін, қара немссе сары түсті насекомдар. Артқы канаттары ұзын және енсіз болады. Мұртшалары
қысқа, ұрғашыларынікі шоқпар басты, бес буыннан тұрады, еркектерінікі үш буынды.
ТМД-да қазіргі кезде дақылдар зиянкестерінің 10 түріне қарсы биологиялық күресте трихогрмалардың үш түрі және
15 шақты түр аралық формалары зертте ліп, сыннан өтті. Олардың түрлерінің бір-бірінен фрагмаларының түсі,
пішіні, жұмыртқа салғыш апараттарының, ұзын - қысқалы және сонымен қатар ересектерінің биологиялык
ерекшеліктері мен мінезқұлықтары арқылы ажыратуға болады.
Трихограммалардың ішіндегі ең негізгі түрі - кәдімгі трихограмма. Ол тым көп коректі және өте кең таралған
паразит. Оның иелерінің жалпы саны 80 түрден асады. Бірақ ең көп ұнататыны қоңыр көбелектер (Noctuidae ).
II. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ.
II.1 Мақтарал өңірінде жиі кездесетін энтомофагтар
Энтомофагтың дамуы мен тигізетін пайдасына байланысты жүргізілген зерттеу жұмыстары Мақтаарал ауданыңда
орналасқан биофабрика базасында алып барылды. Энтомофагтардың тигізетін әсерін оның құрттармен олардың зияны
тиген өсімдіктерді есепке алу және олардың мақта өсімдігіне әсерін бақылау жолымен алып барылады.
Паразиттерді бақылау және олардың кеміргіш көбелектерді залалдау дәрежесін есепке алу жұмыстары мақта
алқаптарында жүргізілді. Көбелектер ұшып шықпастан бұрын есепке алу жұмысы екі рет жүргізілді. Бірінші рет көктемде
ауа - райы жылыған соң, жұлдыз құрттар қуыршақтанбай тұрғанда және екінші рет жұлдызқұрттардың жаппай
қуыршақтанған кезінде.
Көбелектердің кейінгі ұрпақтарының жұлдызқұрттарын есепке алуға олар жаппай шыққан кезде кірістік. Есептеу
жұмыстары 7 –10 күнде бір рет жүргізілді. Тексерілген мақта алқабы шахмат ретімен 20 проба алынды. Олар 5 –10 см
тереңдікке дейін қазылып, ұқыпты түрде тексерілді.
Паразиттермен залалдануын анализдеу үшін пробада кездескен тірі және өлі гусеницалар мен қуыршақтардың
және де шаншарлар мен шыбындардың пілләсі жиналды.
Трихограмма туысына жататын түрлердің бәрі ауыл шаруашылық дақылдары мен жеміс және орман
ағаштарының бірқатар зиянкестерінің жұмыртқаларында паразиттік тіршілік ететін насекомдар. Трихограммалар
жарғақ қанаттылар (Нуmепорteга) отрядының хальцид тұқымдасына жатады. Олар - өте ұсақ, ұзьңдығы бір
миллиметрге де жетпейтін, қара немссе сары түсті насекомдар. Артқы канаттары ұзьн және енсіз болады. Мұртшалары
қысқа, ұрғашыларынікі шоқпар басты, бес буыннан тұрады, аталықтарында үш буынды. ТМД-да қазіргі кезде
дақылдар зиянкестерінің 10 түріне қарсы биологиялық күресте трнхогрмалардың үш түрі және 15 шақты түр
аралық формалары зерттеліп, сыннан өтті. Олардың түрлерінің бір-бірінен фрагмаларының түсі, пішіні, жұмыртқа
салғыш апараттарының, ұзын-қысқалы және сонымен қатар ересектерінің биологиялык ерекшеліктері мен
мінезқұлықтары арқылы ажыратуға болады. Трихограммалардың ішіндегі ең негізгі түрі - кәдімгі трихограмма.
Ол тым көп коректі және өте кең таралған паразит. Оның иелерінің жалпы саны 80 түрден асады. Бірақ ең көп
ұнататыны қоңыр көбелектер (Noctuidae) [5].
Кәдімгі трихограмма ТМД - ның орталык және оңтүстік европалық бөлімінде және Орталық, Азия мен
Қазақстанда таралған. Мұның өзі бұл түрдің әр түрлі климатты аймақтарда бейімделгіш екендігін көрсетеді.
