Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері



бет14/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Дәріс 7
Тақырыбы: Көру қабілеті бұзылысын және көру қабілетінен айрылған балаларға педагогикалық-психологиялық сипаттамасы
Жоспар:

  1. Көз мүкістігінің негізгі клиникалық формалары және оларды қалпына келтіру әдістері

  2. Көзінде мүкістігі бар балалардың психикалық дамуының негіздері

  3. Көзінде мүкістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу негіздері

1. Көз мүкістігінің негізгі клиникалық формалары және оларды қалпына келтіру әдістері


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде 10 млн. астам соқыр адамдар бар. Соқырлықтың таралуы салдарынан соқыр балалардың саны азаяр емес. Ресейде соқырлықтың себептерін зерттеу жұмыстары 19 ғ. 80-шы жылдарында басталды және Долганов (1893), Скребицкий, Головин және т.б. есімдерімен байланысты. Соқырларды оқыту тифлопедагогикасының негізін салушы француз педагогы, Франция мен Ресейдегі соқырларға арналған алғашқы білім беру мекемелерін құрушы (соның арқасында соқырларға жүйелі түрде білім беріле бастады және оларға қоғамның толық мүшелері ретіндегі адамгершілік көзқарас қалыптасты) В.Гаюи (1745-1822).
Тифлопедагог, соқырларды оқыту жүйесін өзгерткен жаңа жасалымның авторы Л.Брайль (1809-1852) 3 жасында көзінен айырылды. Алты нүктелік қисындауға негізделген оның бедерлі жазу жүйесіне соқыр адамға жазуға және оқуға мүмкіндік беретін әріптік, математикалық және басқа да символдар енгізілген. Брайль әдісі бойынша кітаптар 1852 ж. Францияда басыла бастады, Ресейде алғашқы кітап 1885 ж. шығарылды.
Тифлопедагогиканың дамуы М.И.Земцов, Л.И.Солнецев, Р.С.Муратов, И.С.Моргулис сияқты ғалымдардың есімдерімен байланысты.
Соқырлық туа біткен және жүре иеленген болуы мүмкін.
Туа біткен соқырлықтың пайда болуына ұрықтың құрсақішілік дамуы кезіндегі зақымдануы немесе ауыруы, болмаса көздің кейбір мүкістіктерінің тұқым қуалаушылық салдары себеп болады.
Жүре иеленген соқырлық әдетте көз органдарының – ішкі тор қабығы, мүйізгек қабығы ауруларының, ОЖЖ ауруларының (менингит, ми ісігі), организмнің жалпы аурулары асқынуларының (қызылша, тұмау, қызамық), мидың немесе көздік жарақаттануларының нәтижесі болып табылады.
Көз талдағышының үдемелі (патологиялық процестің әсерінен көру қызметтерінің бара-бара нашарлауы) және үдемелі емес (астигматизм – көздің сыну қабілетінің нормадан ауытқуы, фокустықнүктенің жоқтығы, катаракта – көзбұршақтың бұлдырлануы) бұзылыстары болады.
Соқыр туылғандардың психикалық дамуының көзі көретін балалардікіндей заңдылықтары бар, бірақ көзбен шолып бағдарлануының жоқтығы қозғалу аясына, әлеуметтік тәжірибесіне көбірек әсер етеді. Соқыр адам көзі көретіндердің алғашқы жылдарындағыдай дыбыс қоздырғыштарына әрекет етеді, бірақ соқыр үшін дыбыс бағдарланудың негізгі факторы болып табылады. Көзінің зақымдану ауырлығына қарай соқырларды екі категорияға бөледі:
Соқырлар (көзі көрмейтіндер) – бұл категорияға жататын соқырлар жарықты сезеді немесе жартылай көре алады (көзілдірік тағатын көзінің жітілігі 0,04 дейін), сондай-ақ көзі прогредиентті ауруларға шалдыққан және көздің жітілігі 0,08 бола тұра көзбен шолу өрісі 10-15 градусқа дейін жетеді. Көру қабілетінің бұзылу дәрежесіне қарай көзі көрмейтіндер көзбен мүлде қабылдай алмайтын екі көзі толық көрмейтіндерге немесе жарықты сезетін болмаса жарықты, түсті, заттардың кескінін қабылдауға мүмкіндік беретін қалдықтық көру қабілеті бар соқырларға бөлінеді.
Әлсіз көретіндер – мұндай адамдардың жай көзілдірік таққанда жақсы көретін көзінің жітілігі 0,05- 0,2 құрайды.
Өтемдеп қайта өзгерту көздің мүлтіксіздігіне байланысты, көру қабілетінің тіпті мардымсыз қалдықтары көздерінің ауыр мүкістіктері бар адамдардың бағдарлануы және танымдық жұмыс жасауы үшін маңызды. Л.С.Выготский байқағандай, соқырлардың қашықтықтағы заттарды байқауға мүмкіндік беретін алтыншы (жылу) сезімі болады. Соқырлықты өтемдеу деп тұтас психикалық білім беруді, балаға сыртқы әлемді барабар және белсенді білінуін қамтамасыз ететін сенсорлық, моторлық, ой өресілік құрамдауыштар жүйесін атайды.
2. Көру қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуының негіздері
Соқыр туылғандардың ең жоғарғы танымдық процестері қалыпты дамиды. Сонымен бірге сезу, ой өресілік қызметтердің әрекеттесуінің бұзылуы абстрактілі ойлаудың дамуы басым болатын ойлағыштық қызметінің ерекшелігінде білінеді.
Түйсіктер – көзбен қабылдау қызметтері азаяды және әлсірейді. Есту қабылдауының кеңістікте бағдарланудағы маңызы зор. Кеңістік қасиеттері көзбен шолу емес, түйісу арқылы ажыратылады. Тері- бұлшық ет және қозғау талдағыштары бірлесіп жұмыс істеген жағдайда кеңістікті сезу арқылы қабылдауға болады, арнайы әдіспен оқытудың нәтижесінде соқыр балалардың кеңістік белгілерін (пішінді, көлемді) және кеңістік қатынастарын сезу арқылы қабылдау қабілеті жетіледі.
Елестер – бала қаншалықты кеш көзінен айырылған болса, оның соншалықты ауызша суреттеу арқылы қайта жаңғыртуға болатын көзбен елестету көлемі жоғары болады.
Сөйлеу – еліктеу қызметі мүмкіндіктерінің шектелуінен, танымдық процесінің қысқаруынан, қозғау аясының даму мүмкіндігінің азаюынан сөйлеу құралдарын жинақтауда сөйлеу дағдыларының бөгеліп қалыптасуынан білінуі мүмкін. Көзінде мүкістігі бар балалардың тіл мүкістігі түрінлегі сөйлеу қабілеттерінің бұзылған балалардың саны қалыпты көретін балаларға қарағанда 2 есе артық.
Ойлау – объектілер арасындағы мәндік байланысты анықтау қиынға түседі. Көрнекі-бейнелі ойлау қабілеті толық дамымаған, нақты-түсініктік ойлау қабілеті өзгеше (математика пәні бойынша туындайтын қиындықтар).

3. Көзінде мүкістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу негіздері


Тифлопедагогика – (грек тіл. соқыр) көзінде мүкістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым, жалпы педагогиканың бір бөлігі, дефектология бөлімі.
Мектепке дейінгі мекемелер – соқыр, әлсіз көретін балаларға, оған қоса қыликөзді және амблиопиясы бар екі жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған. Мақсаты: көзінде мүкістігі бар балаларды тәрбиелеу, балалар көздерінің бұзылған қызметтерін емдеу, мүмкін болса қалпына келтіру және дамыту, оларды мектепте оқытуға дайындау. Әлсіз көретін балаларға арналған балабақшаларға көзілдірік таққанда көз жітілігі 0,05-0,4 құрайтын балалар қыбалданады. Амблиопиясы бар және көзі қыли балалар олардың жеке ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі мекемелерде бір жыл және одан жоғары мерзім бойы тәрбиеленеді. Соқыр және әлсіз көретін балаларға арналған жалпы білім беру мектептері үш сатыдан құралады: 1 – бастауыш мектеп (1-4), 2 – негізгі, толық емес орташа (5-10); 3 – орта мектеп (11-12).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет