ерте түзету арқылы біріктіру. Олардың пікірінше ерте жастан (өмірінің алғашқы жылынан бастап) анықтау мен түзету жүйесін құру, оның негізінде дамуында ауытқуы бар баланың психологиялық және дене дамуын жалпы білім беру жүйесіне «кіріктіруге» мүмкіндік беретіндей деңгейге жеткізу;
жалпы білім беру жүйесіне кіріктірілген әр балаға міндетті түрде түзету арқылы көмек көрсету;
жалпы білім беру жүйесіне балаларды таңдау арқылы кіріктіру.
А.А.Дмитриевтің айтуы бойынша мұндай амал жалпы білім беру жүйесіне енгізілген мүмкіндігі шектеулі бала міндетті түрде арнайы көмек алғандықтан, арнайы білім беру жүйесіне қарама-қайшы болмайды, ішкі жүйенің альтернативті бір формасы ретінде жүзеге асырылады. Оның міндетті жалпы және арнайы екі білім беру жүйесін қосу.
Мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру жүйесінде білім алуының тиімділігін А.Льюисаның, Е.Андерсонның еңбектерінен көруге болады. А.Льюиса (1970) жүргізген зерттеу жұмыстарында жалпы білім беру мектептеріндегі арнайы сыныпта білім алатын зиятында ауытқушылығы бар балалардан гөрі арнайы мектептегі балалардың өздерін жақсы сезінеді, бірақ жарты жылдан кейін арнайы мектептің түлектері жалпы білім беру мектептеріндегі арнайы сыныбында оқыған балаларға қарағанда ұялшақ, жасқаншақ болатынын көрсеткен. Себебі арнайы мектептегі оқушы оңашаланған мекемеде білім алғандықтан, әлеуметтік ортадағы құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгермегендіктен әлеуметтік ортадан тысқары қалып қояды.
И.Бшара арнайы мектеп және жалпы білім беру мектептеріндегі арнайы сыныпта оқыған зияты зақымдалған балалардың бір жылдан кейін әлеуметтік ортаға кіріктіру деңгейін салыстырған. Жалпы білім беру мектептің арнайы сыныбында білім алған оқушылар әлеуметтік ортаға жемісті кіріктірілгенін және баланы әлеуметтік ортаға кіріктіруде кәсіби еңбектің маңызы бар екенін көрсеткен. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға кіріктіру қоғамның мұндай адамдарға деген қатынасынан, қоршаған ортаның ақпараттану деңгейіне негізделген [36].
Демек, әр қоғам мүшесі мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға кіріктіруді қабылдауы мен мойындауы - бұл барлық қоғамды қайта тәрбиелеудің күрделі және ұзақ үрдісі. Инклюзия - дүниені танудың бір бөлігі болатын, ерте жастан жаңа ұрпақты тәрбиелеу. Оның негізгі мәні – мүмкіндігі шектеулі баланың өмір әрекеті мен еңбек қабілеттілігі қоғамның ережелері мен жағдайларына бейімделмейді, керісінше, дамуында ауытқуы бар баланың мүмкіндіктерін қоғам түсінетін және есепке алатын қоғамның қажетті талаптармен қамтамасыз ету.