Жоспар І. Кіріспе


♦ 3тарау. Өндірістің экономикалықтиімділігі



бет11/17
Дата14.12.2022
өлшемі254,5 Kb.
#57197
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
97 ♦ 3тарау. Өндірістің экономикалықтиімділігі


ҒТП-тің өндіріс тиімділігіне әсер ету нәтижесін, сонымен қатар еңбектік, материалдық және қаржылық ресурстардың әр түрлі бағыттағы өзгерістерінің өндірістің экономикалықтиімділігін көрсететін қорытынды көрсеткіштеріне тигізетін әсерін неғұрлым толық және дұрыс зерттеуге мүмкіндік беретін экономикалықталдау әдістемесінің кең таралмауы бұл мәселені тез шешуге мүмкіндік бермей отыр.
Өндіріс тиімділігі мәселесінің ерекше маңыздылығы: нақты өндірістің барлық құралдары мен элементтерінің тиімділік деңгейі мен көлемдерін дұрыс есепке алу және тал­дау қажеттіліктің көлемін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Өндіріс тиімділігі әрқашан нәтиженің, оны алу үшін жұмсалған шығындарға қатынасын білдіреді. Бұл тиімділікті анықтау сандық талдау және өлшеу әдістерін қолдануды талап ететіндігін көрсетеді, ал ол үшін экономикалықтиімділік өлшемі белгілі болуға тиісті.


2.6. Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері

Өндіріс тиімділігін анықтау үшін оның өлшемін, яғнимәнін ашып көрсететін бағалаудың басты белгісін анықтау дан басталады. Өндірістің экономикалық тиімділік өлше мінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған даму мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша кө бейту немесе жұмсалған шығындарды мүмкіншілігіне ка­рай аз жұмсау қажеттілігінен шығады. Мұндай мақсаттар ретінде өмір сүруді және түрақты өсуді камтамасыз ету, құрылымдықты қайта құру, әлеуметтік стратегия жәнет.с.с. түрлері болуы мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлілігіне қарамастан ең жоғары экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып, пайданың мол көлемін табуға ұмтылу мақсаттары үстем болып табылады.



Осыдан өндіріс тиімділігінің негізгі сандық өлшемі ре тінде жұмсалған капиталға шакқандағы пайданың жылдық мөлшері болып табылады:
Е = П х ЮО / К = (Б ӨҚ) х 100 / К,
мұнда: Е жұмсалған капиталға шаққандағы пайда мөлшері,%;
П жылдьщ пайда, теңге;
К пайда алуды қамтамасыз ететін күрделі каржылар, теңге;
Б өнім өндірісінің жылдық көлемі, теңге;
ӨҚ бір жылда шығарылған өнімнің толық өзіндік кұны, теңге.
Пайда мөлшерінің есептеп тапқан сандық мәндері капиталдың құрылымына, бағалардың деңгейіне, сұраныс көлеміне және басқа да факторларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Өндіріс тиімділігінің өлшемі ретінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың мөлшері кәсіпорынның дамуының әр түрлі нұсқаларын салыстыру үшін және нарықпен жалғыз ғана нұсқаны таңдау үшін де қолданылады. Қабылданған олшеммен шығындар және нәтижелердің негізгі сипаттамаларын керсететін өндіріс тиімділігінің нақты көрсеткіштері анықталады.
Экономикалық тиімділікті санмен өлшеудің кажеттілігі нәтиженің шамасын және оған қол жеткізуге кететін шығындарды анықтауға көмектесетін көрсеткіштер жүйесін кұруды талап етеді.
Шаруашылықты жүргізудің тиімділігінің қажетті деңгейін, сонымен қатар еңбектік, материалдық ресурстар мен негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігіндегі өзгерістердің қорытынды бағасын беруге мүмкіндік беретін өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштер жүйесін жасау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет