Жоо мен орта мектептерде


Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы



Pdf көрінісі
бет28/28
Дата03.01.2017
өлшемі10,75 Mb.
#1050
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы
«Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы 
мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ  
1 «Г» сынып оқушысы Абдимуратов Алибек
Жетекшісі: Исина Динара Жанатқызы,  бастауыш сынып мұғалімі
                                 
                                            «Төрт – түлік малдың пайдасы» 
          Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мал кезінде алты алаштың
жесе - асы, кисе - киімі, мінсе - көлігі, жапанда - серігі болған. Біз ежелден малға жақын халықпыз.
Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген.
Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға
көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен арқан  жіптер, киіз үй жабдықтары, киім
- кешек, алаша, кілем тоқып т. б. әр түрлі бұйымдар жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, 
шұбат сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.
        
                                             «Түйе малдың қасқасы»
         Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Осы малдың 
сақтаушы иесін «Ойсылқара» деп атаған. Ойсылқара атауы ұғымдық жақтан түйе деген мағынаны білдіреді. Қазақтар 
түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, 
шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ 
т.б) Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін
де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып - үйірілген, еркелетіп отырған.
191

                                         «Ат - ердің қанаты»
Төрт түліктің ішіндегі ең таза мал – жылқы. Оның тазалығы соншалық – суды да кешіп барып, таза жерден ішеді. Ол өте 
сезімтал мал. Қолға тез үйренеді. Бір ғажабы жылқыда өт болмайды. Төрт түліктің ішінде жылқыны өсіру жеңіл. Себебі 
жылқыны бағуда артық шығын кетпейді. Жылқы - жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.
                                      
                                         «Сиыр бақтым –сидаң қақтым»                      
      Халқымыздың көшпелі өмірінде күш көлігі ретінде сонау ерте кезден пайдаланылып келе жатқан сиыр малының басқа
қасиеттерін де бабаларымыз тым ерте білген сияқты. Сиыр малының сүті мен етін азық етумен бірге оның терісін киім,
еңбек құралы ретінде пайдаланған. Сиырдың сүтін ішіп қана қоймаған, одан қаймақ, май, ірімшік, құрт секілді тамақтың
алуан түрін де дайындай білген. Кезінде сиыр малының көшсе көлік, сауса сүт, сойса ет болып, халқымыздың қажетіне
жарағанын кейінгі жастар нақты бір аңыздай қабыл алып жүрсе, соған ең алдымен өзіміз кінәліміз.
          Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал- жылқы. Оны жасына, түріне қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал,, сойтал,
дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратады. Бұрыннан ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулардын
жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу, дүлділ, арғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеп бағалаған.
Айт,ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние, жиһаз тігілетін болған.
Тігіпті бас бәйгеге елу бие,
Тігіпті бас бәйгеге елу бие,
Өлі отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе,
Жабулы қара нарға қалы кілем,
Аты озған зор олжаға болады ие.
                                                   (Н. Ахметбеков)
            Жалпы, халық жылқыны жоғары бағалап, оны көп өсірген. Тіпті оның жүрісіне дейін жіктеп, аян, жорға, жортақ,
бүлкек, бөкен желіс, сар желіс, текірек, шоқыту, шабыс деген түрлерге бөлген. Басқа малға қарағанда жылқы түсі де көп:
торы, күрең, жирен, шабдар, ақбоз, боз, көк, қызыл, қара, шұбар, теңбіл, көк, баран, бурыл,, қылан, ала, сұр, кер, құла,
құлагер, қарагер.
Жылқының жаманың мәстек, тулақ дейді.
Жылқы- қазақтың кәделі, бағалы қазнасы. Халық ер- азаттарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Демек, құрмет белгісі ретінде
жылқы үлкен сый орнына жүреді.
Сиыр жасына қарай бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп аталады.
Қой түріне және жасына қарай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ азбан, ісек, ақаусыз қой қошқар саулық деп бөлінеді.
Ешкі лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп жіктеледі.
Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған бабаларымыз адам есіміне де мал атауларын қойған. Мысалы: Ботагөз, Нартай,
Бурабай, Жылқайдар, Қозы, Бұзау, Серке, Құнанбай.
Мал сүтінен жасалатын тағам түрлері өте көп. Шұбат, қымыз- денсаулыққа аса пайдалы шипалы сусындар. Сиыр мен қой
сүтінен айран, қатық, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, құрт, ежігей тағы басқа көптеген ұлттық тағамдар жасалады.
Халық ұғымдарында әр малдың иесі, пірі бар. 
Түйенің пірі- Ойсылқара
 Жылқының пірі- Қамбарата
 Сиырдың пірі- Зеңгібаба
 Қойдың пірі- Шопаната
Ешкінің пірі- Сексеката.
Әр малды өзінше шақырады. 
Түйені көс-көс
Жылқыны құрау-құрау
Сиырды әукім-әукім
Қойды пұшайт-пұшайт
Ешкіні шөре-шөре деп шақырды.
Өріске шығарғанда түйені арай-арай деп, жылқыны құай-құрай деп, сиырды шуу-шуу, өк деп, қойды шәй-шәй деп, ешкіні
шек-шек   деп  қайырады,   жылқыны   құр-құр  деп  тоқтатады,   түйені   шөк-шөк   деп  шөгереді,   шуу   деп  тұрғызады,  өргізеді
айдайды.
Сондай ақ әр малдың үні де бар. Түйе боздайды, жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қой, ешкі маңырайды.
Малдың   негізгі   ауруларының   аттары:   түйеде-   ақшелек,   қатпа;   жылқыда-   жамандату,   шеміршек,   маңқа;   сиырда-аусыл,
қарасан; қой, ешкіде-топалаң, кебенек т.б.
Қазақ малды топтап бағады. Жылқы үйір, түйе, сиыр, табын-табын қой- ешкі табын отар деп атайды.
Мал балаларын төл деп атайды. Түйе төлін 12 ай, жылқы 10 ай, сиыр 9 ай, қой, ешкі 5 ай көтереді. Түйе екі жылда бір рет
көтереді.
Төрт түлікке, оның өмірдегі орнына байланысты айтылатынн сөздер өте көп. Мысалы: төл ауызданады. Отығады, жылқы
жусайды, басқа мал күйіс қайтарады.
Малды ауыл жаз жайлауда, күз күзекке, қыс қыстауға көшеді, ол мал өсіру ыңғайына қарай бейімделіп жасалады. Қыста
мұзды ойып, ойықта мал суарады, жазда мал су ішетін жерді суат деп атайды. Үйренген мал өз жайлауын, суатын іздейді.
Ірі мал басқа жаққа сатылғанда немесе жіберілгенде одан қашып шығып, жүздеген, мыңдаған шақырым жерден өзі туып
өскен жерін іздеп табады. Мал өз иесін, қорасын, төлін таниды.
Мал шауруашылығының қыр-сырын жете меңгерген еңбекшіл халқымыз мал өнімдерін де тұрмыстық салаға қолдана білді.
Оның сүйегін де, мүйізін де, жүнін де, терісін де үлгіртіп қолдана білді. Жылқы сүйегін, қобди сандықтар бетін өрнектеді.
Күзеп алған жал, құйрығынан мықты арқан есті. Сиыр мүйізінен тарақ жасады.Қой жүнінен киіз, текемет басып, кілем, сырт
киім тоқыды. Түйе жүнінен тоқылған шекпен кәделі, қымбат киім деп бағаланды. Оның шудасының емдік қасиетін де
тапты.
Ешкінің қылынан, түбітінен де бағалы бұйым тоқыды. Сәнді күртеше, қолғап, шұлық ешкі түбітінен тоқыды.
192

