Аристотель, Конфуций, Платон сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп оны этикамен тығыз байланыста қарады . Олар саясатты адамдардың мақсат мүддесіне сай келуге адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты . Әдетте саясаттанудың негізін қалаушы данышпан ғалым Аристотельді атайды .Өйткені ол өз заманында лицей ашып сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып онда ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттейді . Дегенмен ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің түсінігіміздей ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты .Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп ,жалпыға ортақ игілікке ,әділеттілікке жетуді жеңілдету адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді .Сонымен бірге ол саясаттану мәселелерін этика ,фәлсафа мәселесімен қарастырды . Сонымен қатар саясаттану экономикалық теориямен де өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік – саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету, сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді.
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін керсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды Саясат билікпен байланысты болғанда реформалардың іске асуы жылдамдайды. Әсіресе, мемлекеттік билікке қол жеткізген топ өз саясатын елге тануға, оны мемлекеттік басқару органдарының қызметі арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Билікке қол жеткізе алмаған мүдделі топтар өз саясатын халық арасында насихаттаумен және билікке ықпал етуге тырысумен айналысады. Демек, саясат пен билік тәуелді байланыста. Билік мәселесі үнемі саясат мәселесіне, ал саясат мәселесі билік мәселесіне айналып отырады. Билік саясатты іске асырудың құралы. Саясат билікті жүргізудің, іске асырудың, ұстап тұрудың және билікті пайдаланып қоғамды өзгертудің жолдары, айла-тәсілдері және бағыт-бағдары. Саясаты жоқ ел мен халық болмайды. Сондықтан саясат адамзатқа тән жалпылық сипатқа ие жалпы адамзаттық құбылыс.ашылды. Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты,.Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылыФранцияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.
Саяси ғылым пәнін жан-жақты объективті түрде танып білу, осы ғылымның өзара бір-бірімен байланысты категориялары арқылы жүзеге асады. Бірде бір ғылым оның ішінде саясаттану ғылымы да тек өзіндік жеке категорияларға басқа қоғамдық ғылымдарға қарағанда кең және көлемді болып саяси институттарды саяси процестер мен құбылыстар саласын қарастырады. Категориялар-заттардың шын, объективтік адамдарға тәуелді болмайтын құбылыстары мен қатынастарын бейнелейтін идеялар, жалпы ұғымдар.
Саясаттануда оқытылатын заңдардың екі тобы бар:
Біріншісі- Саяси жүйелердің кез келген түрлері үшін ортақ заңдар
Екіншісі-Жүйелердің белгілі түрлеріне ғана тән арнайы заңдар.Ортақ заңдардың ішінде саяси билік түрінің әлеуметтік таптық қатынастар сипатына тәуелділері де, саяси және экономикалық билікпен өзара тығыз байланыстылары да бар. Арнайы заңдардан саяси жүйелердегі биліктер бөлігі мен бөлінісі,саяси биліктің заңдылығын тану сияқты елеулі түрдегі қажетті байланыстардың қалыптары көрініс табады.. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, əлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялықпайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық,натуралистік ,әлеуметтік және тиімді сыни деп бөлеміз .Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл – әлемдік тарихты өзіндік сипат пен жеке даму динамикасына тән жергілікті өркениеттер кезеңдерінен тұрады деп есептейтін тұжырымға негізделеді. Саясаттанудағы өркениетті тәсіл нақты қоғамның саяси ұйымын зерттегенде бірінші кезекте саяси өмірдегі өркениеттік, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қарастырады.Бұл тәсілдің пайда болуы орыс ойшылы Н.Я. Данилевский (1822-1855) еңбектерімен тығыз байланысты. Ол өзінің «Ресей және Еуропа» (1869) еңбегінде саяси ғылымда алғаш рет жергілікті мәдени-тарихи түрлері (өркениеттер) бар екенін теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Мәдени-тарихи түрлер бір-бірімен және сыртқы әлеммен үздіксіз күресте, бұл жағдайда қалыптасу, ер жету, қартаю және құлдырау сияқты табиғи дәуірлерді басынан кешіреді. Н.Я. Данилевский жеке, дербес құндылықтары бар 10 өркениетті көрсетеді. Әр мәдени-тарихи түрлер қоғамның саяси жүйесіне негіз болатын өзіндік идеалды, үлгіні қалыптастырады. Мінеки, осылай дүниежүзілік тарих өркениеттер мен оларға сәйкес саяси ережелердің кезекпен ауысып отыруынан тұрады.Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс.Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық – әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.Саясат – өркениетті адамзатпен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Ол түрлі топтардың мүдделерінің өзара бәсекелесу, текетіресу, бірін-бірі сынау алаңы іспеттес. Саяси идеялар, көзқарастар мен бағдарламалар негізінде саясат әлеуметтік қауымдастықтың игілігіне айналады. Ал әртүрлі топтардың мүдделері, мақсаттары мен құндылықтары саналуан болғандықтан, саясат та түрлі бағыттар мен жолдардан тұрады. Саясатта адамдар мен олардың көзқарастары, ұстанымы, мүдделері шешуші рөл атқарғандықтан ол субъективті құбылыс. Саясаттың болуы қоғамда орын алып отырған объективті факторларға байланысты.
XX ғ. Өркениеттік тәсіл неміс философы О.Шпенглер (1880-1936) мен ағылшын саясаттанушысы А.Тойнби (1889-1975) еңбектерімен әрі қарай дамытылды. О.Шпенглер өзіне тән саяси ұйымдары бар 9 жергілікті мәдениетті көрсетеді. Ал, А.Тойнби 21 кейінірек, 13 аймақтық мәдениетті көрсетеді. Өркениеттік тәсілдің негізгі элементтері неміс ғалымы К.Ясперс еңбектерінде де көрініс тапқан. Өркениеттік тәсілді қолдаушы зерттеушілердің пікірінше, әр жергілікті өркениет өз дамуында пайда болу, өсу, құлдырау және ыдырау, жойылу сияқты дәуірлерді басынан кешіруіне байланысты келесі бір өркениетке орын береді.
Қазіргі заманғы қоғамды саясат бірқатар функциялар атқарады және бірқатар мәселелерді шешеді
1. Қоғамның қабаттары мен топтарының ерекше қызығушылықтарын көрсету.
2. Туындаған қайшылықтарды рационализациялау және оны мемлекет пен азаматтарының өркениетті диалогы ағылына бағыттау.
3. Тұрғылықты жердігі түрлі адам қызығушылықтарына байланысты күш қолдану арқылы саяси процесстерді басқару және жетекшілікке алу.
4. Саяси дамудың тілділігін қамтамасыз ету.
Саясаттың ғылым ретінде қалыптасуына əсер еткен жағдайлар біріншіден, қоғамдық дамудың зандарының ашылуы жəне олардың саяси əрекеттерде басшылыққа алынуы. Екіншіден, əлеуметтік дамудың кез келген кезеңінде оның басты əлеуметтік күші тап болып есептеледі. Сол тап қана объективтік зандылықтарды өзінің практикалық қызметінде қолдана алады.Үшіншіден, саясаттың ғылым болуына ықпал ететін фактор – ол қоғамда нақтылы бір идеологияның бекітілуі жəне оның халық санасында орнығуы. Төртінші жағдай, ол саяси əректті жүргізетін ұйымдардың институттардың болуы. Ол үстем таптың ұйымы. Олай болса, осы ұйымдар таптың, жеке адамның мүддесін қорғау үшін белгілі ғылымға сүйену керек .
Қорытындылай келгенде, Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану баска да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.
Жаңа дəуір ойшылдарының идеялары олардың кейінгі саяси көзқарастар мен теорияларда көрініс тауып, жалпы əлеуметтік ой дүниесіне маңызы зор болды. Мəселен, Жан-Жак Руссоның саяси консепциялары Француз революциясы көсемдерінің іс əрекеттерінде көрініс тапты жəне оның əлеуметтік доктриналары Кант пен Гегельдің саяси концепциаларына іргетас қызметін атқарды. Жаңа дəуір ойшылдары жасаған мемлекетті түбірінен қайта өзгерту арқылы əділетті қоғамдық құрылысқа өту туралы ойлары көптеген жаңа бағыттардың пайда болуына түрткі жəне олардың көзқарастарына теориялық негіз болды. Əлеуметтік-саяси жүйе түгелдей өзгерді.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1 .Қуандықов. Е Саясаттану негіздері 2000 ж
2.Әбсаттаров. Р Саясаттану негізі 2018 ж
3.Сыдықов. Ұ Саясаттану 1996 ж
Сілтемелер :
https://kitaphana.kz/refkaz/238-sayasattanu/3120-saiasattany.html
https://melimde.com/referat-peni-sayasattanu-tairibi-sayasatti-tabifati-formasi-ma.html
Достарыңызбен бөлісу: |