Құзырлы әдіс, оқытудың белгілі нәтижеге бағытталуы.
Құзыреттіліктер туралы айтқан кезде құзырет пен құзыреттілік деген түсініктерді нақтылап алу керек.
Құзырет – нақты өмірлік жағдайларда тиімді қызмет ету үшін адамның өз білімін, біліктілігін мен дағдыларын және сыртқы ресурстарды жұмылдыруға дайындығы; айқын емес жағдайларда әрекет етуге дайындығы.
Құзыреттілік – адамның тиісті құзыреттілікті иеленуі, қожа болуы, бұған біліктілік пен қызмет пәніне оның жеке қарым-қатынасы жатады.
Құзыреттіліктің маңызды ерекшеліктері бар: әрдайым пайдалануға дайын күйде «сақталатын» білім, біліктілік пен дағдылардан айырмашылығы, құзыреттілік оны іске асыру кезінде ғана, демек, жағдайға байланысты жауап беру кезінде ғана «жиналады».
Негізгі құзыреттіліктер тізімі әлеуметтік тәжірибе мен жеке басының тәжірибесін, сондай-ақ студенттердің өз бетінше білімін дамытуға қолданылатын негізгі қызмет түрлерін құрылымдық жағынан таныстыру негізінде анықталады. Біліктіліктің 3 негізгі түрі енгізілген А. В. Хуторскийдің классификациясын қарастырайық: 1) негізгі құзыреттіліктер: құндылық – мәнді, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-еңбектік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі, 2) жалпы пәндік құзыреттілік, 3) пәндік құзыреттілік.