Қазақ халқы мал терісін шаруашылықтың әр саласында қолдана білді. Жылқы терісінен аса бағалы жақы тонын тікті. Сиыр
терісін илеп, сәнді ер-тоқымды, ат әбзелдерін оюлап, өрнектеп, өріп жасады. Қамшы өріп, кісе белбеу жасап, сәнді етік,
кебіс тікті. Қой терісінен тон тігіп, «Тоғыз  қабатт торқадан тоқышағымның терісі  артық»,-деп мақтанды. Одан жарғақ
шалбар тікті. Теріні тулақ етіп
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қазақ халқының - төрт түлік малының пайдасы мен қасиеті жайлы тереңірек мағлұмат бердік . Төрт түлік малдың өнімдерін
қарапайым жағдайда қалай пайдалану туралы және табиғи тағамдардың қасиеті мен пайдасы туралы толық мағлұмат бердік.
Қазақ   халқының   көшпелі   тұрмыс-тіршілігінде   төрт   түлік   малдың   орны   ерекше   болған.   Сондықтан   да   болар  халықтың
дүиетанымы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы төрт түлік малмен тығыз байланысты екенің нақты мысал келтіріп айттық. Мал
өнімдерін тіршілік құралы етіп, оңтайлы пайдаланып шебер игергені жайлы толық мағлұмат бердік. Малдың еті, сүті, жүні,
түбіті, қылы, шудасы, терісі, тіпті мүйізіне , сүйегіне дейі қажеттілікке жаратқаны туралы деректер жинадық. Ана тіліміздің
ғасырлар  бойы  толығып   жатқан сөз  байлығымыздың   бір ұшығы   біздің  халқымыздың   ата  кәсібімен тығыз   байланысты
екенің дәлелдедік. Жылқы малына байланысты ғұрыптар, мақал-мәтелдер, адам есімдері берілгені жайлы айтып өттік.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
« «Салтынды сақта, дәсүрінді дәріпте» Қайыржан Макин. Алматы қаласы, Абай даңғылығы, 143.
«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» Ольга Гумирова . Шымкент қаласы. Ташкенова,44.
«Балдырған журналы» 2003. №8. 2004 №4. 2005. №2. 2006 №10 жылдардағы басылымдар.
Бірнеше мағлұматтар үлкен адамдардың әңгімесі тарихи деректермен салыстырылып алынды.
* * * * * * * * * 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы,
Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының 7 -сынып  оқушысы Қалмұратова Назерке 
Ғылыми жетекшісі: Ордаева Зоя  Жумабердиевна,  тарих пәнінің мұғалімі
АТА-АНА МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
       Ата-аналар мен балалардың құықтарын қорғайтын нормативтік құқықтық құжаттар: 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның
Бас Ассамблеясы балалар құқығы туралы Конвенцияны қабылдады.
     Балалар құқығы туралы Конвенцияға барлық елдер дерлік қол қойды (190-нан астам).Ол әлемдегі барлық мемлекеттер
мойындаған   бірден   –бір   құжат   болуға   жақын   келеді.Қазақстан   Республикасы   балалар   құқығы   бойынша   барлық
заңдылықтарды Балалар құқығы туралы Конвенциямен дәл сәйкестендіре жүргізуге тиіс.
    Балалар құқығын қамтамасыз ету-қазіргі заманның маңызды проблемасы,оның шешілуіне барлық әлемдік қауымдастық
мүдделі.Бұл   қоғамның   өмір   сүруге   бейімділігіне   кепілдік   беру   мен   оның   болашақта   дамуын     болжаудағы   жастардың
анықтаушы рөлде болатынымен түсіндіріледі.
Әлемде бірді-бір мемлекет балалар құқығын сақтау саласында үлгілі рөлге үміткер бола алмайтынын мойындау керек.
   Балалар құығы бойынша халықаралық құжатты жасау туралы мәселе бұрыннан қарастырылуда.1946 жылы ЮНИСЕФ
(әлеуметтік комиссия және БҰҰ-ның қоры) шеңберінде 1988 жылдан бастап балалар дамуының Халықаралық орталығы
қызмет жасап келеді.
  Балалар құқығын Халықаралық қорғау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) адам құқықтары саласында халықаралық стандартты дайындау;
2)балалар құқығын қорғау бойынша арнайы бақылау органын құру;
3)ұлттық заңдылықтарын халықаралық міндеттемелерге сәйкестіккке келтіруге көмектесу;
4) БҰҰ-ның Балалар арқылы заңдылықтарды сақтауға, халықаралық көмек көрсету;
Қазақстан Республикасы 1994 жылы 16 ақпанда Балалар құқығы туралы Конвенцияны бекітті.
Қазақан Республикасының  2002 жылғы 8 тамыздағы «Балалар құқығы туралы» Заңы бұның салдары іспеттес болды. Бұл
құжатта негізгі құқықтар,балалардың міндеттері мен жауапкершіліктерінің ерекшеліктері бекітілген.Заңда мүгедек бала,ата-
анасыз баланың заңды өкілдері секілді негізгі түсініктері мен т.б берілген.
   Адам құқытарының сақталуын қоғамның өз балаларына қалай қарайтындықтары бойынша анықтауға болады.
«Балалардың не өткені,не болашағы жоқ,оның есесіне олар бүгінгіні пайдалана алады »(Ж.Лабрюйер).
 Қазіргі заманғы дәуір балалар құқығын қорғаудың қажеттілігі туралы жариялады. БҰҰ 1995-2005 жылдары адам құқығы
саласындағы ағартушылықтың он жылдығы деп жариялады.Балалар мен балалық шақты   қорғаудың негізгі ұстанымдары
мен нормалары Қазақстан мақұлдаған алғашқы халықаралық құжаттардың бірі болған Балалар құқығы туралы Конвенцияда
баяндалған.
     Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында:
«1.Неке мен отбасы,ана мен әке, бала мемлекеттің қорғауында болады.
2.Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
3.Кәмелетке   толған   еңбекке   қабілетті   балалар   еңбекке   жарамсыз   ата-анасына   қамқорлық   жасауға   міндетті»   -   деп   атап
көрсетілген. 
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз-бұл некеден,туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың
өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және
мүлікке  қатысты   емес   жеке  бастың  құқықтарымен  байланысқан  адамдардың  тобы.   Отбасылық   қатынастарды  реттейтін
құқықтық нормалдардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады.Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік –
құқықтық акт Қазақстан Республикасының  «Неке және отбасы туралы» Заңы  болып табылады. Бұл Заң 1998 жылы 17
желтоқсанда қабылданды. 2007.27.07.өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Осы Заңның 52- бабының 1-ші тармақшасында
«Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады».
193

   Ата-анасы болмаған жағдайда, олады ата-ана құқығын айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығының айырылудың басқа
да жағдайларының баланың отбасына тәрбиелену құқығын осы Заңның 19-тарауында белгіленген тәртіппен қорғаншы және
қамқоршы орган қамтамасыз етеді.
Қазақстан  Республикасындағы баланың құқықтары туралы
   Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы
Осы Заң балалардың қоғамдағы толымды өмірге даярлау,олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігінің
дамыту,әлемдік   өркениеттің   жалпы   адамзатқа   тән   құндылықтары   негізінде   оларды   жоғары   имандылық   қасиеттерге
елжандалық   пен   азаматтыққа   тәрбиелеу,олардың   бойында     ұлттық   сана-сезімінде   қалыптастыру   принциптерінің
басымдығына  сүйеніп,баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында  кепілдік берілген негізгі құқықтары мен
мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Ата-аналар мен балалардың құқықтарын қорғайтын мекемелер
Ата-аналар мен балалардың  құқықтарын  қорғау ісімен жергілікті  жерлердегі  ішкі  істер органдары мен аудандық   білім
бөлімі   басқармасындағы   қорғаншылық   жөніндегі   арнайы   бөлім   жұмыс   атқарады.   Облыс   орталықтарында   арнайы   бала
құқығын  қорғайтын   мекемелер бар.Республика   көлемінде  «Ата-ана  мен  бала   құқығын   қорғайтын»  комиссия,  БҰҰ-ның
Заңдарына сүйене отырып, өз жұмысын атқарады. Қазіргі таңда осындай мекемелердің нәтижесінде ата-аналарынан зорлық-
зомбылық   көріп   жүрген   балалар   анықталып,   ата-аналарына   арнайы   шаралар   қолданылады.Ата-аналарды   «Ата-ана
құқығынан»   айырып,   балаларды   мемлекеттің   қамқорлығына   алып   жатқандығына   күнделікті   жаңалықтардан   және   БАҚ
материалдарынан көріп оқып жүрміз.
          Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
Мектеп өміріне қатысуға:
1.Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы
2. «Білім туралы» Заңда,отбасы кодексінде,мектеп   Жарғысында сонымен               қатар,басқа да нормативті  – құқықтық
актілерде көрсетілген ата-аналар   міндеттерін орындауға:
1.Ата-аналар   комитетінің   іс-шараларына   қатысып,мектеп   әкімшілігіне   және   педагогикалық   ұжыммен   бірігіп   жұмыс
жүргізуге;
2.Баласының сабаққа кешікпеуін,сабақттың себепсіз қалмауын қадағалауға;
3.Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
4.Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз ету;
5.Баланың   сабақтан   тыс   іс   шараларға   үйірме   және   секцияларға,мектепішілік   олимпиадаларға,жарыстарға   қатысуын
бақылауға алуға;
6.Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
7.Егер   бала   мектеп   мүлкін   бүлдірсе   (оқу-зертханалық   және   басқа   жабдықты   бүлдісе,оқулығын   жоғалтса   және   т.б.)
көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
8.Баланың сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге,баланың
уақытын үнемді,мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
9.Баланың   санитарлық-гигиеналық   талаптарға   сай   жүруіне,   денсаулыққа   байланысты   зиянды   заттарды   пайдаланбауын
қадағалауға;
10.Баланың қалтасында өткір, үшкір, түйрейтін, кесетін, улы заттармен (пышақ,қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;
11.Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
12.Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
13.Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
14.Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
15.Баланың сауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
16.Баланы кез-келген діни,басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.
          Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі
1.Әр ата-ана мен оқушы мектептің ішкі ережесіне бағынуға міндетті.
2.Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақатан себепсіз калмауын қадалауға  тиіс. Егер де оқушы  сабақтан себепті
қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
3.Ата-ана баласын мектеп формасымен, екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
4.Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойыншы  ұйымдастырылған іс-шараларға  қатыстыруы тиіс.
5.Мектептегі іс-шараларға 6 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым салынады.
6.Сабақ  уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге  тыйым салынады.
7.Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта  кездесуге болады.
8.Мектеп     әкімшілігімен   кездесу   үшін   кезекші   мұғалімге   өзінің   жеке   куәлігін   көрестіп,тек   жазылу   арқылы   арқылы
кіргізіледі.   Сұрақ   туған   жағдайда,алдымен,сынып   жетекшісі,   директордың   оқу-тәрбие   ісі   жөніндегі   орынбасарлары,
мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
9.Оқушылардың ұялы телефондарды және басқа да бағалы заттары жоғалса,мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап
бермейді.
10.Мектеп   ауласында   велосипедпен,роликпен,балаларға   арналған   бесік   арбамен   кіруге,мектеп   ауласында   серуендерге
тыйым салынады.
                     Балалардың құқықтары мен міндеттері
       Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның
ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
       Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса,ата-
аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ.Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік  болған
жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
194

Ата-ана құқытарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды.Балалардың мүдделерін қамтамасыз
ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс.
Ата-ана   құқытарын   жүзеге   асыру   кезінде   ата-аналар   балалардың   дене   және   психикалық   денсаулығын,   олардың
адамгершілік   жағынан   дамуына   зиян   келтіруге   құқығы   жоқ   .Балаларды   тәрбиелеу   әдістерінде   адамның   қадір-қасиетін
кемсітетін немқұрайлылық,қатыгездік,дөрекілік.балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
      Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда
белгіленген тәртіппен жауап береді.
       Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға,оны тәрбиелеуге  және баланың білім алуы
мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай   қарым-қатынас жасау баланың дене
және психикалық денсаулығына,оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе,баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас
жасауына кедергі болмауы тиіс.
     Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді.
         Келісім болмаған   жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың
пікірін   ескере   отырып   сот   шешеді.Бұл   орайда   сот  баланың   ата-аналардың   әрқайсысына,   аға-інілер  мен   апа-сіңлілеріне
үйірлігін,баланың жасын,ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін,ата-аналардың әрқайсысы мен баланың
арасында орын алған қатынастарды, оларды дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар
қызметінің түрі,жұмыс режимі,материалдық және отбасылық жағдайын) ескереді.
      Егер ата-аналар келісімге келе алмаса,ата-аналардың талап етуі бойынша дамуды қорғаншы және қамқоршы органның
қатысуымен сот  шешеді.
Соттың шешімі  орындалмаған жағдайда  кінәлі ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады.
Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда бала бөлек тұратын ата-ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін
негізге алып және баланың пікірін ескере отырып,баланы соған беру туралы шешім шығара алады.
      Баласынан  бөлек  тұратын ата-ананың өз баласы туралы тәрбие,емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат
алуға құқығы бар.
       Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы
мүмкін.Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
     Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап
етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы.
           Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға
келсе,баланың пікірін ескере отырып,ата-анасының талап арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
     Егер сот ата-ананың да,бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ
екендігін анықтаса,сот баланы қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына береді.
Ата-ананың міндеттері туралы зерттеулер
Қазіргі заманда адамдар өз міндеттері мен құқықтарын білетініне сенімді.Дегенмен,балалардың құқықтарына қатысты сауал
туындаса,   көп   жағдайда   толық   жауап   беруге   дайын   болмайды.Ойланатын   жағдай:баланың   құқықтарына   не   жатады?
Тарихқа жүгінсек,1924 жылы Ұлттар Лигасы Бала құқытарының Женевалық декларациясын қабылдады,1959 жылы БҰҰ
Бала құқықтарының деклрациясын қабылдады,1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Баланың құқықтары туралы Конвенция
қабылдады.1994 жылы Қазақстан бұл конвенцияны бекітті.Баланың құқықтары туралы Конвенция – әлемдегі балалардың
құқықтарын қорғауын реттейтін маңызды құжат.Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы заңнама Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық
актілерінен   тұрады:     Мемлекет   баланың   жеке   басына   ешкімнің   тиіспеуін   қамтамасыз   етеді,оның   тәнін   және   жанын
жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, жыныстық қатынас сипатындағы
әрекеттерден, баланы қылмыстық іс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың
Қазақстан   Республикасының   Конституциясында   бекітілген   құқықтары   мен   бостандығына   қысым   жасаудың   өзге   де
түрлерінен қорғауды жүзеге асырады. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқығы бар.
   Кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке
толмаған баланың өз құқықтары мен міндеттері,оның ішінде қорғауға өз бетінше жүзеге  асыруға құқығы бар.Баланың ата-
аналар   және   басқа   да   өкілдері   ата-аналық     құқықтарын   жүзеге   асырған   кезде   баланың   дене   және   психикалық
денсаулығына,оның имандылық дамуына зиян келтіруіне құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық
қадір-қасиетіне  менсінбей, қатал, дөрекі  қарау,оны  қорлау немесе  қанау болмауға  тиіс. Баланың  құқықтары  мен заңды
өкілдер тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Ал енді статистикаға сүйенсек, үш айдан астам ғана уақытта
Солтүстік Қазақстан облысынң кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-
аналардың   кәмелетке   толмаған   балалрды   тәрбиелеу   және   оқыту   жөніндегі   міндеттерді   орындамағаны   үшін   51   адам
әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 28 адамға қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы шешім шығарылды.Бұл мәліметтер
ата-аналардың   балаларына   қатысты   құқықтары   мен   міндеттерін   дұрыс   білмейтінін   не   біле   тұра   орындамайтынын
айқындайды. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау қажет.Мемлекетттік органдар, жеке және заңды тұлғалар
баланы оның денсаулығын, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың,
насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға  міндетті деп белгіленген. Бірақ күнделікті өмірде әр түрлі жағдай болуы
мүмкін екен.
 Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуіне, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда
алкоголь ішімдіктерін ішуіне жол бергені үшін 15 ата-анаға айыппұл салынады.Заңды өкілдері еріп жүрмеген кәмелетке
толмағандардың тұрғын жайдан тыс  жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуына  жол берген 11 ата-ана әкімшілік
жауаптылыққа тартылады. Баланың ата-анасы, басқа заңды өкілдері, мемлекеттік органдар сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен
оған білім беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмір салтын және алкогольді ішімдіктерді, темекіні және
темекі бұйымдарын стауға тыйым салынады деген заң нормасын бұзған фактілер де жиі кездесуде. Мәселен, он сегіз жасқа
толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуына  жол берген ушін 17 адам әкімшілік
жауаптылыққа тартылды.
195

                   Қорытынды
Жеткіншек   жасындағы   дамуының   жас   ерекшеліктерін,   сезімталдығын,   әлеуметтік   ортаның   ықпалын,   отбасындағы
жағдайды,   ықтимал   психологиялық   проблемалар   мен   педагогикалық   қараусыздықтың,түрлі   тәуелділік   нысандарын
ескермеуге болмайды.Баланың болашағы үшін ата-анасының тәрбиесі, оң ықпалы, өміріне белсенді қатысуы қаншалықты
көп   болса,   балалық   шақта   кездесетін   қиыншылықтардан   жақсы   жетістіктермен   өтуіне   мүмкіншілік   көп   болады.Жақсы
тәрбие   алған   бала   болашақта   ата-анасының   қамқоршысы,   өз   елінің   абыройлы   азаматы   болар.Сонда   Конституцияда
көзделген : «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» деген нормамен
қатар, «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбеккке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» деген
норма толық қамтылар еді. 
Иә,бүгінгі   таңда   бала   тәрбиесі   өзекті   мәселенің   біріне   айналып   отыр.Баланың   алдындағы   міндетімізді   жақсы   атқара
білсек,онда   қадір-қасиетті   түсіне   білген   баланың   сый-құрметпен   қайтарымын   берері   анық.Өскелең   ұрпағымызды
тәрбиелеп,оған заман талабына сай білім беру кез-келкен ата-ана алдындағы міндет. Ал, бұл міндеттерді жақсылап жүзеге
асыру-құрметті   ата-аналар,сіздердің   қолдарыңызда.Бүгінгі   бала   елдің   болашағы.   Келешегін   ойлайын   саналы   ел   ертеңгі
күнін бүгіннен жоспарлап,бүгінен ойластырары хақ.Сондықтан болса керек,дана хадқымыз бала тәрбиесіне ешуақытта бей-
жай қарамаған.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ өсіру – отбасылық өмірдің негізгі мақсаттарының бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Мұхтарова  А.Қ     Асанбекова Г.С    Борисенко  Д.   Винаградоап Е.С    Пашкевич  И.А. «Баршаға арналған адам
құқығы» А. 2004ж.
2.
Қазақстан   Республикасының   Конституциясы   1995   ж.30.08
 (2007.21.05.   берілген   өзгерістер   мен
толықтыруларымен)
3.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2202 жылғы 8 тамыздағы
№345 Заңы
4.
Неке және асы туралы 1998.17.12   № 321  - IҚазақстан Республикасының Заңы
5.
Бала құқығы туралы  Конвенция БҰҰ . 1989.20.11.
6.
Қазақстан Республикасындағы  «Бала құқығы туралы Конвенция» 1994.16.02.
* * * * * * * * * 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы Абай атындағы орта 
мектеп-гимназиясының 6 -сынып оқушысы Абилкасимова Элифнұр 
Ғылыми жетекшісі: Калиева Арай Мухамедьяровна,  тарих пәнінің мұғалімі
«ОРХОН – ЕНИСЕЙ ЖАЗУЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМДІК МӘНІ»
Мәселенің өзектілігі
Өткен дәуірдегі  педагогикалық  ілімнің тарихын  оқып-үйренудің  екі жақты принципті  мәні  бар:  біріншіден, педагогика
мәдениеттің   құрамды   бөлігі   болып   табылады.   Халықтың   педагогикалық   ойлауының   түп-төркінін   (генезисін)   қадағалап
түсінуде; екіншіден өткеннің тәрбие дәстүрлерін меңгеру арқылы педагогикалық танымымызды тереңдете түсуде.
     Өзге түркі тектес халықтар секілді қазақ халқының да тәрбие тарихына тікелей деректік қатысы бар мұралар қатарына
Орхон-Енисей жазбалары жатады.  
  Құлпытастардағы   жазулар   Білге   қаған   тарихына   (683-734жж.),   731   ұйғыр   соғысында   өлген   Күлтегін     (685-731жж.)
оқиғаларына арналған. Тоныкөк жазуын 750 жыл шамасында Селенгі өзенінің бойына Ашина тайпасынан шыққан Тоныкөк
орнатқан .
         Ескерткіштер ежелгі замандағы ру-тайпалардың Ұлы Түркі қағандығы тұсындағы тұрмысы мен салты, жаугершілік
соғыстары, нанымдары, ел билеушінің қағанатты сақтау жолындағы іс-әрекетін баяндайды.
           Зерттеушілердің пікірлеріне сүйенсек, руна жазуындағы ескерткіштер тілі ҮІ-Ү ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз,
қыпщақ, қимақ тағы басқа түркі тайпалары кезінде пайдаланылған, солардың бәріне ортақ жазбаша әдеби тіл болған.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеп, теориялық-әдістемелік және деректемелік негізінде қарастыра
отырып, объективті түрде баға беруді мақсат етіп қояды. Осы мақсатқа жету барысында алдымызға мынадай міндеттерді
қойдық:
- Орхон-Енисей жазбаларының тарихнамада жүйелі түрде зерттеу;
- Орхон-Енисей жазбаларының зерттеу барысында жүргізілген іс-шаралар;
-Орхон-Енисей жазбаларының тәлімдік мәнінайқындай отырып, бағалау;  
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Орхон-Енисей жазбаларының тәлімдік мәнін ғылыми тұрғыда анықтау;
Зерттеудің негізгі кезеңдері:   
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелуі;
Орхон – Енисей жазуларының тәлімдік мәні;                 
Эксперименттің әдістемесі:
Зерттеу жұмысында қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды. Еңбекте анализ, синтез
және жалпыға бірдей салыстыру әдістемелері қолданылды. 
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
   Зерттеу жұмысында Білге, Күлтегін, Тоныкөк жазбалары түріктердің өз білімдерін, идеяларын, түсінігін, өнегесін келер
ұрпаққа берілуін қамтамасыз еткен бірден-бір тәрбиелік мәні зор құндылықтар болып, Түркі қағандығы кезеңінен қалған
тарихи-педагогикалық мұра екендігі анықталды.
Зерттеудің   нәтижелері   мен   қорытындысы:   Бұдан  бұрыңғы   зерттеулерді   нығайта   түсумен   бірге,   сыңаржақ   пікірлерді
болдырмау,   аталмыш   тақырыпқа   байланысты   ғылыми   айналымға   түскен   және   түспеген   мәліметтер     жүйелі   түрде
сарапталды.
196

І.Орхон – Енисей ескерткіштерінің зерттелуі.
     Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К. Видзен,
С.У.Ремезов,   сондай-ақ   Сібірде   айдауда   жүрген   швед   офицері   И.Т.Страленберг   пен   немістің   белгілі   ғалымы
Д.Т.Мессершмидт, т.б. ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
       Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», «руна» деген сөз қазақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген
мағына береді. И.Т.Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-соңды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін
жат жазуды да өз елінің тілінде «руна» жазуы деп аталған еді. Бұл тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап
кетті.[2;35]
     Орыс Географиялық қоғамының ШығысСібір бөлімі 1989жылы Монғолияға арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оны
белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н.М. Ядринцев басқарып барып, Орхон өзені аңғарынан «құпия» жазуы бар үлкен-
үлкен екі ескерткіш тапты. Осы құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В.В. Радлов 1891 жылы сонда
барып,   бірқатар  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын   жүргізді.     Бұл   кезде  Финляндия   археологиялық   қоғамы  да  Енисей  өзені
бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.
         Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс
қорытындысы   туралы   есептері   баспасөзде   жарияланды.   Ғалымдар   ескерткіштердегі   жазуларды   суретке   түсіріп,   атлас
жасаған еді. Алайда, бұл руна жазуының құпиясы көпке дейін ашылмай –ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуларды ешкім оқи
алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп-тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілер
де,   оны   ежелгі   монғол   жазуы,   фин     жазуы,   скиф-славян   жазуы   деп   жорамалдаушыларда   жазудың   сырын   ғылыми
негіздеашып бере алмады  Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде
Вильгелм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойында табылған
ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сонда-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының
тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.
     Дәл осы кезде академик В.В.Радлов  та өз бетінше ізденіп руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арадан
көп уақыт өтпей-ақ В.В.Радлов  Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сосын аудармасын
жасап шықты.[4;86]
           Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзені бойынан Н.М. Ядринцев тапқан ескерткіштер- Шығыс Түрік қағанатының он
жетінші қағаны   Білге қаған (алғашқы аты Могилянь) мен қағанның інісі, даңқты әскери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне
қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары еді.[6;52]
       Сөйтіп, руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна
жазуының өзін бертін келе «Орхон-Енисей» жазуы деп атап кетті. Ал, бұл жазуды тілі мен сиапатына қарай бағалап, оны
көне түркі жазуы деп те атай береді. 
     Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н.М. Ядринцев көне түркі ескерткіштерін ідестіруді осымен шектеп қойған жоқ.
Тағы   да   іздене   түсті.   Ақыры   1891   жылы   Монғолияның   Онгин   деген   өзен   алқабынан   Тағы   бір   құлпытасқа   бедерлеп
жазылған ескертіш тапты. Бұл кейінірек ғылымда «Онгин ескерткіші» деп аталып кетті. Көп ұзамай-ақ түрколог ғалымда
Онгин жәдігерлерін де оқып шықты. Сөйтсе, әлгі тастағы жазу- түркі елінің атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі
Күлтегіннің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қатынға қойылған ескерткіш екен.[5; 20]
                           Кейінірек сол маңайдағы Селенга өзені аңғарынан түрік елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі болған,
данышпан   қарт   Тоныкөк   құрметіне   қойылған   ескерткіш   табылды.   Оны   тапқан   ағалы-інілі   Клеменцтер   еді.   Іле-шала
түркологтар Тоныкөк ескерткішін жан-жақты зерттей бастады.
       Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми мәтін дайындау ісіне В.В.Радлов,
В.В.Томсен,   Ю.Немет,   Х.Н.Оркун   тағы   басқа   орыс   және   шетел   ғалымдары   қыруар   мол   үлес   қосты.   Ол   көне   түркі
жазуындағы мәтіндердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасау жағына көбірек назар аударды. С.Е. Малов бірқатар аудармаларға
едәуір түзетулер енгізді. Ең бастысы – осы мәтіндегі тарихи және филологиялық тұрғыдан түсінік – сиапаттама берді. [5;40]
      Көне түркі тілі мен әдебиетін зерттеушілер, әсіресе Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштеріне көбірек назар
аударды. Бұларды бірнеше Еуропа тілдеріне, орыс тіліне, қазіргі түркі тілдеріне тәржіма жасады. Өйткені бұл жәдігерліктер
– түркі тектес ежелгі ру-тайпалардың рухани өмірін  бейнелеген көркем әдебиет туындылары болып табылады. Осы аталған
үш әдеби ескерткішті бүгінгі әдебиеттану ғылымы тұрғысынан зерттеуде совет ғалымы И.В.Стеблева еңбегінің аса жемісті
болғанын   ерекше   атап   көрсету   керек.   Ол   тұңғыш   рет   көне   түркі   тіліндегі   жырлардың   поэтикасын,   өлең   құрылысын,
ұйқасын, ырғақ пен шумағын, тармақ пен бунағын, тағы басқаларын теориялық тұрғыдан зерттеп, бұл жайында бұрын-
соңды айтылған түрлі болжам пікірлерді белгілі бір ғылыми жүйеге келтірді. Әсіресе, оның ежелгі түрік сөз зергерлерінің
образ жасау әдістері, әдеби- эстетикалық байыптаулары, көріктеу құралдары, тарихи шындық пен көркем шындық жайында
концепциялары туралы айтқан ой-пікірлері бүкіл әдебиеттану ғылымына жаңадан қосылған сүбелі үлес болды.  
    Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойытүбегейлі зерттеп келе жатқан білікті ғұламалар Мырзатай Жолдасбеков
пен Қаржаубай Сатрқожаұлының бірлесіп жазған іргелі зерттеуі жарық көрді. «Орхон ескерткішінің толық Атласы»[3] деп
аталатын   кітапта   «ЕуразияҰлы   даласына   үш   ғасыр   бойы   билік   жүргізген,   Мәңгілік   Ел   орнатуды   көксеген,   өздерінің
тарихын, дүниетанымын, даналығын, ой-санасын, болмысын, жазу өнерін, ел басқару жүйесін, ата-дәстүрін өшпестей етіп
тасқа қашап кеткен, сөйтіп, өркениетке, адамзат мәдениетіне  асыл қазына  қосқан байырғы түріктердің мұралары түгел
қамтылған. 
    Атласта Монғолия-Чехия, Монғолия-Түркия (ТИКА), Моңғолия-Кеңес Одағы біріккен экспедицияларының, Л.Н.Гумилев
атындағы  Еуразияұлттық  университеті  экспедициясының  материалдары, сондай-ақ әлем түркітанушыларының  ғасырдан
астам уақыт жүргізген зерттеулерінің қорытындысыпайдаланылған.
    Атлас авторлары байырғы түрік мәтіндерін қайта көшіріп, қайта оқыған, бұрынғы зерттеушілердің қателері түзетілген,
түпнұсқа мәтінінің жаңа транскрипциясы, жаңа аудармасы жасалған, жаңа түсініктемесі берілген: кешенді тарихи-мәдени
мұралар Атласта тегіс қарастырылып, олардың архологиялық сипаттамасы, планы, фото, сызба суреттері тұңғыш рет толық
берілген.
    Орхон ескерткіштері туралы мұндай түбегейлі зерттеу түркология ғылымы саласында бұрын-соңды жазылмаған еді.
197

ІІ Орхон-Енисей жазуларының тәлімдік мәні.
   Тәрбиенің мәңгілігі, қажеттілігі, қасиеттілігі  жайлы ой түркі жазбасының  ертедегі ескерткіштерімен дәлелденеді. Бұл
тұрғыда ерекше қызығушылық туғызатындары және үлгі боларлықтары әсіресе Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮІІІғғ.) Мұнда
халық   педагогикасының   күрделілігі   және   тапқырлығы   бейнеленген.   Оларда   ата-анаға   құрмет,   адалдық   пен   әділеттілік,
еңбекті   құрметтеу,   (адалдық   пен   әділеттілік)   жаудың   алдында   қаймықпау,   білуге   құмарлық,   қарттар   мен   үлкендерге
қайырымды және сыпайы қарым-қатынас және тағы басқа ойлар айтылады. 
    Түркілер ардақтаған моральдық құндылықтардың ішінде Отанға сүйіспеншілік ерекше алға шығады. Мәселен, Тоныкөк
өмірі мен қызметі бұл халықтың патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты туған халықтың ерлік дәстүрлерінде
тәрбиелеуге шақыру. Ол үшін халық пен Отан даңқы бәрінен жоғары. «Бүкіл түркі халқына қарулыжау келтірмедім. Атты
әскер жолатпадым. Елтеріс қаған жоламаса, оған еріп мен жауламасам, Елім, халқым жойылар еді, әрекеттің нәтижесінде,
еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды».
    Ел бірлігін мақсат тұтқан, сол үшін күш-қуат аямаған Тоныкөк бейнесімен, іс-әрекетімен масаттануға тұрарлық.
    Орхон ескерткіштерінде жекелеген педагогикалық жаңалықтар  да баршылық, бұл болашақ батырлардың жас кезеңдеріне
сипаттама,   достар   мен   жаулардың   мінез-құлықтарының   өзгешеліктерін   бағалауға   ұмтылыстар;   халықтық   мүдделі
сапаларының тұлға бойында болуы үшін ның тиімді ықпал ету шарттарын қарастыру, мінез-құлықты Отанға қызмет етуді
үйрете отырып, жоғары мақсаттарға бағалау. 
     Халыққа адам жөнінде оның шығу тегі мен тәрбиесі бойынша, ата-анасы мен тәрбешілерібойынша  пікір айту әдеті
бұрыннан белгілі.  Олардың  ойынша  адамның ең құнды сапасы,  ол ізгілік, оған баулу,  үйрету керек.  Өйткені адамның
кемшіліктерінің көпшілігінің себептері - білместік, білімсіздік.Адамгершілік – ол, жақсы істер жасай білу, ал жақсы істерге
бастайтындар,   қалай   істеу  керектігін   білетіндер.   Мінез-құлық   білумен   байланысты,   ал   білім     мен   мінез-құлық   арасын
жалғастыратын буын-тәрбие.
     Жақсы адам жақсы тәрбиешіден, бұл халық үшін қарапайым заңдылық. Тұлғаның ішкі мүмкіндіктерін, оның өзіндігін
және өзінің мінез-құлқы үшін жеке жауапкершіліктерін мойындау да осында.
         Халық өзінің педагогикалық түсініктеріне сай бүкіл білімдері мен шеберліктерін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін
мүмкін болған жағдайда балалар тәрбиесі ісінде пайдалануға ұмтылды.[1; 35]
        Орхон   ескерткіштері   түркі   халықтары   рухани   өмірінің   шоғырланғанжиынтық   бейнесі   бола   отырып,   аса   зор
педагогикалық жүктеме атқарады: ол тәрбиелік идеяларға аса бай, онда білімдік материалдар айтарлықтай мәтіні ақыл, ес,
зейін, байқағыштықты дамытады. Онда тәрбие меқсаты мен оның әдістері көрініс тапқан, тұлғаға қажетті сипаттар мен
жасұрпақсезіміне, санасына және мінез-құлқына ықпал етудің жолдары анықталған.
Қорытынды
Орхон   бойынан   табылған   жазба   ескерткіштер   түркі   қағандығының   дәуірлеп,   мерейі   үстем   болып,   алыс-жақын
мемлекеттероған   бас   иіп   тұрған   шақта   жасалған.   Бұл   Күлтегін   ескерткішінің   салтанатынан   түрлі   мәдениеттің   ең   озық
үлгілерін өз бойына сіңіруінен, сөздерінің эпикалық асқақ әуен- сарынынан аңғарылып тұр. 
     Орхон жазба ескерткіштері ұшы-қиыры жоқ кең далаға, көштердің ары-бері жүретін, тоғысатын жеріне қойылып, «Исі
түркі жұрты, бас-басыңа би болма, қағаныңа ер, бірік», - деп, жарсалып тұрды. Ұлы бабалардан қалған ұлағатты сөз күні
бүгінге дейін құнын жойған жоқ.   Түбі бір күллі түркі жұрттарының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, береке-
бірлікті пір тұтып, ортақ тудың астына топтасар кез келді....
Әдебиеттер тізімі:
1.
Әбілова З.,Қалиева К. Этнопедагогика оқулығы. А; 1992
2.
Әміров Р., Әмірова Ж., Көне жазба ескерткіштері., А; 1995
3.
Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық Атласы.А; 2005
4.
Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. А; 2005
5.
Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. А;1998
6.
Қоңыратбаев Ә. Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары., А; 1991
* * * * * * * * * 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы
«Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы  мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ  
1 «Г» сынып оқушысы Қожанова Балдырған 
Жетекшісі:  Исина Динара Жанатқызы, бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Гүл – әсемдік белгісі
Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр. Халық даналығы
 «Гүл – әсемдік белгісі» тақырыбын таңдай отырып, гүлдерді қалай өсіру керектігін үйреніп, жəне
де гүлдерді тек əдемілік үшін ғана емес, сонымен қатар бөлме ауасын тазарту үшін де қажет
екендігіне көз жеткізу болды. Гүлдің біздің өмірде алатын орны ерекше. Гүл отырғызған адамның
көңіл-күйі көтеріңкі болады. Оның үстіне гүлдерінің үй мен аулаға жылулық сыйлайтын қасиеті де бар.
Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл 
бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына 
байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ.
Гүлдер әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл күйін көтерумен ғана шектелмейді, 
бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау- 
бақшаларымызда да тұрады. «Үй дәріханасына » қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілікке аса пайдалы. 
Өсімдіктерді үйде өсіру үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура жəне ауаның ылғалдылығын) 
жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сəйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет.
198

Үй өсімдіктері бірнеше түрлерге бөлінеді:
ЖАРЫҚ СҮЙГІШ ӨСІМДІКТЕР:
                      Кактус                                         Жасмин 
КӨЛЕҢКЕГЕ ТӨЗІМДІ ӨСІМДІКТЕР:
                     Фикус                                           Бегония 
   
ЖЫЛЫЛЫҚТЫ СҮЙЕТІН ӨСІМДІКТЕР: 
Зебрина
  
Гүл – əдеміліктің, нəзіктіктің, жұпар иістің, тазалықтың белгісі. Сыйға гүл тартсаңыз, адамның көңілі жадырайды. Гүлдер 
əртүрлі мақсаттарда қолданылады.
Зерттеу жұмысымды үйдегі «Кіріккен күлтелі» гүліне жүргіздім. Бұл гүл адам ағзасының белгілі бір климатқа бейімделуіне 
көмектеседі жəне иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, бөлмедегі ауа қысымын жəне ылғалдылықты реттеп отырады. 
Бөлмеде төселген линолеумнан бөлінетін уытты заттарды жоятын қабілеті бар. Тұмау тиюден қорғайды. Бұл бөлме гүлі 
жарық таңдамайды.
1.Ең алдымен гүлдің жанына шыққан балапандарын тамырымен суға салдым.
2. Бірнеше күннен соң тамыры көбейгенін байқадым. Сосын гүлді егетін ыдыс пен топырағын дайындадым
3. Топырақты арнайы ыдысқа салып, ортасын шұңқыр етіп қаздым. Содан кейін су құйып гүлді отырғыздым
4. Бұл гүл аз ғана суға қанағат тұтатын өсімдіктердің қатарынан болғандықтан, оған аптасына 1 рет су құйып тұрдым.
5. Нәтижесінде мен баптап өсірген гүл жайқалып өсті
Бұл жұмыстан менің түйгенім гүлді өсіріп, баптауда адам ерекше сезімге бөленеді екен. Менің көңіл-күйім жақсарды. Өзім 
еккен гүлге қарап, тамсанатын болдым. Əсіресе, гүлдер үйдің шаңын жұтып, бізге таза ауа бөлетінін білгенімде таң қалдым. 
Үйдегі басқа да гүлдерге өзім қарап, суғаруды өз мойныма алдым. Менің бұл іс-əрекетім інім мен сіңіліме үлгі болады деп 
ойлаймын. Жəне өз достарымды да гүлді жұлмай, оларды аялауға шақырамын. Гүл – әсемдік белгісі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. "Гүлстан" республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журнал, 2010 жыл
2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1998 ж., 10 томдық
3. Ғаламтор
199

МАЗМҰНЫ
1.
Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы Құдайбергенова Алтынай Маханбетхановна  дене
шынықтыру пәнінің мұғалімі 5 «а» сынып оқушысы Абдашим Ақниет Тақырыбы: «Ұлттық ойындардың 
ерекшеліктері»
2.
Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы тарих-география пәнінің мұғалімі Шабдан 
Алтынай 7 ә сынып оқушысы Жандарбек Зарина
3.
тақырыбы : «1916жылғы ұлт-азаттық көтерілістің   тарихи маңызы»
4.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Қазығұрт ауданы, «Көкібел» атындағы жалпы орта мектебінің 3-
сынып оқушысы Жақсыбай Нұраят Мэлсқызы Жетекшісі: Бастауыш сынып ІІ деңгей мұғалімі Исабаева Катира 
Борибаевна Тақырыбы: Мен атамды мақтан етемін
5.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Қазығұрт ауданы,  «Көкібел» атындағы жалпы орта мектебінің 3-
сынып оқушысы Тәжіхан Ақбота Орынбасарқызы Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып ІІ деңгей мұғалімі 
Исабаева Катира Борибаевна Тақырыбы:“Көкөністердің адам ағзасына пайдасы ”
6.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Қазығұрт ауданы, «Көкібел» атындағы жалпы орта мектебінің 3-
сынып оқушысы Шигирбай Ақниет Бақытқызы Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып ІІ деңгей мұғалімі Исабаева 
Катира Борибаевна Тақырыбы:  Адыраспанның емдік қасиеті
7.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Қазығұрт ауданы,  «Көкібел» атындағы жалпы орта мектебінің 4-
сынып оқушысы Қырғызбай Ұлбала Салдарбекқызы Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып І санатты мұғалімі 
Жаркынбекова Акмарал Онеровна Тақырыбы: «Ағаштар мен жеміс-жидектердің адам бойына тигізер пайдасы»
8.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Құрбан ата ауылы Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебінің 9 
«А» сынып оқушысы Тұрысбек Наздана Нұрболқызы Жетекшісі биология пәні мұғалімі Мырзамұратова Мағира 
Әуелбекқызы Зерттеу жұмысының тақырыбы:“Өсімдік зиянкестеріне қарсы биолабораторияда бунақденелерді 
көбейту және тиімді пайдалану
9.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №25  Т. Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы  Торғауытова Нелля
11 а  сынып  оқушысы Ғылыми жетекшісі Рустемова   Акбота Алтыбаевна «Қоғамымыздың қайғысы мен қасіреті»
10. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы  №161 Ынтымақ орта мектебі Ғылыми жобаның 
тақырыбы: Ғылыми жобаны орындаушы: №161 Ынтымақ орта мектебінің  7-сынып оқушысы Асан Үсен 
Қайратұлы Жобаның жетекшісі: Математика пәнінің мұғалімі Сейітова Алма Пернебекқызы
11. Оңтүстік   Қазақстан  облысы  Шымкент қаласы  №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы  6 «ғ» сынып 
оқушысы Маханбетәлі Ақпейіл Ғылыми жетекшісі : Кененбаева Жанар Кулахметовна  Тақырыбы: «Тұрмыстағы 
зиянды заттар және олармен күресу»
12. Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы  №25 Т.Рысқұлов атындағы  мектеп-гимназиясы  5 «А» сынып 
оқушысы Накибекова Ажар  Ғылыми жетекшісі : Мейрманова Жансая Төленбекқызы  «Қазақ халқының 
отбасылық салт-дәстүрлері»
13. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам  ауданы Ақсукент  ауылы №7 «Бабыр» атындағы жалпы орта мектеп 4 «В» 
сынып оқушысы Кадыркулова  Мухайё  Кахрамановна Сынып жетекшісі: Арибжанова  Саида МЕНІҢ 
ЕЛБАСЫМА  ТІЛЕКТЕРІМ
14. Нұржаубаев Махамбет,  Есет батыр атындағы Ақтөбе облыстық  мамандандырылған көпсалалы лицей – 
интернаты, 8- класс оқушысы Пән мұғалімі: Балданова Марал Бекболатқызы,  биология пәнінің мұғалімі. 
Қоршаған ортаны қорғау – азаматтық борыш.  
15. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы «Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы  мектепке дейінгі 
шағын орталықпен» КММ  1 «Г» сынып оқушысы Абдимуратов Алибек Жетекшісі: Исина Динара Жанатқызы,  
бастауыш сынып мұғалімі.   «Төрт – түлік малдың пайдасы» 
16. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының 7 -сынып 
оқушысы Қалмұратова Назерке  Ғылыми жетекшісі: Ордаева Зоя  Жумабердиевна,  тарих пәнінің мұғалімі. АТА-
АНА МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
17. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының 6 -сынып 
оқушысы Абилкасимова Элифнұр  Ғылыми жетекшісі:  Калиева Арай Мухамедьяровна,  тарих пәнінің мұғалімі. 
«Орхон – Енисей жазуларының тәлімдік мәні»
18. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы «Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы  мектепке дейінгі 
шағын орталықпен» КММ   1 «Г» сынып оқушысы Қожанова Балдырған  Жетекшісі:  Исина Динара Жанатқызы, 
бастауыш сынып мұғалімі. Тақырыбы: Гүл – әсемдік белгісі
200

Document Outline

  • Прочтите по выбору 2-3 рассказа Шукшина
  • Чтение эпиграфа к теме урока
    • Қорытынды:
  • Cабақ-алуан түрлi ұжымдық қимылдар мен тебiренiстердiң, адамгершiлiк өзара қатынастардың тәжiрибесiн жинақтайтын орын. Сабақта балалар өздiгiнен жұмыс iстеуге үйренедi. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшiн өз күш-жiгерiн өзгелердiң күш-жiгерiмен салыстыру, өз жолдастарын тыңдап, түсiнудi, өз бiлiмiн басқалардың бiлiмімен салыстыру, өз пiкiрiн дәлелдеу, бiреуге жәрдемдесу және оның жәрдемiне сүйенуi қажет. Тәрбиелiк жағынан алғанда мектепте оқылатын барлық пәндердiң маңызы бiрдей.
  • ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ
  • Сатиева Айнагуль Сейтжановна
  • Қарағанды облысы, «Шахтинск қаласы әкімдігінің №11 жалпы білім бері мектебі» КММ
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
    • Тема урока
    • Роль животных в природе и жизни людей.
      • IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  • ҚОРЫТЫНДЫ
    • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет