Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері



бет5/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Интеграциялық оқытудың мақсаты - білім беру шеңберінде жұмыс жасайтын әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Ал инклюзивті білім беру – әлеуметтік қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес оқытудағы білім беру шарттарын ұсыну және қол жетерлік сапалы білім алу. Сонымен қатар автор екі модельдің мақсатқа жетудің әдістері мен айырмашылықтарын ерекшелеген. Бірлесіп оқыту ұжым шартына сәйкес дамуында ауытқуы бар бала мен мұғалімнің (негізгі немесе көмекші) нақтыланған жұмыс жасауы.
В.В.Коркуновтың, Н.Н.Малофеевтің, Н.М.Назарованың зерттеу жұмыстарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы білім беру жүйесіне енгізу әрбір елдің нақты әлеуметтікмәдени шарттар мен саяси басқарушылардың еріктеріне байланысты жүзеге асырылатынын көрсеткен.
Р.Дименштейн және И.Ларикова интеграциялық оқытудың ең негізгі аспектісі - нақтыланған белгілі бір балаға дұрыс ұйымдастырылған білім беру бағытты деп көрсетеді. Бұл бағыт мектептің білім беру формасын ұйымдастыру процесіне емес, баланың қазіргі уақытта оқып жатқан сыныптың түріне, тобына байланысты. Инклюзивті оқытуда баланы бағыт бойынша жүргізуді әртүрлі жолмен жүзеге асыруға болады, бірақ әрбір кезең баланың бірлесу потенциалын жоғарлатуы қажет. Бірлесу потенциалын жоғарлатуға міндетті түрде мұғалімнің қайта даярлануымен және біліктілікті көтеру, ата-аналармен (қалпы және ерекше балалардың) арнайы жұмыстар жүргізу мен қалыпты дамитын балалармен психологиялық ағартушылық жұмыстар енгізіледі. Бұл ұйымдастырушы-ағартушылық және педагогикалық шаралар білім беру мекемелерінің интеграциялық потенциалын жоғарлатуға бағытталған.
Л.М.Шипицина мен Л.П.Назарова шет елдердің білім беруде 30 жылдық тәжірибесі бар тарихи дамуын талдай отырып жалпы білім беру процесіне мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялауға қажетті жетістіктерге жету үшін келесі шарттарды ерекшелетіп көрсетті:

  • жеке тұлғаның құқықтарын сақтай отырып демократиялық қоғамды құру;

  • жалпы білім беру мектеп шартында білім беруде ерекше қажеттілігі бар

балалар үшін өмірәрекетінде ерекше шарттар мен арнайы білім берудің тиімді қызметтерін құру, қажетті қаражатпен қамтамасыз ету;

  • интеграциялық процестің өрбуіне күштеп мойындату тән емес, жалпы білім беру мен арнайы білім беру жүйесінде көрсетілген білім беру мен коррекциялық қызметтердің кепілділігінің болуымен таңдауға еркіндік беру;

  • мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірлікәрекеттерімен қоғамның, оны

құрайтын әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаның (адамның) қатар өмір сүруге, интеграциялық үрдіске толығымен дайын болуы.
Н.Н.Малофеев және Н.Д.Шматко интеграция – бұл ерекше білім беруді қажеттенетін балаларды қарапайым мектептерге енгізу деген анықтама береді. Барлық зерттеушілердің зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқыту қазіргі таңдағы барлық дамыған елдер қатыстырылған дүние жүзілік процесс екенін атап көрсеткен.
Әдебиеттердегі «инклюзия» терминіне берілген анықтамаларға шолу жасайық.

  • Инклюзия - бұл барлық балалардың алуантүрлі қажеттіліктерін мойындау мен оған жауап қайтару үрдісі (Руководства по инклюзии: обеспечение доступа к образованию для всех) [66].

  • Инклюзия – бұл барлық азаматтардың ең бірінші, дене дамуында

ауытқуы бар баланың әлеуметтік ортаға қатысу санын өсу процессі [67].

  • Инклюзия – бұл қоғамға тәуелдену процесі (достарының арасында,

мектепте, өзі тұратын тұрғылықты жеріне) [39].

мектеп жасына дейін және мектеп жасындағы ұжымдарындарға толығымен қатыса алуы. Бұндай инклюзивтік мектептің міндеті – барлық балаларға толығымен әлеуметтік өмір жолына қатысуға, қоғамдық ортада, ұжымда дербес ат салысуға мүмкіндік бере отырып, қоғам мүшесі ретінде бір-біріне толығымен өзараәрекеттесуі мен көмек көрсетуді қамтамасыз ету .
М.В.Бородина инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың келесі қағидаларды ерекшелеп көрсетті:
• Жеке амалдар қағидасы топтағы әр баланың білім алудағы жеке
қажеттіліктерін ескере тәрбиелеу мен оқытудың амалдары мен әдістерінің формаларын таңдауға септігін тигізеді. Бұл баланың әртүрлі мүмкіндіктеріне сәйкес әр жасаралық топтарға енгізілуіне байланысты (денсаулығының күрделі шектеулі және ауырлығынының құрылымына негізделген).
• Тәрбиеаралық амалдар қағидасы даму бағдарламасын өзгерту немесе құруға және баланы топқа қабылдау кезіндегі амалдарды және пікір алмасуды ұйымдастыруда әр топтағы мамандар (логопед, дефектолог, психолог) жұмыс жасайды.
• Дамытушы ортаның нұсқаулық қағидасы әртүрлі ерекшеліктері бар
балаларды инклюзивті топтарға енгізуде дидактикалық оқулықтардың және білім беру құралдарының көптігі баланың дамуына қажет екенін болжайды.
• Білім беру бағдарламасын ұйымдастыру қағидасы математика мен тіл дамыту және т.б. пәндерден сабақты жүргізудің бағдарламасы арнайы коррекциялық бағдарламалар (зияты зақымдалған, психикалық дамуы тежелген балалрға арналған бағдарлама) ішінен оқыту мен тәрбилеу моделін базалық бағдарламаға енгізуді болжайды.
• Баланың дербес белсенділік қағидасы инклюзивті білім берудің жетістікке жетудің басты шарты - баланың дербес танымдық белсенділігімен қамтамасыз ету. Бұл үшін мектепке дейінгі бағдарламаларға қосымша дамытушы бағдарламалар енгізілуі мүмкін («Жас зерттеуші», ағылшын тілі, керамикалық шеберхана, жобалау қызметтері).
• Отбасылық-бағдарлау қағидасы отбасылық кеңес беру, отбасылық-бағдарлау психотерапия, бала-ата-ана топтарының негізінде отбасының дамытушы ортадан ажыратылмайтын бөлшегі ретінде қабылдауы психологиялық-педагогикалық құрылымдардың сүйелмелденуін болжайды.
Шет елдердің зерттеу тәжірибесінің қорытындысы ретінде инклюзивті білім берудің 8- қағидасын ұсынады :

  1. Адамның құндылығы оның мүмкіндіктерімен жетістіктеріне тәуелді емес;

  2. Әрбір адам сезе және ойлай алады;

  3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы және тыңдалуға құқықылы;

  4. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы және тыңдалуға құқықылы;

  5. Барлық адамдар өз құрдастарының қолдауы мен достығын қажеттенеді;

  6. Әр түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын дамытады;

  7. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж;

  8. Барлық оқушылар үшін прогресс жетістігі олардың білгенінде;

  9. Нағыз білім беру тек шынайы өзара қарым-қатынас контексінде болып жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет