Дәріс 2
Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жүйесіне тарихи шолу
Жоспар:
Инклюзив ұғымына сипаттама
Инклюзивті білім беру жүйесіне үлес қосқан ғалымдар
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқытудың тарихи кезеңдері
М.В.Бородина бойынша инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың қағидалары
Мүмкіндігі шектеулі адамның дербес өмір сүруі мен дербестік концепциясы - инклюзивті білім берудің мазмұны мен мақсатын қалыптастыруға мүмкіндік беруімен анықталады. Педагогикалық концепция әлеуметтік феномологиялық тұғыры (сонымен қатар жеке оқыту құрылымында) К.Молленхауердің, Т.Томастың, Э.Гофманның еңбектерінде қарастырылған. Педагогикалық тәжірибедегі феноманалогиялық бағытты – белгіленген әлеуметтік уақыт кеңістігіндегі және тілдік ортадағы баланың өмірлік сезім тәжірибесімен оның табиғи болмысымен көрініс табады. Бұл мүмкіндігі шектеулі баланың өмірлік әрекетінің даму ортасына инклюзивтті оқыту ортасын ұсынуға қолайлы .
Л.С.Выготский дамуында ауытқуы бар балалардың қалыпты дамыған балалардан, яғни қоғамдық ортадан шектелмейтіндей білім беру жүйесін құру керек екенін айтты. Ол арнайы мектептердің жетістіктерімен қоса негізігі кемшілігін көрсетті. Ол өздерінің тәрбиеленушілерін – естімейтін, көрмейтін немесе ақыл-ойы кем балалардың мектеп ұжымының ішінде тұйықталған ортаны құрып, өз бойындағы жетіспеушілігіне көңіл аудартып, оның шынайы өмірге бейімделуіне кедергі келтіреді. Арнайы мектеп ауытқуы бар балаларды бөлектенген ортадан шығарудың орынан, керісінше балада оңашалануға ұмтылу дағдыларын дамытады. Сол себептен Л.С.Выготский дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеудің міндетті - баланы өмірге кіріктірудің немесе бойындағы ауытқуды компенсациялаудың басқа да жолдарын іздестіру керек деп есептеді. Л.С.Выготский мұндай мәселелерді шешуде бала бойында пайда болатын сапалық өзгерістерді өзі өмір сүрген ортаға және сыртқы жағдайға бейімдеу заңдылықтарына сүйене отырып шешуге болады дейді. Өйткені мұндай заңдылық қалыпты дамыған балалар мен кеміс балалардың дамуында бірдей. Сондықтанда ол компенсацияны биологиялық тұрғыдан емес, әлеуметтік аспектіде алады. Осыған орай Л.С.Выготский ең бірінші интеграциялық білім беруді енгізді.
ХІХ ғасырдың бірінші жарты жылдығында қалыпты балалар мен көруінде, естуінде ауытқуы бар және ақыл-ойында ауытқуы бар балаларды біріктіріп оқыту идеясы еуропалық мұғалімдер қызметтерінде алдыңғы қатар да болды (Франция, Германия, Австрия және т.б.). Біріктіріп оқытудың тиімділігін озық педагогикалық қоғамы бірнеше дәлелелдер көрсетті: дамуында ауытқуы бар балаларға арналған (естімейтін және көрмейтін) арнайы мекеменің аз болғандықтан, бұндай балаларды тереңірек оқытуға мүмкіндік береді; жабық мектеп-интернат шартында оқитын балалардың отбасының тәрбиелік потенциалын қолдануға мүмкіндік береді (В.А. Егер); дамуында ауытқуы бар балалар үшін мектеп-интернатты немесе жеке меншік мекеме мен отбасы арасында жиі құпия болып қалатын, яғни дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту тәжірибесінде ерекше жалпыға бірдей және тиімді амал-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді. Дамуында ауытқуы бар балаларды дәстүрлі мектеп шартында оқыту - баланың қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауын жаттықтыру мен байланыс орнату мүмкіндігі ретінде қарастырылды.
Манчестер университетінің профессоры Питер Миттлер мүмкіндігі шектеулі баланың қандайда жағдайына, денсаулығына қарамастан білім алу керек екенін айтқан «Әрбір мемлекеттің негізі міндетінің бірі - ерекше қажеттілігі бар балаларды білім берумен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл әрбір адамның өзінің әрекеттерін талап ететін және оған қатысты болуын сезіне білетін нақты инклюзивті қоғамды құруға қажетті шарттар. Біз әрбір балаға, оның қажеттілігі мен жағдайына қарамастан, өзінің мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайда келтіріп, оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруіміз қажет» .
Дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беру жүйесінде оқытудың технологиялары мен әдістерін мұғалімдерге арнайы курстар өткізу арқылы дайындық сапаларын жоғарлату қажет. Бұл мәселені неміс педагогы 1829 жылы Фридрих Х.К. Шварц «Үш томдық тәрбие теориясы» еңбектерінде жазды: «Естуінде және көруінде ауытқуы бар балаларға арналған жақсы арнайы мекемелер бар және оның дәл осы уақытта алға ұмтылудың басты қадамы олардың жетістіктерін дәстүрлі мектептерге қоса отырып жандандыру» (Цит. бойынша Ellger-Ruettgardt S.L. Geschichte der Sonderpaedagogik, 2008, 109 бет). Сол уақыттарда естуінде және көруінде ауытқуы бар балаларды жалпы білім беру мектептерінде арнайы дайындалған мамандар жұмыс жасаса, онда арнайы мектеп-интернатынан қарағанда көп шығынға түспейді деген болжамдар жасалған. Бұндай дайындық тәжірибесі Саксония пруссиялық провинцияда атақты болды. Эрфурте және Хальберштад қалаларында, кейінірек Магдебург және Вайсенфельсе (Германия) қалаларында есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернатты (институтты) алдында дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін 2 жылдың ішінде (1832-1834) 100 семинар өткізілді.
Еуропа елдерінде ақыл-ойы кем балаларды жалпы дәстүрлі мектептерге (кедейлерге арналған мектеп) біріктірудің бірнеше факторлары болды. Шет елдердің педагогикасында интеграция - бұл экономикалық, әдістемелік, дидактикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы үрдістерімен қамтамасыз етілуімен және қолдау көрсетуімен қалыпты дамымаған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп өмір сүруі мен білім алу мүмкіндігі ретінде қарастырады. Педагогика ғылымында интеграция ұғымына мынадай сипаттама береді: «Әр баланың мүмкіндігі мен қажеттілігінің ерекшелігіне және ортақ коммуникативтік кеңістігіне қарамастан барлық балалар бірдей деңгейде білім алады, ойнайды, жұмыс жасайды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жас өспірімдердің бірлескен білім беру процесіне белсенді қатысуы мен жетік дамуы үшін арнайы шарттар ұйымдастырылады».
Францияда дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы дәстүрлі мектептердегі білім алуының жемісті болуы білім беру министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған бәріне танымал А.Бланше тәжірибесі болды.
Жалпыға міндетті және қатаң білім берудің енгізілмей тұрғанға дейін біріктірп оқыту тәжірибесі жүргізілді. Бірақ, ХІХ ғасырда еуропа елдеріне біртіндеп енгізіле бастауы 40-50 жылдарының өзіңде бастауыш сыныптарда міндетті білім беру заңына сәйкес қарапайым мектептер мен сыныптардың (сыныптар негізінен 80 адамға есептелген) толықтыруларына және көбеюіне себепкер болады. Бұндай оқытудың шарттары оқуында қиындықтары бар, ақыл-ойы кем, шын мәнінде жеке қарауды қажеттенетін, естуінде және көруінде ауытқуы бар балалар үшін қолайсыз болып келеді. Сондықтанда міндетті бағдарламамен берілген білімді игере алмаған дамуында ауытқуы бар балаларды осы мектепте ұйымдастырылған қосымша сыныптарға немесе арнайы мектептерге (интернаттарға) жіберіледі, мұндай категориядағы балаларға арналған оқытуды ұйымдастыру белсенді және біруақытта жалпы мектептердегі қиын балалармен жұмыс жасаудан босатуды қарастырады .
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ-ғасырдың екінші жартысына дейін педагогика ғылымы біріктіріп оқытуды ескермейді. Әлемдік білім беру жүйесі бұл кезеңде өз құрылымында шеттетілген ішкі жүйені, яғни мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жалпы мектептің білім беру жүйесінен жеке және дифференциялданған арнайы білім берудің ұлттық жүйесі құрастыра бастайды.
Интеграцияның жаңа формасы тек ХХ-ғасырдың екінші жартысында шет елдерде пайда бола бастады. ХХ ғасырдағы технологиялық және ақпараттық революцияның 70 жылдардың либеральды-демократиялық реформалармен сәйкес келуі экономикалық жағдаятты көтеруге мүмкіндік туғызып, жалпылама, арнайы, гуманитарлық инновациялық теория мен технологиялық идея ретінде педагогикаға енуіне, сонымен қатар білім беру жүйесіне экономикалық және интерактивтік тұғырында тәжірибелік және теория ретінде енгізіп жүзеге асыру.
Мүмкіндігі шектелген балаларға қатысты әлеуметтік саясат тұғырында заңды түрде бекітілген скандинавия елінің интеграциялық үрдісті тарқатуда «нормализациялау» концепциясын (Н.Э.Бенк-Миккельсен – 1959; Б.Нирье – 1968) ұсынуы басты рөл атқарды. Оның негізі идеясы – халықаралық құқықтық актіге («Адам құқығы туралы декларация» және т.б.) сәйкес мүгедек адамдардың өмірін әлеуметтік шарттарда нормализациялау болып табылады. Нормализациялау аспектілерінің бір саласы - инклюзивті білім беру болып саналды.
Экономикалық, технологиялық және ақпараттық мүмкіндіктері дамыған Европа, Япония, США елдерінде инклюзивті білім берудің пайда болуымен оны жүзеге асыруға ықпалын тигізеді. Демек, оларда арнайы білім беру жүйесінің болуымен, жалпы білім беру мекемелеріне арнайы білім беру жүйесін енгізу, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға максималды қолжетерліктей қалалық инфроқұрылымын құруға мүмкіндіктері бар екенін сөзсіз айтуға болады.
ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап-ақ АҚШ, Япония европалық елдерімен (Скандинавиялық елдерде) қатар (параллель) жүргізілетін біріктіріп оқытудың жолдары іздестіріле басталды. Егер Скандинавия елінде тәжірибелік және нормативті жолымен жүзеге асырыла басталса, онда АҚШ-та да оны жүзеге асырудағы педагогикалық іздестірілуі мен эксперимент жасаудан алдыңғы қатарда болады. 1962 жылдан бастап АҚШ-та «басты қажеттіліктің бірі - специфика» принцип бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мекемелерінде оқи алу мүмкіндіктерінің жоғарғы жетістікке жетуі қарастырылған арнайы білім берудің M.C.Reynolds бағдарламасын басып шығарды .
1975 жылы АҚШ мемлекетті барлық анамольды балалардың «интеграциялық білім» (Р. L. 94-142) білім алуы туралы заң қабылданды. Бұл өте ұзақ және күрделі үрдіс болды. Демек, қоғамның оңашаланған (сегрецияланған) мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамға енгізуін мойындау мен қолдау. Демократиялық тенденцияның әрі қарай бұл бағыт бойынша дамуы тек интеграциялық идеяны ғана емес сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға қарасты өзекті мәселелерді және «ортақ топта» (mainstriming) оқытуға бағытталған арнайы білім беруге сәйкес интеграциялық үрдістің дамуына септігін тигізді.
АҚШ пен Еуропаның білім беру жүйесінде бірнеше амал-тәсілдер дамыды: мэйнстриминг, интеграция, инклюзия. Мэйнстриминг білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар мерекелік шараларда, бос уақыттарына арналған әртүрлі бағдарламалар арқылы құрбы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды.
Жоғарыда қарастырылған мағлұматтарға сай жалпы білім беру жүйесіне дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту тарихын келесі этаптарға бөлуге болады:
ХХ ғасырдың басымен – 60 жылдардың ортасы – «медициналық модель» сегрегация.
60-жылдардың ортасы – 80 жылдар - «нормализациялау модель» интеграция.
80- жылдардың ортасы — қазіргі таңда — «біріктіру модель» біріктіру деп аталады.
ХХ-ғасырдың 80-жылдардың басында американ зерттеушілері интеграцияны енгізудегі «кампании» («науқандар») принциптерін қолдануға рұқсат етілмейтінің ерекшелеп көрсетті: мүгедек-баланы оқытатын жалпы мектептің мұғалімнің арнайы дайындығының болмауы қылмыстық жағдаят ретінде қаралуы тиіс. ХХ ғасырдың 80 жылдарында АҚШ-тың жалпы мектептегі әдістемелік және дидактикалық, ұйымдастырушылығының маңыздылығы білім беру жүйесіндегі педагогика ғылымында интеграция «дұрыс» терминологиясының орынына біріктіріп оқытудың жағдаяттың таңбалаушы жаңа ұғымның пайда болуы мен оны қолдануға (түзетуге) септігін тигізді: inclusion – бұл жаңа халықаралық құжаттардың арқасында бүкіл әлемге түбегейлі таралып барлық дамыған елдер үшін басқарушы қызметі ретінде қалыптасты .
1994 жылы Испания мемлекетінде Саламанка қаласында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың білім алуына «Саламандық декларациясы» қабылданған. Бұл құжатты Дүниежүзінің барлық мемлекеттері ат салысты. Аталмыш құжатта
барлық адамдардың білім алуына тең құқылы екендігі жайлы, ерекше қажетттілігі бар тұлғаларға арнайы білім алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылған. Олар:
әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға;
білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпы мектептерде оқуға;
инклюзивті білімді ұйымдастыру бағыттында жалпы мектептерде дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы;
жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру;
арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б.
Білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру жүйесіне енгізуде экономикалық, ұйымдастырушылық және педагогикалық шарттардан басқа жаңа ортада баланың өзін қолайлы сезінетін психологиялық комфорт қажет екенін Л.П.Борова, А.А.Дмитриева, Д.Н.Исаева зерттеулерінде дәлелденіп көрсетілген [20,24 -54].
Л.М.Шипицына [32] өз зерттеу жұмыстарында әлеуметтік және педагогикалық интеграцияның формаларын бөліп көрсеткен. Бірінші форма мүмкіндігі шектеулі баланың біріктірілген білім беру ортасының шеңберіндегі жалпы әлеуметтік қатынас жүйесіне бейімделуі. Педагогикалық интеграция дамуында ауытқуы бар баланың жалпы оқу жоспарына сәйкес оқу материалдарын меңгеру қабілеттілігін дамуын қалыптастыруды қарастырады.
Е.Асанованың пікірі бойынша мүгедек бала- әлеуметтік адамдар катеориясы ретінде әлеуметтік-психологиялық көмек пен қолдау көрсетуді қажет етеді. Ең бастысы, мүгедек бала өзінің проблемасын дербес шешімін таба алу. Бұл мәселені шешудің бір жолы – мүгедек балалардың қалыпты деңгейдегі ортамен, әртүрлі профильдегі мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар және басқарушы құрылымдармен байланыста болуын дамыту болып табылады.
А.В.Мудриктің анықтамасы бойынша адам қоғамдық ортада өзін—өзі дамытумен, өзінің белсенділігін жүзеге асыруымен қатар бір мезгілде әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарын меңгергенде ғана қоғамның толыққанды мүшесі болады [55].
Жалпы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға кіріктіруде туындаған проблемалар біріншіден, бала бойындағы психикалық және дене дамуындағы ауытқушылыққа, екіншіден, мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның әр мүшесіне қатаң қойылатын әлеуметтік қатынас жүйесін жүзеге асыруға шамасының келмеуі, үшіншіден, қоғам мүшелерінің негативті көзқарас танытуына негізделген.
Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға кіріктірудің екі амалы бар. Бірінші амал, мүмкіндігі шектеулі тұлғаның қоршаған ортадағы жағдайға бейімделуі. Бұл амал бір жақты болғандықтан күтілетін нәтижеге қол жеткізе алмайтыны сөзсіз, өйткені жеке тұлғаны әлеуметтендіру – екі жақты үрдіс. Бұл үрдісте мүмкіндігі шектеулі бала интеграциялаудың объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді қатысушы ретінде үрдістің субъектісі болып табылады. Екінші амал, мүмкіндігі шектеулі тұлғаның қоғамдық ортаға кіріктіруге дайындаумен қатар қоғамның мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға даярлайды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға кіріктіруде әлеуметтік жеткіліксіздігі мен өмірлік қызметіндегі шектеушілігінен көрініс табатын әлеуметтік салдарды ескеру қажет. Өмірлік қызметінің шектеушілік сөзінің мәнінде келесі қабілеттіліктерінің төмендігін көрсетеді:
өзін-өзі ұстай алу қабілеттілігі;
қоршаған адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеттілігі.
Әлеуметтік жеткіліксіздік – бұл мүмкіндігі шектеулі тұлғаның «әлеуметтік рөльдерді» орындау қабілетінің бұзылуы. Дегенмен, өмірлік қызметінің шектеушілігі мен әлеуметтік жеткіліксіздігі ауытқушылықпен байланысты емес, керісінше, әлеуметтік жағдай, қоғамдық норма, мүгедек тұлғаға қоғамның көзқарасы мен жеке тұлғаның бейімделу деңгейімен анықталады.
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға кіріктірудің негізгі факторының бірі - қоғамды мүгедек баланы қабылдауға даярлау болып табылады. Мұндай дайындық мемлекеттің негізгі құқықтарына сәйкес интеграциялауға тиімді жағдайларды белгілейді, дамуында ауытқуы бар балалардың қоғамдық ортаға бейімделуі мен дамуына қалыпты деңгейдегі қоғам мүшелерінің оңды қатынасын қалыптастыруды қарастырады.
Мүгедек баланы қоғамға кіріктіру – мүгедек баланың белсенді қатысуымен және қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін және оларға қажетті шарттарды қамтамасыз етуін ескере отырып қоғамның әлеуметтік тәжірибені меңгерту үрдісіне бағытталған, нәтижесінде дені сау балаға тән барлық әлеуметтік жүйеге, құрамына, әлеумет пен өзара қатынасқа енгізу, жасына және жынысына сәйкес қоғамның қызметі мен өмірдің негізгі бағыттарына белсенді қатыстыру, өзінің толық іс-әрекетін жүзеге асыруы мен жеке тұлға ретінде танылуы үшін толыққанды өмірге даярлау [56].
Әлеуметтік бейімделу әлеуметтендіру мен интеграциялаудың негізгі механизмі болатын өмірдегі өзгерістерге адамның икемделу қабілеттілігі. Әлеуметтік бейімделу түрлі қызметтерде (ойын, қарым-қатынас, оқу, еңбек) және адамның санасына байланысты жүзеге асырылады. Оқыту барысында барлық әлеуметтік бейімделудің барлық түрін енгізу қажет: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік орта, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік педагогикалық.
Осының негізінде Л.М.Шипицина өз зерттеулерінде зияты зақымдалған балаларды әлеуметтік ортаға жемісті кіріктірудің ең басты жолдарының бірі - баланың кіріктірілген әлеуметтік ортадағы адамның көзқарасын өзгерту керек екенін дәлелдеп көрсеткен.
Шет елдердің зерттеу жұмыстарында қалыпты деңгейдегі тұлғаның мүмкіндігі шектеулі балаға жағымсыз қатынаста болатынын және қалыпты деңгейдегі адамның дамуында ауытқуы бар балаға үстемдік көрсететінін дәлелдеп көрсеткен. Кейбір зерттеу жұмыстарында дені сау тұлғаның науқасқа қарама-қайшы қатынаста болуы: бір жағынан қабылдамауымен тіпті өшпенділік, екінші жағынан – жан ашуы мен сүйіспеншілік білдіруі. Мұнын мәні мүгедек баланы әлеуметтік ортаға кіріктірудің мүмкіндіктері бар екенін айтты.
Л.М.Шипицанын [56] көзқарасы бойынша, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық ортаға кіріктіруде келесі мәселелер қарастырылуы керек:
дамуында ауытқуы бар баланың жеке тұлғасына әлеуметтік ортаның және қоғамның әсер етуі;
дамуында ауытқуы бар баланың осы үрдіске белсенді қатысу;
қоғам мүшелеріне қойылатын талаптардың мүмкіндігі шектеулі баланың меңгере алуы мен жүзеге асыруына шамасының келмеуі, демек әлеуметтік қатынастар жүйесі мен қоғамның өзің жетілдіру қажет.
Интеграция сөздігімен қатар кеңестік арнайы педагогикада қалыпты балалар мен дамуында ауытқуы бар балаларды біріктіріп оқытуда бірнеше терминдер бар. Жиі – «инклюзивті оқыту» термині қолданады. Бұл терминдер дефектологтар Л.С.Волкова [57], А.А.Дмитриев [20], Н.Н.Малофеев [58], Н.М.Назарова [59], М.И.Никитина [60], Л.П.Уфимцева, Н.Д.Шматконың [61] жұмыстарында орын алады.
Б.П.Пузанов [62] «Инклюзивті білім беру жүйесін – бұл қалыпты деңгейдегі балалармен жалпы білім беру мектептерінде психофизиологиялық дамуында әртүрлі ауытқушылығы бар балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеу» деген анықтама берсе, М.И.Никитина [60] «инклюзивті білім беру» терминіне мынадай сипаттама береді: «педагог-мамандар дене және психологиялық дамуында ауытқушылығы бар балаларды қалыпты балаларды біріктіріп оқытуда арнайы әдістерді пайдалану».
Дегенімен, қазіргі уақытта білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытуды білдірудің синонимі ретінде мамандардың жиі қолданатын «инклюзивті білім беру» мен «интеграциялық оқытудың» мәнді айырмашылықтары бар. Инклюзивті білім беру мен интеграциялық оқытудың айырмашылықтарының критерилерін отандық зерттеушілері де Р.А.Сүлейменова, А.А.Байтурсынова [9-63] анықтап көрсетті.
Саламандық декларацияда (1994) «инклюзия» - бұл білім беруді дамытудағы басты бағыт деп есептеген. Инклюзивті білім беру жүйесінің ерекшелігі әрбір баланың қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай бейімделуге міндетті, бірақ жалпы білім беру мектептерде біріктіріп оқытумен қатар кейбір балалар арнайы мекемелерде білім алады. Жоғарыда аталған халықаралық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде тоқсаныншы жылдары білім беру жүйесінде «инклюзия», «инклюзивті білім беру», «инклюзивті амал» бағыттары дами бастады.
Джон Хопкинс университетінің доценті Маргарет Кинг-Сирс мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқыту шартына енгізуде оқыту процесіндегі пәндерді өткізудің тиімді амалдармен қамтамасыз етеді. Біріктіріп оқыту - бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға мынадай мүмкіндіктер береді:
Ағаларының, апайларының, тіпті көршілері оқитын мектепке барады;
Өзімен жасты құрдастарымен бір сыныпта отырады.
Оқу қызметтік мүмкіндіктер мен олардың қажеттілігіне сәйкес жекелік қарым-қатынасы бар;
Қажетті көмек көрсетулермен қамтамасыз етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |