Дәстүрлі технологиябілім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі, ол бүгінгі таңда да кең таралған (әсіресе орта мектепте). Оның мәні: жаңаны игерту – бекіту – қадағалау – бағалау сұлбасы бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама алынады. Осыған орай оқу-оқтудың басты әдістері ретінде 1) көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-әректтері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап және тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау, реттеу және түзету.