Оның бұл жағымд ы қ а с и е т і ә р т ү р л і э к о л о г и я л ы қ ж а ғ д а й л а р ғ а бейімделген түр аралық формаларының
молдығымен дәлелденеді (сурет 1).
Трихограмма өздерінің жұмыртқаларын басқа насекомдардың жұмыртқаларының ішіне салады. Сөйтіп, оның
ересек фазасына дейінгі дамуы иесінің жұмыртқасының ішінде өтеді. Көбелектің бір жұмыртқасының ішінде
паразиттің 2-4 дернәсілі бірден жетіле алады. Дамудың төртінші-алтыншы күндерінде залалданған жұмыртқалар
меруерттей кұлпырып тұратын қара түске айналады. Осы белгі арқылы көбелектің, трихограмма мен залалданған
жұмыртқаларын сауларынан оңай ажыратуға болады.
Ересек трихограммалар еркін тіршілік етіп, углевод ты қоректер және шық тамшыларын сорып қоректенеді.
Трихограмма 17-ден 30°-ке дейінгі температура мен 55-тен 95%-ке дейінгі ауа дымқылдығында өніп-өсіп, дами
алады.
Трихограмма жұмыртқадан жаппай шығып болғаи соң құтыларды егін даласына жеткізеді. Шығару жұмысын таң ертеңгі
немесе ыстық болмайтын кешкі (кеш алды) сағаттарда ұйымдастырған жөн. Егін даласы бойынша біркелкі тарату үшін
трихограмманы бір гектар жердің, кем дегенде 50 нүктесінен шығарады. Ол үшін паразиттерді шығарушы жұмысшылар бір-бірінен
20 метр қашықтықта егін даласы бойынша жүріп отырады да, 10 метр жүрген сайын тоқтап, трихограммалар бар жапырақты
кұтыдан пинцеттің көмегімен ептеп алып, өсімдіктің үстіне қояды.
175
Трихограмманы шығару методикасы мен техникасын бұлжытпай дұрыс орындау бұл істің айтарлықтай жақсы нәтиже беруінің
негізгі кепілі болып саналады [6].
Күздік көбелектің гусеницалары мен куыршағын паразиттердің 100 шақты түрлері залалдайды. Олардың ішінде едәуір роль
атқаратындары—шаншарлар.
Мақта зиянкестерінің көбейіп кетуін тәртіпке келтіруші 50 ден астам табиғи энтомофагалар бар. Олардың ең негізгі
түрлері : қанқыз, алтын көз, жыртқыш трипстер, жыртқыш қандала, афидиелар және броконидалар.
Жеті нүктелі қанқыз. Денесі домалық, қанат асты қызыл. Қанатының астана 7-і қара дағы бар. Жұмыртқасы ашық сары
жалпақ тәрізді, ұзындығы 3 мм. Аналық қанқыздар бір-біріне қалың және топтастырып 50 данаға дейін жұмыртқа қояды.
Дернәсілі тоқ қоңыр болып, бүйірінде қызыл, ақ, қара дақтары бар. Тауларда қыстайды. Жоңышқаларда наурыз-сәуір
айларында пайда болады(сурет 2).
Мақта алқабына май (мамыр) айының бірінші он күндігінде ұшып келеді. Аналық қанқызджыр өмір сүру дәуірінде
барлығы болып 600-700 жұмыртқа қоюы мүмкін. Қуыршағы еркін болып жапырақтарға оңай жабысады. Иммага және
дернәсілі өсімдік биті, трипстар, өрмекшікенелер және топырақтың астыңғы астыңғы қабатында тіршілік ететін мақта
көбелегінің жұмыртқасы және майда дернәсілдерімен қоректенеді. Шұқып тесу дәрежесі жоғары. Дернәсілі 1-тәулікте 50-
60, иммагасы 100 ден артық өсімдік битімен қоректенеді. Бір қанқыз өмір сүру дәуірінде 3000 нан астам зианкестерді қырып
тастайды. Мырзашөл өңірінде жеті нүктелі қанқыздар маусым ішінде 2-ұрпақ береді. Шілде-тамыз айларынан бастап
қыстап шығу үшін тауларға ұшып кетеді [7].
Алтынкөз (chrusopidae) тор қанаттылар отрядының тұқымдасына қарайтын жыртқыш жәндіктер. Олардың дернәсілдері
және кейбір түрлерінің еркектері де өсімдік биттерімен, өрмекші кенелерімен қоректенеді. Сондықтан “алтин көздер”
табиғатта өсімдік биттерін жаппай қаулап өсіп-өнуін тежеп отыратын негізгі биотикалық факторлардың бірінен саналады.
Ересектерінен жалпы түсі ақшыл жасыл немесе көк жасыл, көздері алтын тәрізді құлпырып тұады. Көлемдері бірдей, екі
жұп қанаттары болады. Дернәсілдер ұршық пішінді, сопақша, өте жылдам қозғалады. Ересек жәндіктердің ұзындығы 10-20
мм. Олар әртүрлі өсімдіктердің гүл шырынымен қоректенеді. Кәдімгі алтынкөз (chrusopa carnes steph)денесі сегменттерге
бөлінген, үш жұп аяғы бар(сурет 4).
Дернәсілдері оралған жапырақтың астында, жапырақта қыстап шығады. Сәуірдің 1-2 он күндігі мен мамырдың
бірінші он күндігінде ұшып кетеді. Ұрғашылары 350-500 ге дейін жұмыртқа салады. Ересектерінің бір жұбы он күн ішінде
биттердің 785 дарасын (особь), ал бір дернәсілі өзінің даму кезеңінде 950 дараны жеп құртады. Дернәсілі көбеюдіңі ең
сонғы күнінде қуыршақтануға қолайлы жерді іздейді. Әдетте олар көбінесе ағаштың оралған жапырақтарында қуыршаққа
айналады. Қуыршақтың даму 8-9 күнге созылады. Жыртқыш алтынкөз жылына төрт рет ұрпақ беріп көбейеді [19].
Габробракон мақта көбелегі азайтуда едәуір қызмет атқарады. Бұған қоса ол карадрина, жүгері көбелегі, құлқайыр
күйесі, мақта сабағының күйесі, дейірмен көбелегі сияқты зиянкес жәндіктермен қоректенеді (сурет 11).
Габробраконның тұқымының ұзындығы 2-5 мм. Аяқтары түзу, қарны собақты болып келеді. ұрықтанған ұрғашы
габробракандар аралап қалған жапырақтарда, ағаш қабықтарының астында тағы сол сияқты қуыстарда қыстайды. Жұлды
құрттың денесіне жұмыртқасын саларда оны өлтіріп тастайды. Бір ұрпағының жамуы жазда 9-11 күнге, көктем мен күзде
12-16 күнге созылады. Паразит гоброброкон ерте көктемнен бастап түрлі мәдени өсімдіктердің зянкестері, мақта
көбелегімен күздік көбелек дернәсілдеріне үлкен зиян келтіреді.
Гобробраконның бірінші шығу кезеңі жоңышқа көбелегінің, гамма көбелегінің даму кезеңдеріне сай болады және сәуір
айының I-II он күндігіне сәйкес келеді. Ол кезде ертелі капустада, редиска, қызылшада, жоңышқа т.б. түрлі арам шөптерде
зиянды күзгі көбелектің дамуы байқалады. Бұл көбелектер мақта көбелегінен 25-30 күн бұрын өніп шығады. Зианкестердің
бұлай әр кезеңдерде өсіп дамуына қарсы габроброкандардың үлесі орасан зор [8].
Жұмыртқасын алдынан қозғалыстан тоқталған орта және үлкен жастағы көбелек дернәсілдердің ішкі денесіне қояды және
әр біріне 2-12 ден жұмыртқа орналастырады (Сурет 5).
Көбелек дернәсілінің қалдықтарының жақын жерде қуыршаққа айналады. Мақта алқабында шілде, тамыз айларында,
қызанақта қазан айына дейін дамиды. Жетілген бунақденелер даладағы өсімдік қалдықтарында қыстап шығады. Қазан
айында қыстауға кетеді. Қыстаудан наурыз, сәуір айларынан бастап ұшып шығады. Көктемде қосымша гүлді өсімдіктер
шырынымен қоректенеді. Мақта алқабында пайда болғанға дейін жоңышқа және қызанақта дамиды. Бір жылда 6-7 ұрпақ
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |